Сызықтық емес оптика. Лазерлер. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомдық және кванттық физика

Сабақ тақырыбы: Сызықтық емес оптика. Лазерлер.

Сабақ мақсаттары

11.8.1.15 – лазердің жұмыс істеу принципін түсіндіру;

11.8.1.16 - голографияның даму перспективаларын талқылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларда сызықтық оптика ерекшеліктері туралы түсінік болады.

Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындылар жасап үйренеді.

Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа үйренеді. Ғылыми дүниетанымдары қалыптасады.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Русский язык

Казахский язык

Английский язык

Атом

Атом

Atom

Излучение

Сәуле шығару

Radiation

Индуцированное излучение

Индукцияланған сәуле

Induced radiation

Лазер

Лазер

Laser

Треуровневый

Үш деңгейлі

Three-level

Рубин

Рубин

Ruby

Голограмма

Голограмма

Hologram

Голография

Голография

Holography

Пәнаралық байланыстар

Математика

Техника

АКТ қолдану дағдылары

Презентация қолдану

Бастапқы білім

  • Сәуленің химиялық әсері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 мин

25 мин

5 мин

5 мин

Сәлемдесу, кезекші оқушыны тыңдау, назарларын сабаққа аудару

Топтарға бөлу: Тізім бойынша санау арқылы әр топта бес оқушы болатындай бөлінеді және топтағы әр үшінші оқушы топ басшысы болады.

Бағалау парақшасымен таныстыру.

Оқытушы оқушыларға комплимент-тілек стикер таратады.

Топтық жұмыс

№1 топтың тапсырмасы

Лазер туралы түсінік

№2 топтың тапсырмасы

Құрылғы және лазердің жұмыс істеу принципі

№3 топтың тапсырмасы

Голограмманың негізі

№4 топтың тапсырмасы

Голографияны қолдану

Сызықтық емес оптика – қуатты сәуле шоғының таралуын және оның заттармен әсерлесуін зерттейтін сала. Қуатты жарық өрісінде жаңа оптикалық эффектілер пайда болады және сыну көрсеткіші, жұтылу коэффициенті т.б өзгереді. Мұндай құбылыстардың барлығы жарық қарқындылығына тәуелді. Ғылымға бұл ұғымды С.И.Вавилов енгізген. Лазердің көмегімен интенсивті жарық шоқтарын алуға болады. Осындай жарық шоқтарында сызықтық емес оптикалық құбылыстар байқалады.

Құбылыстары:

1.Жарықтың сызықтық емес шағылуы. Интенсивтілік өте жоғары болғанда, шағылған жарықта екі түрлі бағытта таралатын екі түрлі бағыттағы жиіліктері ω және 2ω екі сәуле бақыланады.

2.Жарық сәулесінің өздігінен фокустануы. Интенсивтілік қандай да бір кризистік мәнге жеткенде жарық шоғы мүлде шашырамай, параллель қала береді. Ал интенсивтілік бұдан да артатын болса, шоқ таралған кезде сығылып, бір нүктеге шоғырланады, яғни өздігінен фокустанады.

3.Көп фотонды процестер. Бір жұту актісінде атом тек бір фотонды жұтады. Ал интенсивтілік өте жоғары болғанда, бір атом бір актіде бірнеше фотонды бірден жұта алады. Осындай жұтылу көпфотонды деп аталады.

«Сәйкестендір» әдісі арқылы оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдері тексеріледі: «Лазер», «Жарық», «Фотон», «Когеренттілік», «Монохрамат жарық» терминдерінің анықтамалары жазылған кеспе қағаздарын сәйкестендіреді

1)Лазер сөзі ағылшынша “Light Amplification by Stimulated Emission of Radiation” жарықты еріксіз сәуле көмегімен күшейту деген мағынаны бермейді. Ия Жоқ

2)Басов, Прохоров және Таунсқа Нобель сыйлығы берілді. Ия Жоқ

3)Лазерлер мен мазерлерді еріксіз сәулелендіреді. Ия Жоқ

4)Оптикалық кванттық генератор лазер деп аталады. Ия Жоқ

5)Жапонияда алғаш рет 1960 жылы лазер іске қосылды. Ия Жоқ

6)Еріксіз сәулелену когерентті. Ия Жоқ

7)Когеренттілік уақытқа тәуелділік. Ия Жоқ

8)Мейман жасаған лазерде рубин алюминий қолданады. Ия Жоқ

9)Монахраматты – бірдей емес жиілікті тербеліс. Ия Жоқ

10)Лазерде поляризацияланған жарық қолданылады. Ия Жоқ

Сәйкестендір

Лазер - оптикалық кванттық генератор;

Жарық - үздіксіз электромагниттік толқын;

Фотон - жарық жылдамдығымен қозғалатын элементар бөлшек.

Когерентілік – тербелмелі немесе толқынды процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесімді өтуі.

Монохрамат жарық – бір жиіліктегі жарық тербелістері.

Тексереді, қорытынды жасайды.

Сабақ-

oҚызықты

oЖалықтырады

oБәрібір

Сабақта...

oЖұмыс жасадым

oДемалдым

oБасқаларға көмектестім

Қорытынды...

oТүсіндім

oБілмегенімді білдім

oтүсінбедім

Лазерлер және голография туралы презентация

Қосымша

Дидактикалық материалдар

Видео материалдар

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/atomdyq-fizika/lesson/lazerler-zhane-onyng-qoldanyluy

3мин

Рефлексия

- мен не білдім, не үйрендім

- не түсініксіз болып қалды

- нені дамыту керек

Үй тапсырмасы:

Сызықтық емес оптика . 6-тарау бойынша физикалық диктантқа дайындалып келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу