Толық ішкі шағылу. Физика, 11 сынып, презентация.


Толық ішкі шағылу.

Оптикалық талшықтар

Оқу мақсаты:

11. 6.2.4 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру

Бағалау критерийлері:

сыну құбылысын сипаттайды;

толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіреді;

шектік бұрыш мағынасын түсіндіреді және мәнін есептейді;

шектік бұрыш мәнін практикада анықтай алады;

толық ішкі шағылу құбылысының практикалық қолданылуын сипаттайды;

талшықты оптиканың артықшылығына талдау жасайды.

№1. Өткенді еске түсіру (жұптық жұмыс)

Дескрипторлар:

Ауадан суға өткен жарықтың түсу бұрышын белгілейді;

Судан ауаға өткен жарықтың жүру жолын сызады;

Екі суреттегі құбылыстың ұқсастығын анықтайды;

Екі суреттегі құбылыстың айырмашылығын анықтайды.

https://www.youtube.com/embed/dFlFMkEHvn8

Толық ішкі шағылу құбылысы

Толық ішкі шағылу құбылысы

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/zharyqtyng-synuy

Толық ішкі шағылу құбылысының практикалық маңызы

Оптикалық талшық деген не?

Оптикалық талшық  жарықтық сигналдарын жеткізуге пайдаланылатын мөлдір материалдан жасалған жіп.

Оптикалық талшық жарық өткізетін ортаңғы материалдан және сыртқы шағылдырғыш қабаттан тұрады. Осы екі ортаның жанасқан жерінде жарық сәулелері толық іштей сыну орын алады, өйткені абсолютті сындыру көрсеткіштері арнайы солай келтіріледі. Талшықтың сыртқы қабаттынан жарық сәулелері сыртқа шықпай талшық бойымен таралады. Талшықтың шыны өзегінің диаметрі шамамен 8 -10 микрон.

Алфёров Жорес Иванович.

2000ж. Оптикалық талшықтарды өте жылдам компьютерлерде қолдану арқылы ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған жұмысы нәтижесінде Нобель сыйлығын алған

Интернет жүйелерінде оптикалық талшықты қолданужергілікті және қала аралық байланысты орнатуда қолданылады. Бір оптикалық талшық арқылы әлемнің барлық теле каналдарын таратуға болады. Жылдамдығы секундына 50 терабит.

Жарықты жоғалтпайды.

Оптикалық талшық жалғанған

құралдың қимасы

Оптикалық талшық арқылы сигналды тарату үшін жарық диодтар немесе жартылай өткізгішті лазерлер қолданылады.

Талшық – Эрбий немесе цинк селениді қосылған шыныдан жасалады. Жарық импульстары талшықпен беріліп, керек жерге жеткен соң электр сигналына қайта түрлендіріледі.

Кварц шынысынан жасалған талшықтардың медицина саласында қолданылуы

жарықтандыру үшін;

бейнені тарату үшін;

биологиялық тканьді кесу және буландыру;

тамырға катеторларды енгізу үшін;

қыздыру үшін;

эндоскопиялық зерттеулер үшін.

Оптикалық байланыстың артықшылықтары

сигналдың жоғалуының аз болуы (0,154 дБ/км);

диаметрінің аздығы (шамамен 125 мкм);

салмағы аз (30 г/км);

иілгіш (иілу радиусы 2 MM дейін);

берік ( 7 кг жүктемеге шыдайды);

қауіпсіз;

электр тогын өткізбейді (20 см сым 10000 B кернеуге шыдайды);

коррозияға аса төзімді

ақпараттың таралу жылдамдығы өте үлкен (Терабит/с)

рұхсатсыз жалғанудан қорғалған.

Ақпараттар көзі:

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/zharyqtyng-synuy

https://study.com/academy/lesson/total-internal-reflection-fiber-optic-cables.html

http://www.nvtc.ee/e-oppe/Sidorova/objects/__7.html

https://interneturok.ru/lesson/physics/11-klass/boptikab/prelomlenie-sveta-polnoe-vnutrennee-otrazhenie

https://www.youtube.com/watch?v=i6c4rYu3qY8

https://www.youtube.com/watch?v=FFKDw1bni-g



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу