Заттың магниттік қасиеттері. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тест жұмысы

1. Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?

2.Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз-

A) электр зарядынан басталып, электр зарядынан аяқталатын сызықтар;

B) өткізгішті қармап жатқан сызықтар;

C) магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелердің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар; D) ток жүріп жатқан өткізгішпен бағыттас сызықтар;

E) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.

3.Магнит өрісін ... туғызады.

A) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтары;

B) қозғалыстағы электр зарядтары;

C) тыныштықтағы электр зарядтары;

D) магниттік зарядтар;

E) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

4.Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар:

A) парамагнетиктер;

B) диамагнетиктер;

C) ферромагнетиктер;

D) магнетиктер;

E) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

5.Магнит өрісі ... әсер етеді.

A) тыныштықтағы электр зарядтарына;

B) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына;

C) магниттік зарядтарға;

D) қозғалыстағы электр зарядтарына;

E) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

6.Тұрақты магниттің полюстерінің бірін магниттік тілшеге жақындатқанда, оңтүстік полюске қарай тебілді. Қандай полюс жақындатылды?

А)солтүстік

B) оңтүстік

C) дұрыс жауап жоқ

D) «+»

7.Сыртқы магнит өрісін әлсірететін өріс тудыратын затты атаңыз (диамагнетиктер)?

А) болат, кобальт, шойын, шыны

B) күміс, нихром, кварц, висмут

C) нихром, кобальт, шойын, шыны

D) темір, қорғасын, болат, кобальт

8.Жолақ магнитті екіге бөледі.Осы бөліктер нені білдіреді?

9. Тұрақты магниттегі магнит өрісінің күш сызықтары қалай бағытталған?

10.Сыртқы магнит өрісін әлсірететін өріс тудыратын затты атаңыз (парамагнетиктер)?

А) болат, кобальт, шойын, шыны

B) ауа, шыны, күміс

C) нихром, кобальт, шойын, шыны

D) темір, қорғасын, болат, кобальт



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу