Ампер күші. Лоренц күші. Физика, 10 сынып, презентация.
Ампер күші. Лоренц күші.
Оқыту мақсаты:
10.4.1.2 –сол қол ережесін қолдану және тогы бар өткізгішке және қозғалатын зарядталған бөлшекке магнит өрісінің әсерін сипаттау;
Activity «Мәтін»
Ой қозғау:
Демонстрациялық эксперимент
Миға шабуыл
Неліктен өткізгіш таға тәрізді магнитке қарай тартылады немесе одан тебіледі?
Әсерді қандай тәсілдермен күшейтуге болады?
Әсер етіп отырған күштің бағытын қандай тәсілдермен өзгертуге болады
Ампер күші
Тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Ампер күші деп атайды. Оны 1820 жылы А.Ампер тағайындаған.
Ампер күші
Ампер заңы: индукциясы біртекті магнит өрісінде орналасқан күші І тогы бар өткізгіштің l кесіндісіне әсер ететін күшінің модулі
Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғанда Ампер күші өзінің ең үлкен мәніне жетеді.
Ампер күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады
егер сол қолымызды жаза ұстаған кезде алақанымызға магнит индукция векторының перпендикуляр құраушысы кiретiндей, ал жазыла ұсталған төрт саусақ токпен бағытталатындай етiп орналастырсақ, онда 90o-қа қайырылған бас бармақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнің бағытын көрсетедi.
Жұптық жұмыс:
Ампер күшінің модулі мен бағытын анықтауға арналған тапсырмалар
Сұрақ:
Екі өткізгіштің өзара әрекетінің себебі неде?
Егер екi параллель өткiзгiштер бойымен бiр бағытта немесе қарама-қарсы бағытта ток өтсе өткiзгiштерде қандай құбылыстар болады?
Ампер тәжірибесі
Ампер тәжірибесі
1820 ж Ампер параллель орналасқан өткізгіштердің әрекетін зерттеді.
Егер өткізгіштегі токтардың бағыты бірдей болса, онда өткізгіштер өзара тартылады, ал токтардың бағыты қарама қарсы болса, онда өткізгіштер тебіледі.
Тогы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі болады
Ампер тәжірибесі
Тогы бар параллель екі өткізгіштердің өзара әрекеттері
Тогы бар катушкалардың өзара әрекеттері
Қысқа анықтамасы: Ампер таразысы – электр тогының өлшем бірлігін дәл есептеуге арналған құрал.
Жұмыс істеу принципі: бойымен ток жүретін катушканың механикалық әсері қандай да бір жүкпен теңгеріледі.
Толық анықтамасы: Ампер таразысы немесе ток таразысы – электр өлшеуіш құралдардың метрологиялық стандарттарға сай болуы мақсатында электр тогының өлшем бірлігі – ампердің өте дәл мәнін алатындай электромеханикалық құрал.
https://www.youtube.com/watch?v=c-Jnz3FyREY - видео «Балансный амперметр Кельвина»
Ампер таразысы
Ток таразысы немесе ток теңгерімінің
(Ампер таразысы) жұмыс істеу принципіКонструкциясы жағынан кәдімгі таразыларға ұқсас, бірақ, магниттік емес материалдардан жасалады. Ток күшінің мәні екеуінен де бір ғана ток өтетін коаксиальді бірқабатты соленоидтар түріндегі екі өткізгіштің электродинамикалық өзара әрекеттесу күшімен анықталады.
Соленоидтардың өзара әсерлесу күші кіртастардың көмегімен теңгеріледі. Таразының екі жағын теңгеру үшін, ток жоқ кезде кіртастар салынған жақты теңгеруге катушканы іліп қояды, ол соленоид та ток жүретін соленоидқа үұсас, бірақ оңан ток берілмейді. Ток теңгерім таразыларының, яғни, Ампер таразысының өлше қателігі 0,001% -ге ғана жуықтайды, яғни, өте дәл өлшеу құралы дегенді білдіреді.
Ампер таразысы
Ампер-таразы конструкциясының сызбасы
Топтық жұмысАмпер күшінің тұрмыста және техникада қолданылуы
1- топ
Электр өлшеуіш құрылғылар (амперметр, вольтметр)
2- топ
Электр қозғалтқыш
3- топ
Дыбыс зорайтқыш
Видео
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/sol-qol-erezhesi-zaryadtalhan-bolshekterding-magnit-orisindegi-qozhalysy
Күш сызықтары бойымен қозғалатын зарядтың қозғалыс жылдамдығы
Қозғалыстағы зарядтың жолы күш сызықтарына перпендикуляр
Cол қол ережесі
Лоренц күшінің шамасы
Лоренц күші
Күш сызықтары бойымен қозғалатын зарядтың қозғалыс жылдамдығы
Қозғалыстағы зарядтың жолы күш сызықтарына перпендикуляр
Cол қол ережесі
Лоренц күшінің шамасы
ЛОРЕНЦ КҮШI
Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды.
Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi болып табылады.
FЛ = q·υ·B· sin α.
Егер сол қолымызды жаза ұстаған кезде алақанымызға магнит индукция векторының перпендикуляр құраушысы кiретiндей, ал жазыла ұсталған төрт саусақ оң заряд қозғалысының бағытын нұсқайтындай етiп орналастырсақ, онда 90o-қа қайырылған бас бармақ зарядқа әсер ететiн Лоренц күшiнiң бағытын көрсетедi.
Лоренц күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады:
Электрондық зеңбірегі бар катод түтікшесіндегі электрон шоғының ауытқуын көрсетеміз.
Демонстрациялық эксперимент:
ЗАРЯДТАЛҒАН ДЕНЕНІҢ МАГНИТТІК ӨРІСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС
Бөлшек шеңбер бойымен қозғалады:
ЛОРЕНЦ КҮШТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
масса-спектрограф
кинескоптағы электронның ауытқуы
Қалыптастырушы бағалау
«Лоренц күшінің модулін және бағытын анықтау»
Рефлексия
«Серіктестіктеріңізбен сөйлесіңіз»
Білген 3 нәрсемен
Оңай деп ойлайтын нәрсемен
Қиын деп ойлайтын нәрсемен
Болашақта оқуға тиіс нәрсемен
Үйге тапсырма
Масс – спектрометр және оның жұмыс принципі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру