Температура. Температураның Цельсий және Кельвин шкалалары. Температураны өлшеу әдістері. Физика, 10 сынып, презентация.
Қысқаша сұрақтар:
Дененің температурасын қалай анықтауға болады?
Өздеріңе белгілі температуралық шкалаларды атап шығыңдар.
Қандай термометрлердің түрін білесіңдер?
Қандай температура температураның абсолют нөлі деп аталады?
Абсолют температура мен Цельсий шкаласы бойынша температураның ара қатынасы қандай?
Температура. Температураның Цельсий және Кельвин шкалалары.
Температураны өлшеу әдістері.
Сабақтың тақырыбы:
Температураның абсолюттік нөлінің физикалық мағанасын түсіндіру;
Кельвин шкаласымен алынған температураны Цельсий шкаласына түрлендіру және керісінше
Температура өлшейтін аспап ретінде, термопара мен әртүрлі термометрлердің артықшылықтарын мен кемшіліктерін салыстыру;
Оқу мақсаттары:
Температура -молекулалардың кинетикалық энергиясының орташа мәні.
Температураны өлшеу әдісі екі дене арасында болатын жылу алмасу кезіндегі жылулық тепе-теңдіктің орнауына негізделген.
Дені сау әрбір адамның температурасы күні бойы 35,5 тен 37,0° аралығында тербеліп тұрады.
Термометр – температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал.
Температураны термометрдегі термометрлік заттың көлемі бойынша анықтайды
Термометрдің жұмыс жасау принципі
Термометрді дайындау
Барлық термометрлерде негізгі екі нүкте:
мұздың еру және судың қайнау температураларын
белгілеу қажет.
Мұндай температуралық шкалалар швед астрономы А.Цельсий есімімен Цельсий шкаласы деп аталады
Атмосфералық қысымдағы таза судың қайнау және қату температуралары айырымының жүзден бір бөлігі градус деп аталады
ЦЕЛЬСИЙ шкаласы
Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273,15’С-қа тең. Ол температураның абсолют нөлі деп аталады.
ХБЖ-де температураның өлшем бірлігі КЕЛЬВИН
T=(t+273) К
Температураның абсолют нөлі– шекті
V – const кезінде газ қысымы нөлге айналатын немесе p – const кезінде идеал газдың көлемі нөлге айналатын температура
Температураның абсолют шкаласы –Кельвиндік шкала
Т – термодинамикалық температура.
[ Т ] = К (кельвин)
-273°С
0°С
100°С
0К
273К
373К
Т=t+273
1848 ж. ағылшын физигі Вильям Томсон (лорд Кельвин)температураның абсолют шкаласын құру мүмкіндігін дәлелдеді.
Фаренгейт шкаласы
˚F
0
98,2
Адам денесінің қалыпты температурасы
Мұздың еру температурасы
˚F = 1,8 ∙ ˚С + 32
Габриель Фаренгейт
1686 — 1736
1724 жыл
АҚШ-та, Англияда Фаренгейт температуралық шкаласы қолданылады
Фаренгейт шкаласы бойынша қалыпты температура
Әртүрлі температуралық шкалаларды байланыстыратын формулалар
Кім жылдам?
https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=mf_teplotni_stupnice&l=ru
https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=mf_galileo_teplomer&l=ru
Кристалдану жүріп жатқан уақыт бойы, температура мен қысым ұдайы тұрақты болып қала береді. Температураның Т үш және соған сәйкес тепе-теңдік қысым Р үш – қатты, сұйық, газ тәрізді фаза сияқты заттың үш фазасының үшеуі де тепе-теңдікте тұратын температура мен қысымның жалғыз мәні.
Топтық жұмыс
Температураны өлшейтін жаңа технологиялар.Термопара.
Оқу мақсаты:
температураның абсолютті шкаласын сипаттау
Кельвин шкаласымен алынған температураны Цельсий шкаласына түрлендіру және T K= t°С +273,15 білу;
температура өлшейтін аспап ретінде, термопара мен термометрдің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру