Кинематиканың негізгі теңдеулері. Есеп шығару. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Сапалы есептер.

1. Шана жоғарыдан сырғанап түседі, көлбеу науа бойымен шар домалап түседі. Осы денелердің қайсысы ілгерлемелі қозғалыс жасайды?

Жауабы: Шана.

2. Жер батыстан шығысқа қарай айналады. Ондай болса, неге, біз секірген кезде батысқа қарай ығыспай секірген орнымызға түсеміз?

Жауабы: Себебі, Жермен байланысқан санақ жүйесінде адам тыныштықта болады.

3. Ұшқышқа қатысты ұшақтың айналып тұрған винтінің нүктелерінің траекториясы қандай болады? Жерге қатысты қандай болады?

Жауабы: Шеңбер, винт тәрізді сызық.

4. Берілген тәуелділіктердің қайсысы бірқалыпты қозғалысты сипаттайды?

1) s = 2t + 3; 2) s = 5t2; 3) s = 3t; 4) υ = 4 – t; 5) х = 7.

Жауабы: 1, 3, 5.

5. 1-суретте түзусызықты қозғалыстағы дененің координатасының өзгеруінің графигі кескінделген. Келесі графикте осы қозғалыстың жолын салып көрсет.

1-сурет

Жауабы:

6. Түзусызықты қозғалыстағы үш дененің орын ауыстыруының графигі берілген. (2-сурет). Осы қозғалыстардың айырмашылығы неде? Қай дененің жылдамдығы ең үлкен, (ең кіші)?

2-сурет.

Жауабы: Денелердің қозғалысының жылдамдықтары әртүрлі: а - ең үлкен;

в-ең кіші.

7. Неліктен желсіз күні жаңбыр тамшылары бірқалыпты жүріп келе жатқан поыйздың терезесінде қиғаш із қалдырады?

Жауабы: «Жер» санақ жүйесінде тамшының траекториясы- тік вертикаль сызық болады. «Вагон» санақ жүйесінде тамшының терезедегі қозғалысы, екі түзусызықты қозғалыстардың қосыныдысынан туындайды: вагонның қозғалысы және тамшының ауада түсуі. Сондықтан терезедегі тамшының ізі қиғаш сызық болады.

8. Жедел пойыздың жолаушысы қарсы келе жатқан пойыздың вагондарын өз терезесінен көріп тұрады. Қарсы келе жатқан пойыздың соңғы вагоны терезесінің өткен кезде, жолаушы қозғалысы күрт төмендегенін сезді. Неліктен?

Жауабы: Поездардың өзара қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы Жерге қатысты екі поездың жылдамдықтарының қосындысына тең. Бұл жылдамдық тыныштықтағы объектілерге қатысты бір пойыздың жылдамдығынан үлкен екені анық.

9. Жоғарыдағы тәуелділіктердің қайсысы бірқалыпты айнымалы қозғалысты сипаттайды?

1) υ = 3 + 2t; 2) s = 3 + 2t; 3) s = 3t2; 4) s = 3tt2; 5) s = 2 – 3t + 4t2.

Жауабы: 1, 3, 4, 5.

10. 3-суретте жаяу жүргіншінің қозғалысын сипаттайтын графиктер көрсетілген. Бұл қозғалысты екі графиктің көмегімен сипаттаңыз.

Рис. 3

а  б

Жауабы: 3-суретте a - координаттардың өзгеру сызбасы, ал 3-суретте b - жолдың сызбасы. Алғашқы диаграммада жаяу жүргіншінің қозғалыстың басталған жеріне оралғаны көрсетілген; екіншісінде C нүктесінің ординатасынан, бүкіл жүрілген жолды анықтай аламыз. OA және BC сегменттері қозғалысқа сәйкес келеді; AВ - тоқтату. Екі бағыт бойынша қозғалыс жылдамдығы бірдей. Бұл тікелей ОА мен ВС-ның уақыт осінің арасындағы бұрышынан көрінеді.

11. Суретте төрт қозғалыстағы денелердің үдеулерінің графигі көрсетілген. Бұл денелер қалай қозғалады?

б

в 

                           г

             Жауабы: а) Бірқалыпты үдемелі; б) Бірқалыпты кемімелі; в) үдемелі (біркелкі өсетін үдеумен); г) үдемелі (өзгермелі үдеумен).

12. Автокөліктің спидометрі қандай жылдамдықтың мәнін көрсетеді?

Жауабы: Лездік жылдамдыққа жуық мәнді.

13. Не себепті, мылтықтан оқ атқан кезде, нысананың сәл үстіне дәлдеу керек?

Жауабы: Себебі мылтықтың оғына ауырлық күші әсер етеді?

14. Қалта сағаты мен қабырғаға ілетін сағаттар берілген. Қай сағаттың минуттық тілшесінің сызықтық жылдамдығы үлкен? Осы есепті олардың бұрыштық жылдамдықтары үшін шеш.

Жауабы: Қабырға сағатының. Бұрыштық жылдамдықтары бірдей№

Ескерту: мұғалім есептердің бір бөлігін қолдансада болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу