Есептер шығару. Физика, 9 сынып, қосымша материал.


Физика, 9 сынып

Бөлім/тақырып

9.3В Сақталу заңдары

Оқу мақсаттары

ОМ 3: дене импульсының анықтамасын оның жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде білу;

ОМ 2: импульстың сақталу заңын білу және түсіну.

Жетістік критерийлері

  • Импульстің сақталу заңын түсінеді.
  • Реактивті қозғалысты түсінеді.
  • Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді.
  • Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.
  • Күш импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.
  • Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты біледі.

Қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар

  • Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
  • Ньютонның екінші заңы импульстік түсінік тұрғысынан қалай тұжырымдалады? Бұл заңның екі түрлі тұжырымдалуын сипаттайтын мысалдар келтіріңдер.
  • Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңыз? Қандай жағдайда импульстің сақталу заңын қолдануға болады?
  • Реактивті қозғалыс дегеніміз не? Оның ерекшелігі неде? Отынның лездік жануы кезіндегі стартта тұрған зымыранның жылдамдығын есептеңіз.
  • Шарды үрлеп, жіппен байламай, қолыңыздан жіберіңіз. Нәтижесінде не болды? Неге?
  • Зеңбіректен α бұрыш жасап v0 жылдамдықпен ұшқан снаряд траекторияның жоғарғы нүктесінде екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлік снаряд ұшқан бағытта v1 жылдамдықпен ұшады. Екінші бөліктің жылдамдығын тап, егер оның массасы бірінші бөліктің массасынан 3 есе артық болса.
  • Платформада орналасқан зеңбіректен қозғалыс бағытымен бағыттас оқ атылды. Оқ атылғаннан кейін платформаның жылдамдығы және бағыты қалай өзгереді?
  • Жағаға параллель 8 м/с жылдамдықпен жүзіп келе жатқан массасы 15 кг қайыққа құздан массасы 45 кг бала секірді. Қайықтың жылдамдығы қалай өзгерді?
  • Ағаштан жерге секірген адамның импульсі қалай өзгереді? Футболшы допты F  күшпен ұрған соң, массасы m доп v жылдамдықпен қозғалды. Соққы қанша уақытқа созылды?
  •  Екі дене абсолют серпімсіз соқтығысты. Егер денелер соқтығыспай тұрып, олардың жылдамдығы өзара перпендикуляр болса, онда соққыдан кейін  дененің импульсінің бағыты және сан мәні қандай болады? (p2=2p1 , ал p1=20 кгм/с деп есепте).
  • Жұқа мұзда адам құлап қалмау үшін адам не істеу керек: мұз үстімен жүгіруі немесе мұз үстінде тұруы керек пе


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу