№1 зертханалық жұмыс. Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған кездегі дененің үдеуін анықтау. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Абдығалиев А.А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: №1 зертханалық жұмыс. Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған кездегі дененің үдеуін анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың немесе жеңіл арбашаның үдеуін есептеу.

 Сабақ мақсаттары

  • Зертханалық жұмыс барысында орын ауыстыру мен уақытты есептей алады;
  • Формуланы қолданып, үдеуді есептей алады;
  • Жасаған жұмысына қорытынды жаза алады.

 Бағалау критерийлері

- орын ауыстыру мен уақыттың мәнін алып, кестеге жазады;

- үдеуді есептейді;

- абсолютті қателікті есптейді;

- салыстырмалы қателікті есептейді;

- үдеудің соңғы мәнін алады.

 Тілдік мақсаттар

Терминологиялық сөздік:

қазақша

орысша

ағылшынша

Үдеу

Ускорение

acceleration

Уақыт

Время

time

Орын ауыстыру

перемещение

displacement

Абсолютті қателік

Абсолютная

погрешность

absolute error

Салыстырмалы қателік

относительная погрешность

relative error

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

математика

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Үдеу, теңүдемелі қозғалыс, орын ауыстыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабақ мақсатын анықтау.

Құралдардың дұрыстығын тексеру.

Сабақтың ортасы

34 мин

Сабақтың соңы

3 мин

№1 Зертханалық жұмыстың барысымен танысу

Жұмысты орындау.

1. Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек. Науаның төменгі шетіне уақыт есептеуішті қоясыңдар.

2. Арбашаны науаның жоғарғы басынан жіберіп, жүріп өткен уақытын уақыт есептеуіштен жазып аласыздар.

3. Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Тәжірибені бес рет қайталау керек.

6. бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: aорт= 2Sорт/t2

7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

Тәжірибе номері

S, м

t,c

аорт, м/с2

1

2

3

4

5

Қателіктерді есептеу:

Өлшеуіш сызғыштың қателігі:

Секундомер:

Абсолют қателікті есептеу:

Салыстырмалы қателікті есептеу:

Алынған нәтиже:

а = аср ±

Қорытынды жазыңыз.

Сабақ соңында қосымша жаттығу:

1. Поезд орнынан қозғалған соң 10 с өткенде 0,6 м/с жылдамдық алды. Қозғалыс басталған соң қанша уақыт өткенде поездың жылдамдығы 3 м/с-қа тең болады?

2. Велосипедші еңіске қарай 0,3 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 4 м/с-қа тең болса, 20 с өткенде оның жылдамдығы қандай болды?

3. Автомобил 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатып, өзінің жылдамдығын қанша уақытта 12-ден 20 м/с-қа дейін арттырады?

Рефлексия

(кестеде өз ойларыңызды белгілеңіз)

Пікірлер

иә

жоқ

білмеймін

Сабақта:

1)Көп жаңа нәрселер үйрендім

2)Өз білімімді көрсеттім

3)Сыныптастарыммен бірге жұмыс жасадым

Сабақта мен өзімді:

1)Еркін сезіндім

2)Қысылып отырдым

Сабақта маған ұнады:

1)Топпен жұмыс

2)Көрнекілігі

3)Басқалай

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Зертханалық жұмысты түсінеді

Оқушылардыі көпшілігі:

Қателіктерді таба біледі

Кейбір оқушылар:

Қосымша тапсырмаларды орындайды

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу