алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Есептер шығару. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы

Есепетр шығару. Ом заңы. Кедергі

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

8.4.3.7 – есептер шығару кезінде өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын қолдану.

8.4.3.9 –тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығару кезінде қолдану.

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Сымның кедергісінің геометриялық параметрлері мен материалға тәуелділігін түсіндіреді;
  • Есептер шығару кезінде өткізгіштің кедергісін анықтау формуласын қолданады;
  • Өткізгіштің меншікті кедергінің өлшем бірліктерін біледі (Ом*м, Ом*мм2/м);
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығару кезінде қолдана алады.

Оқушының аты-жөні:____________________________________ Сыныбы:_______ Күні:________

(W) Есептер шығару.

1. Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигінен әр өткізгіштің кедергісін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

+/-

Графиктен нүктелерді таңдайды.

Таңдалған нүктеге сійкес ток күші мен кернеу мәндерін жазады.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады

Есептің жауабын дұрыс жазады

2. Алюминий өткізгіштің ұзындығы 500 м, оның көлденең қимасының ауданы 4 мм2 . Өткізгіштің кедергісін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Кедергінің формуласын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

3. Көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс сымы 4 Ом кедергіге ие. Өткізгіштің ұзындығын анықтаңыз.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Кедергінің формуласын жазады.

Ұзындықты формуладан қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

4. Күміс өткізгіштің ұзындығы 0,6 м, ал оның кедергісі 0,015 Ом. Өткізгіштің көлденең қимасының ауданын анықтаңыз.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Кедергінің формуласын жазады.

Көлденең қимасының ауданын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

5. Электр желілерінде қолданылатын алюминий сымының көлденең қимасының ауданы 2 мм2. Желідегі сымның ұзындығы мен кедергісі өзгермейтіндей етіп, алюминий сымының орнына көлденең қимасы қандай никель сымын қолдануға болады.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің көлденең қимасының ауданын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

6. Ұзындықтары бірдей екі болат сымдардың көлденең қималары сәйкесінше 0,05 және 1 мм2Сымдардың қайсысы азырақ кедергіге ие? Неше есе?

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің көлденең қимасының ауданын қорытады.

Өткізгіштер кедергілеріңің қатынасын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

7. Ұзындығы 1 км өткізгіштің кедергісі 5,6 Омға тең. Ұзындығы 100 м әр бөліктегі кернеуді анықтаңыз, егер ток күші 7 мА екені белгілі болса.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергсін қорыады және мәнін анықтайды.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады.

Кернеудің формуласын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

8. Оқушының қолында біртекті екі өткізгіш бар. Бірінші өткізгіш екінші өткізгіштен 8 есе ұзынырақ. Екінші өткішгіштің көлденең қимасының ауданы бірінші өткізгішке қатысты 2 есе көбірек. Қай өткізгіш көбірек кедергіге ие? Неше есе?

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Өткізгіштер кедергілеріңің қатынасын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

9. Телефонды ток көзіне қосатын өткізгіш көптеген жұқа мыс сымдардан тұрады. Осындай өткізгіштің кедергісін есептеңіз, егер өткізгіш 20 мыс сымынан тұратын болса және әр мыс сымының көлденең қимасының ауданы 0,05 мм2 , ал ұзындығы 3 м тең болса.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

Өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Өткізгіш ішіндегі сымдар санын ескере өткізгіштердің көлденең қимасының форммуласын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

Есептің шартын жазады.

10. Реостат қысқыштарындағы кернеу 45 В тең. Реостат ұзындығы 50 м және көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никель сымдардан жасалған. Реостаттағы ток күшін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады.

Өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Кедергінің мәнін анықтайды.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

11.Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 өткізгіштің кедергісі 180 Омға тең. Оқушы 36 Ом кедергіні алу үшін дәл сол материалдан жасалған, дәл сондай ұзындыққа ие көлденең қимасы қандай өткізгішті қолдану керек.

Дескрипторлар:

+/-

Есептің шартын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Өткізгіштер кедергілеріңің қатынасын жазады.

Екінші өткізгіштің көлденең қимасын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы