№ 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.5 – тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;

8.1.3.1 – эксперименттен деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу

 Сабақ мақсаттары

- тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу;

- эксперименттен деректерін жинақтау және талдау;

-өлшеу нәтижесін қателіктерін ескеріп жазу.

 Бағалау

 критерийлері

1. тізбектегі ток күшімен кернеу арасындағы тәуелділіктіӊ графигін тұрғызады;

2.график тұрғызғанда осьтерді дұрыс таңдайды, өлшем бірліктерін дұрыс жаза алады;

3. масштаб сақтайды;

4. ең жақсы сызықты жұргізеді;

5. қорытынды жасайды.

 

 

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар білуі тиіс:

Оқушылар вольтметрді тізбекке параллель ал амперметрді тізбектей жалғау керек екендігін білуі керек. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды жазу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жалғағыш сымдар, клеммалар, ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, электр шамдары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ток күші деп.................

Потенциалдар айырымы деп.........................

 Құндылықтарды

 дарыту

Бұл сабақ жұпта жұмыс жасай алу, ұйымшылдық, ынтымақтастық және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық

 байланыстар

Өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, абсолют қателікті есептеу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Электр тізбегі. Ток күші. Электр кернеуі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-7 мин

  •  Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Мұғалім алдыңғы өтілген тақырыптар яғни ток күші, кернеу, қарапайым электр тізбегін құрайтын құрылғыларды қайталау мақсатында қойылатын сұрақтар:
  • Ток күшін өлшейтін құрал қалай аталады?
  • Кернеуді өлшейтін құрал ше?
  • Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
  • Кернеудің өлшем бірлігі ше?
  • Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
  • Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
  • Құралдық бөлік құнын қалай анықтаймыз?
  • Абсолют қателікті ше?

Оқушылар жауабынан кейін мұғалім кері байланыс жасай отырып, бүгүнгі сабақта зертханалық жұмыс жасайтындықтарын айтады

2. Ой қозғау. Қалай ойласындар, тізбектегі ток күші мен кернеу арасында қандай тәуелділік бар?

Оқушылар жұпта талқылайды, мұғалім тәуелділікті зерттеуді тапсырады

Қосымша1

Сабақтың ортасы

7-35 мин

3.Зерттеу жұмысы. Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу»

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттейді

1. Өлшеуіш құралдың көрсеткішін құралдың қателігін ескере отырып жазады

2. тізбектегі ток күшімен кернеу арасындағы тәуелділіктіӊ графигін тұрғызады;

3.график тұрғызғанда осьтерді дұрыс таңдайды, өлшем бірліктерін дұрыс жаза алады;

5. масштаб сақтайды;

6. ең жақсы сызықты жүргізеді;

7. қорытынды жасайды.

Таратпа материал

Құрал-жабдықтар:ток көзi, кiлт, сым резистор, вольтметр, жалғағыш өткiзгiш, амперметр, реостат.

Сабақтың соңы

35-40 мин

4. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін

5. Үй жұмысы

Ток күші мен кернеу тақырыбын қайталау

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.Электр тізбегін жинау кезінде ток көзімен жұмыс жасау кезінде өте мұқият болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Үй жұмысы жауабы

1

3 А

2

5 В

3

R1=150 Ом

R2=75 Ом

R3=50 Ом



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу