Зертханалық жұмыс. «Электр тізбегін жинау және тізбек бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар

8.3А- ТҰРАҚТЫ ТОК

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Зертханалық жұмыс. «Электр тізбегін жинау және тізбек бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.5 - электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді өлшеу, нәтижелерін құралдардың қателіктерін ескеріп жазу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Электр тізбегін құрастыра білу;
  • Электр тізбегін жинау, ток күші мен кернеуді өлшей білу.

 Бағалау

 критерийлері

  • Электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын мағынасын біледі
  • Электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын артықшылықтары мен кемшіліктерін ажыратады;
  • Электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын жаңашыл түрлерін ажыратып, қолдану аясын жетілдіруге ықпал тигізеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Оқушылар вольтметрді тізбекке параллель ал амперметрді тізбектей жалғау керек екендігін білуі керек. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды жазу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жалғағыш сымдар, клеммалар, ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, электр шамдары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ток күші деп.................

Потенциалдар айырымы деп.........................

 Құндылықтарды

 дарыту

 

  • Бұл сабақ жұпта жұмыс жасай алу, ұйымшылдық, ынтымақтастық және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.
  • Жұпқа бөлгенде барынша деңгейлеріне қарай бөлу керек. Тәжірибе жасау қабілеті жоғары оқушылар орта деңгейдегі оқушыға түсіндіретіндей жағдай жасау арқылы жақсы қарым-қатынас құндылықтарын жүзеге асыру. Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігін жеткізу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Ток күші. Электр кернеуі. Амперметр, Электр тізбегі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-10 мин

1.Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу

2. Оқушылар өткен теориялық материалды еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап береді TRUE|FALSE әдісі арқылы тексеру

1. Ток күшін қандай құралмен өлшейді?

2. Құрал тізбекке қалай жалғанады?

3. Құралдың бөлік құнын қалай анықтаймыз?

4. Абсолют қателікті қалай анықтаймыз

5.Салыстырмалы қателікті ше?

6. Кернеуді қандай құралмен өлшейді?

7. Құрал тізбекке қалай жалғанады?

Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім кері байланыс жасайды. Бүгінгі сабақта зертханалық жұмыс жасайтындықтарын ескертеді.

Техника қауіпсіздігін сақтауларын ескертеді

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10-35 мин

4. Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу»

Бағалау критерийлері:

1. Амперметр мен вольметрдің бөлік құнын анықтайды

2. Электр тізбегін жинайды

3. Тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі ток күшін амперметрмен өлшейді

4. Тізбектегі кернеуді өлшейді

5. Салыстырмалы қателікті есептейді

6. Қателіктер неліктен пайда болатынын түсіндіреді.

Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғауға арналған сымдар, электр шамдары, кілт.

Сабақтың соңы

35-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6. Үйге тапсырма:

6. Үйге тапсырма §36-37 оқу

Тарапта материал

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу