![]() |
|
![]() |
Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі. Физика, 8 сынып, презентация.
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары
8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.7 – Біртекті электр өрісінде зарядқа әрекет ететін күшті есептеу;
8.4.1.8 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;
Оқу мақсаты:
Бағалау критерийлері
-электр өрісінің материалдық сипатын түсінеді;
өріс үлгілері және күш сызықтарының дұрыс бағытын көрсететін сызбалар салады.
-электр өрісі кернеулігін қозғалмайтын бірлік оң зарядқа әсер ететін күш ретінде анықтай біледі
- күш сызықтары арқылы электр өрістің графикалық бейнелеуін біледі.
- біртекті электр өрісінде зарядқа әрекет ететін күштің формуласын есеп шығаруда қолдана біледі.
Электр өрісіЖiпке зарядталған шарды iлiп, оған электрленген шыны таяқшаны жақындатайық.
Электрлiк әсердiң берiлу процесiне ауа қатыспайды.
Ондай болса, зарядталған денелердiң өзара әсерлесуi не арқылы жүзеге асады?
Электр өрісі
Зарядталған денелердiң айналасында электр өрiсi болады.
Электрлiк әсерлесу осы өрiс арқылы жүзеге асады.
Электр өрісі
Сонымен, электр өрiсi – кез-келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айрықша бiр түрi болып табылады
Электр өрісі
Электр өрісін көру немесе ұстау мүмкiн емес.
Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсерi арқылы бiлуге болады.
Электр өрісі
Электр өрiсiнiң негiзгi қасиеттерi қарапайым тәжiрибелер арқылы анықталады.
Зарядталған дененiң электр өрiсi, осы өрiстегі кез-келген зарядталған денеге қандай да бiр күшпен әсер етедi.
Зарядталған денеге жақын аралықта өрiс күштiрек, ал алыста әлсiздеу. Мұны тексеру үшiн тағы да зарядталған гильзамен жасалған тәжiрибенi қарастырайық.
Электр өрісінің күш сызықтары – бұл сызықтардың әр бір нүктесіне жүргізілген жанамалар сол нүктедегі электр өрісінің кернеулігінің бағытымен сәйкес келеді.
Электр өрісінің берілген нүктедегі кернеулігінің бағыты сол нүктеге орналастырылған оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен анықталады.
Электр өрісінің күш сызықтары
1) Күш сызықтары оң зарядтан (+) басталып, теріс зарядта (-) аяқталады немесе шексіздікке кетеді.
2) Күш сызықтары ешқашан қиылыспайды.
Электр өрісінің күш сызықтарының графиктік бейнеленуі:
Жеке оң зарядтың айналасында пайда болатын өрістің күш сызықтары
Жеке теріс зарядтың айналасында пайда болатын өрістің күш сызықтары
Екі әр аттас зарядтардың айналасында пайда болған өрістің күш сызықтары
Екі аттас зарядтардың айналасында пайда болған өрістің күш сызықтары
Гравитациялық өрістің көзі масса.
Өріс сызықтары масаға бағытталған
Гравитациялық өріс массаға әрекет етеді.
Күш сызықтарының тығыздығы кернеулік
Электр өрісінің көзі заряд.
Өріс сызықтары оң зарядтан теріс зарядқа қарай бағытталған.
Электр өрісі зарядқа әсер етеді.
Біртекті өріс
Біртекті өріс
Оӊ және теріс зарядтардың электр
өрісініӊ күш сызықтары
Күш сызықтары үздіксіз.
Күш сызықтары қиылыспайды.
Күш сызықтары әрқашанда өткізгіш беттеріне перпендикуляр бағытталған болады.
Электростатикалық өрістіӊ күш сызықтарыныӊ қасиеттері:
q >0
q >0
Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі
Өріс кернеулігінің қабаттасу (суперпозиция) принципі:
Зарядтар жүйесініӊ өрістіӊ берілген нүктесіндегі кернеулігі, осы нүктеде әр бір зарядтыӊ пайда еткен кернеуліктерініӊ векторлық қосындысына теӊ.Үйге тапсырма.Б.М.Дүйсембаев, Г.З.БайжасароваА.А.,Медетбекова
§ 26 оқу
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023