Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі. Есептер шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2В Электростатика негіздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі. Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.6 – электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.7 – біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;

8.4.1.8 – электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу

Сабақтың мақсаттары

- электр өрісінің физикалық мағынасын түсіну.

- электр өрісінің күш сызықтарын графиктік кескіндеу.

- электр өрісінің кернеулігінің формуласын білу және қолдану.

 Бағалау критерийлері

- электр өрісінің физикалық мағынасын түсіндіре алады.

- электр өрісінің күш сызықтарын графиктік кескіндей алады.

- электр өрісінің кернеулігінің формуласын біледі және оны қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, электр өрісінің кернеулігі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электр өрісі.....

Электр өрісінің күш сызықтары....…

Электр өрісінің кернеулігі.......

 Құндылықтарды

 дарыту

 

Бұл сабақта оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасап, өзін- өзі және өзара бағалау құндылықтары дамиды.

Пәнаралық байланыстар

Есептер шығаруда математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Оқушылар элементар электр заряды, электр зарядының сақталу заңы, Кулон заңы, электр өрісі , күш сызықтары және кернеулік ұғымдарын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 мин

1. Өткен теориялық материалды еске түсіру мақсатында оқушылар ауызша сұрақтарға жауап береді.

1. Зарядталған дененің айналасында электр өрісі болатынын қалай анықтауға болады?

2.Электр зарядтарының әсерлесуін электр өрісі арқылы қалай сипаттауға болады?

3.Электрленген шардың электр өрісі өзіне жақын орналасқан электрленген шаң- тозаңға әсер етеді. Шаң- тозаңның өрісі шарға әсер етеді ме?

 Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс жасай отырып оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды

Сабақтың ортасы

5-30 мин

30-35 мин

Оқушылардың қолдану дағдысын дамыту мақсатында төмендегі есептерді орындатуға болады.Кейбір қабілетті оқушыларға жеткілікті деңгей тапсырмаларын ұсыныңыз.

Орташа деңгей:

1.Өрістің белгілі бір нүктесінде орналасқан 3 нКл зарядқа 0,6 мкКл күш әсер етеді. Өрістің кернеулігін анықтаңдар.

2.Кернеулігі 2 кН/Кл өрісте 5 нКл заряд орналасқан. Зарядқа әсер ететін күшті анықта.

3.Электр өрісінде орналасқан шамасы 1,5 нКл зарядқа 3 мкН күш әсер етеді, Өрістің кернеулігін анықтаңдар.

4.Кернеулігі 200 Н/Кл өрісте шамасы 10-7 Кл заряд орналасқан. Зарядқа әсер ететін күшті анықтаңдар.

5.Электр өрісінде орналасқан шамасы 10-7 Кл зарядқа 4*10-3Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңдар және 0,3 м қашықтықтағы заряд шамасын аықтаңдар.

6. Радиусы 30 см шардың заряды 6 нКл, шардың бетіндегі өріс кернеулігін анықтаңдар.

Жеткілікті деңгей

1.Екі заряд шамалары 6*10-7 және -2*10-7 Кл, олардың арақашықтығы 0,4 м және керосинде орналасқан. Екі зарядты қосатын түзудің ортасындағы нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңдар.

2.Заряд шамалары 6*10-9 және 2*10-8 Кл екі заряд арақашықтығы 0,05 м, диэлектрлік өтімділігі 2- ге тең ортада орналасқан. Екі зарядты қосатын түзуде жатқан бірінші зарядтан 0,03 м қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңдар.

Оқушылардан тапсырмаларды қандай критерий бойынша тексеретіндіктерін сұраңыз. Қиындықтар туындаған жағдайда көмек көрсетіңіз

Сабақтың соңы 35-40 мин

Үй тапсырмасы §32 Жаттығу- 15 (1-5)

Кері байланыс алу.

Физика 8- сынып оқулықтан.

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар жеткілікті деңгей тапсырмаларын орындайды

Бақылау, қалыптастырушы бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу