Жылу қозғалтқыштары. Физика, 8 сынып, презентация.


Жылу қозғалтқыштары

Оқу мақсаттары

8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарының энергияны түрлендіретінің сипаттау;

8.3.2.20 - іштен жану қозғалтқышы және бу турбинасының жұмыс істеу принциптерін сипаттау

Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштарды жылу қозғалтқыштары деп атаймыз.

Мысалы:

Автомобильдің қозғалтқышы ауамен қосылып жанған отынның энергиясын алады, ал бу машинасы мен бу турбинасы будың энергиясын алады.

Бұл екі жағдайда да қызған бу немесе газ ұлғайып қозғалтқыштардың бөліктерін қозғалысқа келтіреді

Жылу қозғалтқыштарының классификациясы

Іштен жану қозғалтқышының  автокөліктерде көбінесе төрт цилиндрлі түрі пайдаланылады, цилиндрлердің жұмысы – олардағы жұмыстық жүріс бірінен кейін бірі орындалатындай болып атқарылады.

Жетістіктері

1.Массасы жеңіл;

2.Өте ыңғайлы (компактілі);

3.Пайдалы әсер коэффициенті  (25-30%)

Кемшіліктері:

1.Жоғары сапалы отын қажет етеді;

2.Құрылымы күрделі;

3.Иіннің айналу жылдамдығы жоғары;

4.Улы газдар;

5.Шу.

Қолданылуы:

Газ турбиналарында иінді-шатунды механизм  мен  бу қазандығының жоқтығы оларды жылу және атом электр станцияларында электр энергиясын өндіруде, көліктерде қолдануға мүмкіндік береді.

Іштен жану қозғалтқышы

төрт тактілі цикл

1 - такт -сору

2 - такт - сығылу

- такт - жұмыстық жүріс

4 - такт – шығару

Дизель қозғалтқышы  Қозғалтқыштардың ішіндегі ең үнемдісі – төрт тактілі

дизель қозғалтқышы, ол сұйық отынның арзан түрлерімен жұмыс істейді.

оның жұмысының карбюраторлы қозғалтқыштан ерекшелігі: сору тактісі барысында цилиндрге жанғыш қоспаның орнына атмосфералық ауа сорылады. Екінші такті арысында цилиндрдегі ауа тез адибаталық жолмен сығылады, бұл ауаның темпертурасының 700-10000с –ға дейін артуына әкеліп соқтырады. Сығылған және қызған ауаға форсунка (бүркігіш) арқылы дизельдік отын бүркіледі, ол тез от алып біршама ұзақ жанады.Дизель қозғалтқышында тұтандырғыш шам болмайды. Әрі қарай жұмыстық жүріс, шығару тактісі

Жетістіктері

1.Ауаға улы заттардың бөлінуі 2/3-ге аз;

2.Қолданылатын отын түрі арзан;

3.Қолданылу мерзімі біршама ұзақ;

4.Қарапайым құрылғы.

5.П.Ә.К-і біршама жоғары 35-40%

Кемшіліктері

1.Қыстың күні іске қосылуы температураға тәуелді;

2.Қоректендіру жүйесін қайта жөндеу күрделі;

3.Жұмыс кезінде шуыл.

4.Көлемі жағынан үлкен.

5.Улы газдар бөледі

Бу турбинасы Электр энергиясын жылу және атом станцияларында өндірілетін бәрімізге белгілі. Олардың генераторлары бу немесе жоғары температураға дейін қыздырылған газ арқылы қозғалтқыш білігін поршеннің, шатунның және иінді біліктің жәрдемінсіз тікелей айналдырады.Қарапайым бу турбинасының негізгі бөліктері – ротор, ол білікке айнала орналасқан қалақшалар    бекітілген дискіден тұрады. Бу қазанынан арнайы каналдар (түтіктер) арқылы үлкен жылдамдықпен берілген бу қалақшаларға түсіп, дискіні айналдырады. Газ турбинасы болашағы зор қозғалтқыш – онда бу турбинасы мен іштен жану қозғалтқыштарының құнды жақтары біріктірілген, онда жану камерасында отын жанған кезде пайда болатын өте қатты қызған (1500 – 20000С) газ турбинасының қалақшаларына бағытталып, оларды айналдырады.

Жетістіктері

1.Жылдам айналғыштығы;

2.Ықшамдылығы;

3.Қуаттылығы;

4.П.Ә.К.-нің жоғарылығы – 40 %.

Кемшіліктері:

1.Инерциялығы,яғни турбинаны қосу немесе тоқтату үшін біршама уақыт қажет;

2.Айналу жылдамдығын реттеу мүмкіншілігінің жоқтығы;

3.Кері жүрістің жоқтығы.

Реактивті қозғалтқыш Ғылымда реактивті қозғалыс деп дененің бір бөлігінің одан бөлінгенде қалған бөлігінің қозғалысын айтады. Реактивті жылу қозғалтқышында жану камерасында жанармай жанғанда пайда болатын газ камера қабырғаларына үлкен күшпен әрекет етеді. Осы камераның бір шетінде орналасқан тесік-сопло арқылы газ үлкен жылдамдықпен сыртқа ұмтылады, сыртқа шыққан газ ағыны реактивті тартқыш күшін тудырады, яғни ұшақты, көлікті алға қарай қозғалысқа келтіреді.      

Реактивті қозғалтқыштар қазіргі таңда космосты игеру мақсатында кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар олар метеорологиялық мақсатта және түрлі радиустағы әскери ракеталарда қолданылады.

Жылу қозғалтқышы және адам ағзасы Отын түрлеріне калий йодын тамызу арқылы оның құрамында қорғасын қосылыстарының бар -жоғын анықтауға болады. Зерттеулер жоғары октанды бензинде қорғасын қосылыстарының бар екендігін көрсетті. Ал қорғасын тұзын нәруызға тамызғанда, ыдыстың түбіне нәруыз шөгінді болып тұнатыны байқалады, бұл денатурация, яғни нәруыз молекулаларының бұзылуы деген сөз. Ал адам ағзасы тұтастай нәруыздан тұратынын білесіздер, ендеше жоғары октанды бензинмен жұмыс жасайтын жылу қозғалтқыштарының бөліп шығаратын түтіндерінің құрамындағы қорғасын қосылыстары адам ағзасын ыдыратып, зат алмасу процесін бұзады, жас баланың ақыл –есінің  нашар дамуына, мидың  түрлі ауруына әкеліп соқтырады. Түтін құрамындағы күкірт пен азот тотықтары тыныс алу мүшелері арқылы өкпеге өтіп, қандағы гемоглобинмен әрекеттесіп, қанда оттегінің азаюына, оның   жетіспеушілігіне әкеледі, тыныс алу жолдарының ауруын, аллергия ауруын қоздырады. Цилиндрде бензин толық жанбаса бензопирен деген улы қосылыс түзіледі, ол онкологиялық ауруларды қоздырады

Автомобильдердің бөліп шығаратын улы газдары мен қосылыстарын

азайту үшін:

1.Көшеде машиналардың жол қиылысында тығындалып қалмай,бірқалыпты қозғалуы

қажет, ол үшін бағдаршамдардың маңызы зор. Тығында оталып тұрған машиналар

отынды бос жағып, ауаны улы газдармен ластайды.

2.Қалада машиналар 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалулары қажет, дәл осы жылдамдықта

қозғалтқыштан улы газдар аз бөлінеді.

3.Ауыр жүк машиналарының қала көшелерімен жүруіне тыйым салып, қала сыртындағы

жолдармен жүрулері қажет.

4.Әрбір автомобиль жүргізуші үлкен жауапкершілікпен өз машинасының «түтіндеуіне»

жол бермей, қозғалтқышын дер кезінде қарап, ақауын жөндеп отырулары керек.

Егер қазіргі таңда есептегі бар машиналардың оталу және қоректендіру жүйелері дұрыс

реттелген болса, улы газдардың атмосфераға бөлінуі 5-6 есе азаяр еді.

5.Нашар үрілген доңғалақ оның тез тозуына ғана емес, үйкелістің артуынан

жанармайдың көп жағылуына әкеліп соқтырады.

 

Рефлекция:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үй жұмысы: “Физика 8 сынып” 3-тарау

§ 19-21 ,83-бет 1-5 сұрақтарды талдау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу