Жылу мөлшері. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері

Оқу мақсаты: Жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану

Тапсырмалар:

  • Кеседегі массасы 200 г шайдың бастапқы температурасы 900С. Шай бөлме температурасына (200С-қа) дейін суыса, қоршаған ортаға қандай жылу мөлшерін береді? с4200 Дж/кг0С.
  • Массасы 200 кг таскөмір толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте. q=30106Дж/кг.
  • Суын қайырып шыңдау үшін болат балға 7200С-қа дейін қыздырылып, бұдан 140С-қа дейін тез суытылған кезде ол қоршаған ортаға 273000 Дж жылу береді. Балғаның массасын анықта. с460 Дж/кг0С.
  • Температурасы 200С суға температурасы 1000С суды құйып аралыстырды. Сол кезде пайда болған қоспаның температурасы 400С. Суық су массасының ыстық су массасына қатынасы қандай? (Шығын ескерілмесін).
  • ПӘК-і 60 пеште 500С-ғы 1 т шойынды балқыту үшін қанша таскөмір жағу керек? сш540 Дж/кг0С, qт=30106 Дж/кг, tб011500С.
  • Массасы 120 г жез калориметрге массасы 100 г, температурасы 200С керосин құйылды, сонан соң осы калориметрге массасы 200 г, температурасы 960С темір кесегі салынды. Сол кезде керосиннің температурасы 400С болса, керосиннің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? Сж380 Дж/кг0С.
  • Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйылды. Осының үстіне тағыда массасы 20 кг, температурасы 180С су құйылса, қоспаның температурасы қандай болады?

Сапалық сұрақтар:

  • Колбаға 0,5 л боялған су құйыңдар. Аузына түтігі бар тығын орнатыңдар. Түтік диаметрі 6 мм болсын. Колбаны алақанмен қыздырыңдар, түтікшедегі су тығыннан жоғары көтерілетіндей болсын. Түтікшедегі судың жоғары көтерілуіне не себеп болды?
  • Сулы бет орамалды алып спиртке батарыңдар. Енді от қойып орамалды тұтатыңдар. Біраз уақыттан кейін от өшеді. Неліктен орамал жанбады?
  • Қағаз қораптағы суды қайнатуға болама? Қорап жанбай неліктен бүтін күйінде қалды?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу