алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жылу берілудің түрлері. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


 «Жылу энергиясы»

  Дененің агрегаттық күйін өзгертуге және денені қыздыруға (суытуға) байланысты физикалық құбылыстар - жылу құбылыстары деп аталады.

 Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.

 Жылу энергиясы — бұл дене құрылымындағы атомдардың, молекулалардың және басқада бөлшектердің қозғалысымен байланысқан энергияның бір түрі.

 Жылу энергиясын – ішкі энергия деп атайды.

 Ішкі энергия – денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы мен әрекеттесу энергиясын айтады.

 

 Дененің барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысын дененің ішкі энергия деп атайды.

 Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің температурасы өзгергенде, оның ішкі энергиясы өзгереді.

 Жүйенің ішкі энергиясын өзгертудің екі тәсілі бар:

  • Механикалық жұмыс істеу (үйкеліс, соққы, сығу)
  • Қоршаған денелермен жылу алмасу (жылу берілу)

Осы механикалық жұмыс жасау арқылы дененің ішкі энергиясының өзгеретіндігін мына видеодан көруге болады.

 

Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі жылу берілу деп аталады.

Анағұрлым көбірек қыздырылған дене бөлшектерінің кинетикалық энергиясы көп болғандықтан, ол азырақ қыздырылған денемен жанасқанда, азырақ қызған дене бөлшектеріне тікелей энергия береді.

Енді осы жылу берілу түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.

Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы - жылуөткізгіштік деп аталады.

Жылуөткізгіштікті түсіндіру үшін қатты, сұйық және газ тәріздес заттардың жылуөткізгіштік қасиетін зерттеп көрейік.

Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылу өткізгіштігі әртүрлі болады.

МЕТАЛДАРДЫҢ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІГІ:

Металдардың жылуөткізгіштігін мына тәжірибе арқылы зерттеп көрейік. Металдар жылуды өте жақсы өткізеді.

Енді сұйықтар мен газдардың жылуөткізгіштігін тәжірибе арқылы зерттеп көрейік. Сұйықтар мен газдар жылуды нашар өткізеді.

Мыстың жылуөткізгіштігі:

  • ТЕМІРДІҢ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІГІНЕН 6 ЕСЕ АРТЫҚ;
  • ШЫНЫНЫҢ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІГІНЕН 600 ЕСЕ АРТЫҚ;
  • СУДЫҢ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІГІНЕН 7200 ЕСЕ АРТЫҚ;
  • АУАНЫҢ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІГІНЕН 18 000 ЕСЕ АРТЫҚ;
  • ҚАТТЫ ЗАТТАР – ЕҢ ЖАҚСЫ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТЕР.
  • СҰЙЫҚТАР – НАШАР ЖЫЛУӨТКІЗГІШТЕР.
  • ГАЗДАР – ӨТЕ НАШАР ЖЫЛУӨТКІЗГІШТЕР.
  • ВАКУУМ - ОҚШАУЛАҒЫШ, ЖЫЛУ ӨТКІЗБЕЙДІ.

КОНВЕКЦИЯ құбылысы.

сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасмалдануы барысында жүретін жылу алмасу процесі – конвекция деп аталады.

СӘУЛЕ ШЫҒАРУ.

Электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесі – сәуле шығару деп аталады.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы оның әртүрлі агрегаттық – қатты, сұйық, газ тәрізді күйінде түрліше болады.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы жоғары болған сайын көп жылу мөлшері жұтылады немесе бөлініп шығады.

ТЕСТ

1. Жылулық қозғалыс анықтамасы

А.жылы ауа қозғалысы

Б.сыртқы күштің әсерінен болатын қозғалыс

С.молекулалардың ретсіз қозғалысы

Д.жылулық сәулелену

Е.броундық бөлшектердің қозғалысы

2.Күннен Жерге жылу берілуі жүзеге асырылатын жол

А.жылуөткізгіштік

Б.сәулелену

С.конвекция

Д.диффузия

Е.жауабы жоқ

3.Жаздың ыстық күнінде қолмен ұстағанда өте ыстық болып сезілетін зат

А.ағаш

Б.құм

С.металл

Д.кірпіш

Е.шыны

4.Дененің ішкі энергиясы

А.денені құрайтын бөлшектер қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясы

Б. денені құрайтын бөлшектердің тек қана өзара әрекеттесу энергиясы

С.денені құрайтын бөлшектердің тек қана қозғалыс энергиясы

Д. денені құрайтын бөлшектердің потенциалық энергиясы

Е. денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық энергиясы

5.Жылу берілудің зат алмасу келесі түрінде болмайды

А.сәуле шығарғанда

Б.конвекцияда

С.жылуөткізгіште

Д.сәуле шығару мен жылуөткізгіште

Е.сәуле шығару мен конвекцияда

Е.молекула

6.Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің жылуөткізгіштігі жоғары

А.қатты денелер

Б.сұйық

С.газ

Д.сұйық және қатты

Е.сұйық және газ

7.Диффузия құбылысы жылдамырық өтеді

А.ыстық суда

Б.суық суда

С.жылы суда

Д.бірдей

Е.бірмәнді емес

8.Массасы 1кг зат толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері анықтайтын шама

А.меншікті булану жылуы

Б.жану жылуы

С.меншікті балқу жылуы

Д.меншікті жылу сыйымдылығы

Е.меншікті жану жылуы

9.Массасы 1кг затты 1оС –қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет екенін анықтайтын физикалық шама

А.меншікті жану жылуы

Б.меншікті жылу сыйымдылығы

С.меншікті булану жылуы

Д.меншікті балқу жылуы

Е.конвекция

10.Бастапқы температурасы 200С, массасы 10кг суды ашық ыдыста қайнағанға дейін қыздырып, буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?

A) 23∙106 кДж

Б) 26∙ 106 кДж

C) 28∙106кДж

D) 24∙106кДж

E) 20∙106кДж


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы