Үйкеліс күшін зерттеу. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Үйкеліс

Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қ

Күні: 19.01.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Еслямгазиева Б. Ж.

Сынып: 7 a

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

№10 ЗЖ Үйкеліс күшін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.2 қарапайым тәжірибені жеке және топта жоспарлай білу;

 Сабақ мақсаттары

  • сырғанау үйкелісі дене салмағына, жанасатын беттер тегіне, беттер ауданына тәуелділікті зерттеу,
  • үйкеліс күшін өлшеу білу.

Жетістік критерийлері

  • сырғанау үйкелісі дене салмағына, жанасатын беттер тегіне, беттер ауданына тәуелділікті график түрінде көрсетеді,
  • үйкеліс күшін өлшеп алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, туралы не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады.

Арнайы пәндік лексика және терминология: динамометр, таразы, аспаптық қателік, қателікті ескере отырып физикалық шаманың мәнін жазу

Пікір алмасу немесе хат үшін пайдалы нақты айта білу

Friction is the force resisting the relative motion of solid surfaces, fluid layers, and material elements sliding against each other. Аспаптық қателікті анықтау үшін

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Менің ойымша, ......

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Академиялық әділдікке тәрбиелеу;
  • Жауапкершілікті дамыту;

ЖА білу және түсіну:

  • Жаһандылық және тәуелсіздік

ЖА құндылықтары:

-Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты дамуға ынта

ЖА дағдылары:

Өз-өзіне сенімділік жіне рефлексия дағдылары

Пәнаралық байланыстар

математика

Бастапқы білім

үйкеліс және үйкелістің түрлері,тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістері,үйкеліс күшінің пайдасы және зияны табиғаттағы және техникадағы үйкелістің пайдасы мен зияны

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Слайд-презентацияды суреттер көрсетіліп, сабақ не туралы болатынын оқушылардан сұрау.

Оқушылар сурет бойынша зерханалық жұмыс болатынын және үйкеліс күші тақырыбына екенін айтады.

Зертханалық жұмыс «Үйкеліс күшін зерттеу»

Мақсат: сырғанау үйкелісі дене салмағына, жанасатын беттер тегіне, беттер ауданына тәуелділікті зерттеу, үйкеліс күшін өлшеу білу.

Презентация. doc

Сабақтың ортасы

30 мин

Жұпта жұмыс. Оқушылардың алдарында қажетті құралдар және зертханалық жұмысының парақтары жатыр. Мұғалім жұмыс ережелерін түсіндіріп кетеді.

А. Сырғанау үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін зерттеу

  • Динамометрдi пайдаланып бiр, екi және үш жүгi бар бiлеушенiң Р салмағын анықтаңдар.
  • Горизонталь орналастырылған тақтайшаға бiлеуше қойыңдар.
  • Бiлеушеге динамометрдi бекiтiңдер де мүмкiндiгiнше оны тақтайша бойымен бiр қалыпты тартыңдар. Бiрқалыпты қозғалыс кезiнде бiлеушеге әрекет ететiн динамометрдiң серпiмдiлiк күшi керi әрекет ететiн сырғанау үйкелiс күшiне теңдеседi. Осы (Fүйк) күштi өлшеңдер.
  • Бiлеушеге екi, содан кейiн үш жүктi тиеп тәжiрибенi қайталаңдар.
  • Алынған нәтижелердi кестеге жазыңдар:

Салмақ, Р, Н

Сырғанау үйкеліс күші, Fүйк, Н

1

Білеуше

2

1 жүгі бар білеуше

3

2 жүгі бар білеуше

4

3 жүгі бар білеуше

Б. Сырғанау үйкеліс күшінің бет материалына тәуелділігін зерттеу.

1. Білеушені ағаш жағымен ағаш тақтайға орналастырындар.

2. Білеушені бірқалыпты тақтай бойымен жылжытындар. Динамометр көрсеткішін дәптерге жазындар.

3. Білеушені резеңке жағымен орналастырып, тәжірибені қайталандар.

Бет материалдары

Сырғанау үйкеліс күші, Fүйк, Н

1

ағаш

2

резеңке

С. Сырғанау үйкеліс күшінің жанасатын беттердің ауданына тәуелділігін зерттеу

1. Білеушені қолға алып, қай қырымен ағаш тақтайға қойып, динамометрмен жылжытуға ынғайлы болатынын қарастырындар. Қандай қыры ең кішкентай ауданға ие екенің анықтандар? Қандай қыры ең үлкен ауданға ие екенің анықтандар?

2. қырлардың аудандарының есептендер:

3. Білеушені үлкен қырымен қойындар. Білеушені бірқалыпты қозғалтындар. Динамометрдің көрсеткішін кестеге толтырындар.

4. Кішкентай қыр үшін тәжірибені қайталандар.

Білеуше қырлары

Қыры ауданы, S, см2

Сырғанау үйкеліс күші, Fүйк, Н

1

Үлкен қыры

2

Кіші қыры

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасандар:

а) Сырғанау үйкелісі дене салмағына тәуелді ме? Қандай шамалар бірқалыпты болды, ал қайсы өзгерді?

б) сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер қасиеттеріне тәуелді ма ? Қандай шамалар бірқалыпты болды, ал қайсы өзгерді?

в) сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер ауданына тәуелді ма? Қандай шамалар бірқалыпты болды, ал қайсы өзгерді?

Қорытынды жасандар:

*Қосымша тапсырма: А пунктіне график салындар (үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін зерттеу).

График бойынша нені анықтауға болады? Осы шаманы анықтандар

Бағалау критерийлері:

1

Білеуше салмағын дұрыс анықтады

Өзің-өзі бағалау

Мұғалімнің бағалауы

2

Үйкеліс күшін дұрыс анықтады

3

үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін біледі

4

сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер қасиеттеріне тәуелділігін біледі

5

сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер ауданына тәуелділігін біледі

6

Қандай шамалар бірқалыпты болатынын, ал қайсы өзгеретінін біледі

7

Қорытындыны дұрыс жазады

Зертханалық жұмыс.doc Құралдар: ағаш тақтайша, ағаш бiлеуше, 50 грамдық жүктер жинағы, динамометр.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Белгі қою арқылы қаншалықты сабақты түсінгеніңді белгіле:

Бәрі түсінікті

Барлығы түсінікті, бірақ сұрақтар қалды

Түсініксіз

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар :

Сырғанау үйкелісі дене салмағына, жанасатын беттер тегіне, беттер ауданына тәуелділікті біледі, үйкеліс күшін өлшеу біледі

Оқушылардың көбі:

Қандай шамалар бірқалыпты болатынын, ал қайсы өзгеретінін біледі

Кейбір оқушылар:

Қосымша тапсырманы орындайды

оқушылар өздерін-өзі бағалайды және мұғалімнің бағалауы

Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар. Жұмысқа кірісер алдында мақсаты мен нұсқауларын мұқият оқыңдар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған. Мақсаттар қол жетімді. Оқушылардың барлығы сабаққа белсенді қатысты, дәптердегі жазған қорытындылары және бір-біріне түсіндіргеннен оқушылардың тақырыбты түсінгендерін көрсетеді.

Сабақта саралау жүргізілді. Мұғалім әр оқушыға жеке назар аударды. Қасына келіп бағыттап тұрды. Алға кеткен оқушыларға қосымша есеп берілді.

Сабақ өте мазмұнды болды. Сабақтың уақыт кезеңдері сақталынды. Сабақ жоспарынан ауытқылар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың басы. Алдарында тұрған құралдар оқушылардың қызығушылығын арттырып сабақ тақырыбы мен мақсаттарды қоюға үлкен үлес қосты.

2: Оқушылардың қосымша есепті шығарғаны.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Графикті салу алдында оқушыларға графиктарды халықаралық стандарт бойынша салу ережелерін түсіндіріп кету.

2: Графиктің осьтарының атауын тандау бойынша қосымша нұсқаулық беруі.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушылар графикпен жұмыс жасағанда қиналады. Олармен қосымша графиктар салу бойынша жұмыс жысау керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу