![]() |
|
![]() |
Тығыздықты есептеу. Физика, 7 сынып, қосымша материал 2.
І нұсқа
Жеке жұмыс. Деңгейлік есептерді оқушылар шығады.
А1) Ішіне 50 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек? А2) Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумның 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын табыңыздар. ( ρ= 1000
В3) Графикте үш әртүрлі денелердің массаларының көлемдеріне тәуелділік сызықтары берілген. Бұлардың тығыздықтары қалай дұрыс орналасады?
В4) Суретте көрсетілген дененің массасын анықта. Өлшемдері мм -мен көрсетілген.Жауабынды бүтін санымен грамм жаз. (ρ=2,7 г/см3)
С5) Иттің пішіні мыс пен қалайыдан жасалған. Егер қоспаның 1/3-і мыс (көлемі бойынша) және 2/3 –сі қалайы болса, онда оның орташа тығыздығы қанша? Мыстың тығыздығы = 8,9 г/см3, қалайының тығыздығы=7,3 г/см3.
ІІ нұсқа
Жеке жұмыс. Деңгейлік есептерді оқушылар шығады.
А1) Ішіне 60 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек? А2) Ұзындығы 40 см, ені 10 см аквариумның 45см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын табыңыздар. ( ρ= 1000
В3) Тығыздығы тұрақты болғанда дене массасы мен оның көлемінің арасындағы тәуелділік қай графикке сәйкес келеді?
А) | B) | C) | D) | E) |
В4) Суретте көрсетілген дененің массасын анықта. Өлшемдері мм -мен көрсетілген.Жауабынды бүтін санымен грамм жаз. (ρ=4,5 г/см3)
С5) 200 см3 никельден және 100 см3 қорғасыннан қоспа дайындайды. Никельдің тығыздығы 8,9 г/см3, қорғасынның тығыздығы 11,3 г/см3. Қоспаның тығыздығын табыңыз.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023