Музыка және технология. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар:

6.4 Музыка - өмір тынысы

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және технология

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Сабақ мақсаттары:

 Оқушылар:

  • Әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып әр- түрлі стильдегі және жанрдағы әндерді технологиялар арқылы орындау;
  • Музыкалық аспаптарды қолдана отырып импровизация шығару;
  • Музыкалық және музыкалық емес құралдарды қолдана отырып, музыкалық композиция шығару.

Бағалау критерийлері

-Әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып әр- түрлі стильдегі және жанрдағы әндерді технологиялар арқылы орындай алады;

-Музыкалық аспаптарды қолдана отырып импровизация шығара алады;

-Музыкалық және музыкалық емес құралдарды қолдана отырып, музыкалық композиция шығара алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады.

Лексика и терминология:

Классикалық ән, музыка, технология, электронды музыка, музыкалық фрагмент

Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер:

Бұл әуеннің көңіл-күйі ...

Канон элементтерін қолдану барысында, мен ... негізге алдым.

Құндылық

Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойына бірлесе жұмыс жасауға, бір-біріне деген құрмет пен жауапкершілікке баулиды.

Бастапқы білімдер

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдерін толықтыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Қорлар

Сабақ басы

0-4

4-6

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Электронды музыка» биін қайталай отырып оқушылар бейне баянды тамашалайды.

Оқушылармен сабақ тақырыбын анықтау үшін бірнеше сұрақтар ұсыну.

  • Бұл әуен қандай стильге немесе жанрға жатады?
  • Бұл әуенде қанша муызкалық үзінді орындалды?
  • Би мен музыканың ұқсастығы неде болды?
  • Бұл әуендерде қандай технологияларды қолданды деп ойлайсыз?

Бүгінгі сабақ тақырыбы «Музыка және технология»

Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау

Джаз дэнс https://www.youtube.com/watch?v=0tT8OZfsm40

Презентация

Сабақ ортасы

6-15

15-35

35-38

2.Сабақ барысы

Тапсырма 1. Ақпарат іздену

Компьютерлік бағдарламады анықтап, еске түсіріңіз.

Қандай компьютерлік бағдарламада музыкалық шығарманы орындауға болатыны жөнінде ойланыңыз.

Музыкалық аспаптардың және технологияның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз.

Тапсырма 3. Шығармашылық жұмыс

Музыкалық технологияларды қолдана отырып, классикалық әуенге өзіңіздің дауысыңызды жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • шығармашылық туындыны құрастырды;
  • жеке шығармасын технологиялар арқылы жазады;
  • 4 жол немесе одан көп шумақты өлеңдерді жаза біледі;
  • өзінің дауысын технологияларды қолдана отырып жазды;
  • классикалық музыканы негізге алды.

Тапсырма 5. Таныстырылым

Орындаған музыкалық-шығармашылық жұмысты сынып алдында таныстыру және бағалау өткізу. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау өткізу.

Презентация

Компьютер немесе ноутбуктер

Презентация

Сабақ соңы

38-40

4. Рефлексия

Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі.

Ауызша кері байланыс алу

Дифференциация мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану.

Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады.

Техникалық қауіпсіздік сақтау.

Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.

Шығармашылық жұмысты жасау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы музыкалық аспапты қолдана алады.

Қалыптастырушы бағалау

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу