Жан жадыратар әуен. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Берілген сабақ бойынша оқушыларда жанр, стиль жөнінде алдыңғы білімдері бар. Сонымен қатар, сабақ барысында талданатын тақырыптар бойынша жеткілікті пәндік терминология білімдері бар.Барлық оқушылар адам өміріндегі музыканың рөлі жөнінде өз ойларымен бөлісе алады. Кейбір оқушылар музыканы талдауда мысалдар арқылы өз ойларын жеткізе алады.
Сабақ барысын ұйымдастыру кезеңі: жақын арада даму аймағын құру, оқушы зейінін шоғырландырудан бастаңыз. Презентацияда көрсетілген мақсат пен бағалау критерийлерін ұғындыра отырып, талқылаңыз. Сонымен қатар, тақырып мазмұнын ашып, термин сөздіктерді талдаңыз. Кейін, жаңа тақырып бойынша сыныпты топқа бөліп, карточкаларда көрсетілген сұрақтар бойынша топта талқылау жүргізіңіз:
1 топ:
|
|
3 топ:
|
4 топ:
неге өмірде «жеңіл» музыка пайда болды? |
Талқылау бойынша оқушлар сынып алдында өз жауабымен бөлісе алады.
Тыңдау тапсырмасын орындау үшін Дж.Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығармасынан үзінді тыңдатыңыз.
-Бұндай музыканы немен байланыстыруға болады?
-Тыңдаған сәтте сіздерге қандай ой келді?
Бұл шығарманы тыңдағанда көз алдарыңызға музыка арқылы елестеген бейнелерді суреттеп салуды ұсыныңыз.Тапсырма орындамас бұрын, оқушыларды тапсырмаға араналған дескрипторлармен таныстырыңыз:
Дескриптор:
-Музыка мен қиялдағы бейнені ұштастыра алады.
-Музыка толқындарын ашық түстермен бере алады.
-Тыңдаған музыкасын есте сақтау арқылы суреттей алады.
Сынып алдында өз жұмыстарын дескриптор бойынша бағалауды сұраңыз.
Талқылау тапсырмасын орындау үшін, «кавер» дегеніміз не, музыкаға кавер қалай жасауға болады, қандай композициялардың кавер түрін тыңдадыңыз, сұрақтары арқылы талқылау жүргізіңіз.
Талқылаудан соң, оқушыларды топтарға бөліп, ұғымдарды анықтауды сұраңыз.
1 топ- «Кавер» дегеніміз не?
2 топ - Кавер үлгілері.
3 топ - Кавер түрлерінің ерекшеліктері.
Әр топ өз талдауымен сынып алдында таныстырған жөн.
Импровизация және музыка шығару тапсырмасында қазақ әндері («Дудар-ай», «Құсни-Қорлан»т.б.) негізінде өз кавер түрін құрастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға ұнаған әнін таңдауға мүмкіндік беріңіз. Әнді түрлендіру бойынша таңдау мүмкіндігі де бар. Сыныпты екі топқа бөліңіз.
Таңдау:
-Әннің кавер түрі;
-Компьютер бағдарламасы көмегімен өңделген музыка үзіндісі.
Тапсырманы орындамас бұрын, тапсырмаға арналған критерийлермен таныстырыңыз:
- Ән ырғағының сәйкестігі;
- Ән үзіндісінің толық орындалуы;
- Қазақ әндері негізінде.
Орындалған тапсырманы топтар презентация тапсырмасында орындай алады:
Топтардың сынып алдында орындауы.
- Қандай дыбыс әсерлерін қолдандыңыз.
- Өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз?
- Сыныптастарыңыздың жұмысын қалай бағалайсыз?
- Нені жақсартуға болады?- сұрақтары көмегімен мұғалім тарапынан кері байланыс бере аласыз.
Сабақ соңында төмендегі сұрақтар көмегімен сабақты қорытындылап, карточкада көрсетілген ойды аяқтау мақсатында рефлексия жүргізіңіз:
- Кавер- тәсілінің тиімділігі неде?
-Lounge музыкасын қай жерлерге қолданар едіңіз?
-Ойларыңызды ортаға салып, жасалған туындыларға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Жан жадыратар музыкасының ерекшелігі неде? | .................... |
Музыкалық бағдарламалар көмегінің шығарманы түрлендіруге себебі бар ма? | ....................... |
Кавер тәсілінің тиімділігі неде? | ......................... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?