Эстрадалық музыка. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Заманауи музыка мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эстрадалық музыка

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.2 – әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау түрлерін салыстыру

6.1.2.2 – эстрада музыкасының жанрлары мен бағыттарын анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • қазақтың халық әні «Он алты қызды» түрлі орындауда тыңдап, талдайды;
  • орындауларды анықтайды және салыстырады
  • эстрадалық музыка деген не екенін зерттейді;
  • қазақтың халық әні «Он алты қызды» орындайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • әртүрлі стильде орындалған әнді салыстырады;
  • эстрадалық музыкалардың жанры мен бағытын анықтайды;
  • әннің көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

музыканы талдау және талқылау барысында пәндік терминдерді қолдана отырып шығарманы сипаттайды.

Талдауға арналған сұрақтар:

  • Эстрадалық музыка дегеніміз – бұл…
  • Эстрадалық музыка классикалық музыкадан … ерекшеленеді.
  • Қазақ эстрадалық музыкасының алғашқы орындаушылары....

Терминдер және түсініктер:

Эстрада, эстрадалық музыка, эстрадалық музыка түрлері, эстрадалық ансамбль.

 Құндылықтарды дарыту

Ұлттық музыка және әлемдік музыка мәдениетіне деген сыйластық, үштілділікті дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

Мүмкін болған жағдайда ақпарат іздеу барысында компьютер, ноутбуктар қолданады.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта оқушылар АКТ дағдыларын бағдарламада жұмыс жасау барысында толық дамыта алады.

Бастапқы білім

Осы тақырыптар негізінде жаңа пәндік анықтамаларды, классикалық музыка жынрының шығу тарихын біледі.Сонымен қатар, эстрадалық әндер мен әншілерді білуі мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

5 мин.

3 мин.

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың оқу мақсаты, сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тапсырма. Тыңдау және талдау.

Қазақтың халық әні «Он алты қызды» Ғ.Құрманғалиевтің, ВИА «Дос - Мұқасанның хордың орындауындағы үзінділерді тыңдату. Келесі сұрақтар бойынша талқылау:

  • Бұл ән сізге таныс па?
  • Бұл ән не жайында айтылады?
  • Ұсынылған орындаулар несімен өзгешеленеді?
  • Қандай музыкалық аспаптар ойналды?
  • Ұсынылған орындаудың қайсысы эстрадалық болады?

Презентация

Қазақтың халық әні «Он алты қыз» Ғ.Құрманғалиевтің орындауында:

http://audio.nur.kz/1269226-garifulla-kurmangaliev-16-devushek

ВИА «Дос - Мұқасанның» орындауында:

http://audio.nur.kz/720993-dos-mukasan-16-kiz

хордың орындауында:

https://www.youtube.com/watch?v=u84Jc3tjis0

Сабақтың ортасы

3 мин.

10 мин.

3 мин.

10 мин.

Тапсырма. Ақпарат іздеу.

Сұрақтарды талқылау үшін сыныпты карточкалармен топтарға бөлу.

1 топ – эстрадалық музыка тарихы;

2 топ - Қазақстандағы эстрадалық музыка;

3 топ – Қазақстандағы алғашқы эстрадалық әншілер.

(Оқушыларға ноутбук таратып беру. Ноутбук болмаған жағдайда энциклопедия немесе ақпарат беретін кітап, журнал, газет ұсыну).

Оқушылар постер түрінде, өз сұрақтарын қорғайды.

  • Эстрада дегеніміз не?
  • Эстрадалық музыка дегеніміз не?
  • Эстрадалық ансамбль дегеніміз не?
  • қандай эстрадалық музыканы білесіздер?
  • Эстрадалық музыканың, классикалық музыкадан айырмашылығы неде?

Тапсырма. Ән үйрену және орындау.

Қазақтың халық әні «Он алты қызды» үйрету және жеке, топпен, барлық сыныппен орындату.

  • Әннің көркем бейнесі қандай?
  • Қандай темпте орындадыңыз?

Карточкалар

А3 қағаз, түрлі түсті қарындаштар

Ноутбуктар

Қазақтың музыка мәдениеті энциклопедия

Қазақтың халық әні«Он алты қыз»

https://www.youtube.com/watch?v=oJ_jeX1lebI

Сабақтың соңы

3 мин.

Рефлексия

білдім;

Мен білемін

білгім келеді.

Үйге тапсырма. Әннің сөзін жаттау.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ән орындау барысында вокалдық дағдысы жоғары оқушылар солист бола алады.

Топтық бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу