Балет өнері. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары. 5 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар:

6.1 Классикалық музыканың үздік туындылары

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Балет өнері

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

 Сабақ мақсаттары:

  • Балет өнерінің музыкалық шығармасын талдау және жанрларымен танысу;
  • Музыкалық шығарманы орындау барысында балет өнерінің көркем бейнесін көркемдеуші құралдар арқылы көрсету, салыстыру.

Бағалау критерийлері

  • Балет өнерінің музыкалық шығармасын талдап және оның жанрларымен таныса алады;
  • Музыкалық шығарманы орындау барысында балет өнерінің көркем бейнесін көркемдеуші құралдар арқылы көрсетіп, салыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады.

Лексика и терминология:

Балет, балетмейстер, пантомима, хореография

Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер:

Бұл әуеннің көңіл-күйі ...

Оркестрге арналған шығарманы орындау барысында ... қиындықтарға тап болдық.

Тыңдалған шығарманы сынып алдында ... көрсете білдік.

Құндылық

Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, бірлесе жұмыс жасау.

Бастапқы білімдер

Өткен сабақта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Қорлар

Сабақ басы

0-5

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды балет өнерінің фотосуреттері арқылы 4 топқа бөлу.

Сабақ тақырыбын мозаика әдісі арқылы ашу.

Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау

Қосымша №1

Сабақ ортасы

2.Сабақ барысы

Баяндама.

Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль.

Балет – сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет – ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима.

Қаһармандық, драмалық, комедиялық, сюжеттік жанрларға бөлінеді.

Сонымен:

1.Балет дегеніміз не?

2.Балеттің түрлерін атаңыз.

3.Балет нені көрсетеді?

Тапсырма 1. Бейнебаян тамашалау.

Оқушылармен балет өнерінің бейнебаянын тамашалаңыз.

Тапсырма 2. Талдау және салыстыру.

Балет өнернің 4 жанрын топ ішінде талдап, салыстырыңыз.

Кестені толтырыңыз.

Балет жанрлары

Сипаттамасы

қаһармандық

драмалық

комедиялық

сюжеттік

Тапсырма 3. Орындау.

Балет өнернің 4 жанрына топпен қойылым жасаңыз.

Бағалау критерийлер:

  • Балет өнерінің 4 жанрын анықтай алады;
  • Топ ішінде рөлдерді бөле алады;
  • Балет өнерінің көркем бейнесін көркемдеуші құралдар арқылы көрсете алады.

Дескрипторлар:

  • Балет өнерінің 4 жанрын анықтады;
  • Топ ішінде рөлдерді бөлді;
  • Балет өнерінің көркем бейнесін көркемдеуші құралдар арқылы көрсетті;
  • Тапсырманы креативті орындады;
  • Әр оқушы өз рөлін сомдады.

3.Бағалау

«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау өткізу.

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша №4

Қосымша №5

Сабақ соңы

35-40

4. Рефлексия

Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды.

«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу.

Қосымша №6

Дифференциация мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану.

Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады.

Техникалық қауіпсіздік сақтау.

Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.

Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы өзге оқушыларға өзінің көмегін тигізе алады.

Қалыптастырушы бағалау

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу