Орган музыкасы. Музыка, 5 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ барысын оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырудан бастаңыз. Сабақтың басында «Аспаптар галереясы» тапсырмасы арқылы талқылау өткізіп, орган аспабы жөнінде жаңа мәлімет беріңіз. (Орган (грек. огgаnоn – құрал, аспап) – үрмелі клавишті музыкалық аспап. Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Египет,Византия елдерінде пайда болды. 7 ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Органның дыбыс тембрі ерекше және түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы әр түрлі түтіктері болады. Әр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Әрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD).
Органның 1 – 7 мануал (әрқайсысында 72 клавиштан), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. Йоганн Себастиан Бах, В.А. Моцарт, Л.Бетховен, Й.Гайдн, И.Брамс, Д.Шостакович, т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында (1967) орнатылып, орган класы ашылған. Алматыдағы Қазақ филармониясында, Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында (2005) орган орнатылды.
Тыңдау және талдау тапсырмасы.
Тапсырманы орындамас бұрын, оқушыларды түрлі түсті (қызыл, жасыл, сары) карточкалар көмегімен топқа бөліп алыңыз. И.С Бахтың «Токката мен фуга» ре минор шығармасынан (аудио, мүмкіндік болса видеожазба) үзінді тыңдатып, сабақ жоспарында көрсетілген сұрақтарды топта талдап, токката, фуга сөздерінің айтылуын жаттықтырыңыз.
Ақпарат іздеу тапсырмасы.
Оқушыларды топқа берілетін тапсырма атауына байланысты бөліп, өткізіңіз. Әр топ берілген критерийлер бойынша бірін бірі бағалайды. Оқушыларға дайындалу үшін уақыт беріп, содан кейін топ мүшелерінің жауаптарын тыңдаңыз. Оқушылардың берілген ақпаратты дәптерге жазбаша түсіруін қадағалаңыз.
Орындау тапсырмасы.
И.С Бах «Токката мен фуга» ре минор шығармасының негізгі әуенінің үзіндісін (3 фразасын) "та" буынымен бірнеше мәрте орындату, сонымен қатар әуенді таза айтып, ырғағының нақты айтылуын қадағалау. Ән орындау ережесіне сай ырғақтық суретті қосып орындау. Балалармен канон терминін еске үсіріп, әуенді сыныппен орындау.
1 топ - оқушылар, 2 топ- мұғалім.
Қосымша тапсырма: Оқушылардан әуеннің қозғалысын бірнеше рет қолмен көрсетуді кейін оны сызықтардың көмегімен жазып көрсетуді ұсыныңыз. Үлгіге қарап, өзін өзі тексертуді ұйымдастырыңыз.
Тапсырма. Қорытындылау.
Оқушыларға парақшаларды таратып, түсініктер сай ұғымдарды сәйкестендіру. токката, фуга, И.С.Бах, орган, аспаптық музыка, вокалдық музыка, үрмелі топ, ішекті топ, ұрмалы топ, классикалық музыка. Бірінші болып аяқтаған топқа оқып шығуды тапсыруды сұраңыз.
Сабақ соңында берілген сұрақтар бойынша рефлексия жүргізіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?