Табиғи құбылыстар және музыка. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғи құбылыстар

1 сабақ

Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғи құбылыстар және музыка

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;

4.1.2.2 - ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • классикалық музыканы тыңдайды және талдайды;
  • музыкалық шығарманың көркемдеуші құралдарын анықтауды үйренеді;
  • ырғақтық және динамикалық ансамбльді сақтайп сүйемелдеу жасап үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

музыкалық шығарманың жанрын, сипатын және музыканың көркемдеуші құралдарын анықтайды;

музыкалық шығарманың сипатына сәйкес ырғақтық сүйемелдеу жасайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладай;
  • өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

Музыканың көркемдеуші құралдары

Екпін

Динамика

Сипаты

Талқылау сұрақтары:

  • Табиғат пен музыканың қандай байланысы бар?
  • Шығарманың сипаты қандай?
  • Шығармаларды тыңдаған кезде қандай бейнелер туындайды?
  • Шығарманың музыкалық формасын анықтаңыз.

Құндылықтарды

дарыту

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Ұжымдық жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін құрметтеу

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімде оқушылар музыкалық мамандықтардың алуан түрлілігі, музыка шығарушылар мен орындаушылардың айырмашылығы туралы оқып білді. Оқушылар музыкант, дирижер, вокалды және аспапты музыка ұғымдарымен танысты. Олар шығармаларды тыңдап, балалар, әйелдер және ерлер дауысы түрлерімен танысты, жаңа әндер жаттады және бөлімнің тақырыбы бойынша шығармашылық жоба жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабақ тақырыбын анықтау және мақсаттарын ашу үшін оқушыларға табиғат құбылыстарының дыбыстары тыңдатылады.

Сұрақтар:

  • Балалар, бұл қандай дыбыстар?
  • Табиғат пен музыканың қандай байланысы бар?

Үшінші тоқсанда біз табиғаттың музыкамен байланысын қарастырамыз, үлы композиторлардың табиғатқа арнап шығарған музыкалық туынтыларымен танысамыз.

Ал бүгінгі сабақтың тақырыбы «Табиғат құбылыстары мен музыка»

Бүгінгі сабақта

  • біз классик композиторлардың табиғат құбылыстарына арнап жазған туынтыларымен танысамыз;
  • тыңдаған музыкалық шығармаларды талдаймыз.

Табиғат дыбыстары

Презентация

Сабақтың ортасы

1 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

1.Музыкалық шығармалардың үзінділерін тыңда.

  • Антонио Вивальди «Гроза»
  • Эдвард Григ «Утро»
  • Людвиг ван Бетховен. Соната №17 «Буря»
  • Сергей Скрипка «Наводнение»

Оқушыларға музыкалық терминдер түсіндіріледі.

Музыканың динамикасы

Музыканың екпіні

Музыканың сипаты

Музыканың көркемдеуші құралдары

Әр термин бойынша оқушыларға таратпа дидактикалық материал үйлестіріледі.

Оқушыларға мұғалім тек композиторларды атайды және төрт түрлі құбылыстың суреті салынған таратпа береді. Оқушылар музыканың сипатына сай қай суретке сәйкес келетінін анықтауы тиіс.

Әр тыңдалған музыканың композиторы есімін сәйкес суреттің қасына жаз.

2 тапсырма. Өзара бағалау.

Қасыңда отырған оқушымен жұпқа бірігіп, өз жауаптарыңды салыстыр, бір-біріңнің жұмыстарыңды бағала.

Оқушылармен бірге әр шығарманы қайтадан тыңдау және суреттермен салыстырып образын түсіну.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

-Табиғи құбылысты бейнелеу үшін композитор қандай көркемдеуші құралдарын қолданады? Өз жауабыңды түсіндір.

-Шығармаларды тыңдаған кезде қандай бейнелер туындайды?

3 тапсырма. Орындау.

Мұғалім сыныпты екі топқа біріктіреді

1 топ - динамикалық ансамбль тобы

2 топ – ырғақтық ансамбль тобы

Оқушыларға топ ішінде түрлі динамикалық реңктер мен ырғақтар үйлестіріледі.

Оқушылар мұғалім көрсетуімен музыкаға сүйемелдеуді сол динамика мен ырғаққа сай орындауы тиіс.

Тапсырма: Вивальдидің «Гроза» шығармасына ырғақтық сүйемелдеу жаса. Сүйемелдеу жасау барысында қажет динамикалық реңктер мен реңктерді дұрыс пайдалан.

https://www.youtube.com/watch?v=N5SIxDLO2io

Эдвард Григ «Утро»

https://www.youtube.com/watch?v=6n41kxhkZDs

Людвиг ван Бетховен. Соната №17 «Буря»

https://www.youtube.com/watch?v=z1m8QjFAlOo

Сергей Скрипка «Наводнение»

https://muzofond.com/search/наводнение

Сабақтың соңы

Рефлексия.

  • Мен бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдым?
  • Сабақ маған несімен қызықты болды?
  • Маған қай тапсырма қиын немесе түсініксіз болды?

Оқушылар топтарда ақылдасып мұғалімнің үш сұрағына ауызша жауап береді.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орындау барысында динамикалық реңктер мен ырғақтық суреттемені тарату

Музыканы талдау кезінде қиындық туындаған оқушыларға жекелей көмек көрсету

Дескрипторлар арқылы

Өзара бағалау арқылы

Бақылау арқылы

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу