Бірге демаламыз. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінің алғашқы тақырыбы «Бірге демаламыз» деп аталады. Сабақтың тақырыбын және мақсатын ашып алу үшін оқушыларға мерекелік іс-шаралар суреттелген карточкалар таратып беріңіз және олардан суретте көрсетілген мереке туралы әңгімелеп беруді сұраңыз. Ол үшін алдын ала суреттерді шығарып, оқушыларға жететіндей етіп каторчкалар дайындап алыңыз. Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.

Сабақтың мақсатымен тақырыбымен таныстырыңыз.

1-тапсырмада оқушыларға «Отбасы» туралы әңгімелесуді ұсыныңыз. Сұрақтарды талқылап, отбасы күні туралы ақпарат беріңіз. Дидактикалық материалдар. 2-қосымша.

2-тапсырмада оқушыларға Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында, әні мен сөзі Ғ.Өзбекбайқызының «Ағайынбыз бәріміз» әнін тыңдауды және сұрақтарды талқылауды тапсырыңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=zumrqkN2kv0

Сұрақтарды талқылаңыз. Достық, халықтар бірлігі туралы әңгімелесіңіз. Қазақстанда тұратын 130 дан астам ұлт өкілдерінің бар екенін, олардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаны туралы айтып кетіңіз. Дидактикалық материалдар. 3-қосымша.

3-тапсырмада оқушыларға жұппен жұмыс жасайтынын ескертіңіз. «Халықтар достығы» тақырыбына екі шумақ өлең құрастыруды және өлеңге әуен жазуды тапсырыңыз. Жазған өлеңдерін музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орындауды ұсыныңыз. Оқушыларға алдын-ала музыкалық (домбыра, сентизатор, гитара) және шулы- музыкалық (маракасы, асатаяқ, тоқылдақ, кастанеттер және т.б) аспаптар дайындап алыңыз. Дайындыққа уақыт беріңіз.

4-тапсырмада оқушыларға шығарған композициясын сынып алдына таныстыруды және критерий бойынша бағалауды тапсырыңыз. Бағалау критерийін оқушылармен бірге дайындаңыз немесе өзіңіз ұсыныңыз. Мысалы,

Бағалау критерийлері:

  • Өлең шығарады;
  • Өлеңнің мазмұны тақырыпты ашады;
  • Өлеңге әуен құрастырады;
  • Әуен мәтінге сәйкес келеді;
  • Музыкалық аспапта сүйемелдейді.

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Отбасының маңызын айта алады;
  • Қазақстанда тұратын халықтардың ынтымақтастығы және дотығы туралы айтады;
  • «Халықтар достығы» тақырыбына өлең шығарады;
  • Өлеңге әуен құрастырады және музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды;
  • Өз жұмыстарын таныстырады және бағалайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу