Бірге демаламыз. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 – сабақ.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
8 бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
1 тақырып «Бірге демаламыз»
Сабақты отбасы туралы бейнеролик қараудан бастаңыз.
Талқылау үшін оқушыларға сұрақтар қойыңыз.
- Бұл бейнероликте не көрдіңіз?
- Отбасыңыздағы демалыс күндері қалай өтетіні туралы айтып беріңізші.
- Демалыста музыканы тыңдап, ән айтасың ба?
- Демалыс күндері шағын мереке деп айта аламыз ба?
Оқушыларға Отбасы күні мерекесі жайлы айтыңыз:
Балалардан отбасы күнін не үшін атап өтеміз? деп сұраңыз.
Оқушылармен жаңа ән тыңдаңыз. Әнді тыңдамас бұрын әннің тақырыбын айтпаңыз, оқушылар өздері тыңдап болған соң талдау кезінде әнде қандай құндылықтар туралы айтылғанын анықтауы керек. Егер атасы мен әжесімен тұратын оқушылар, болса немесе толық емес отбасыдын оқушылар болса бұл тақырыпқа дайындалмас бұрын сол оқушыларды ескеріп арнайы тапсырма дайындаңыз.
Шығармашылық тапсырмада топтарға бөлген уақытта әкесі жоқ немесе анасы жоқ балалларды атам әжем, бала топтарына қосыңыз. Бұл сабақтыъң эмоционалдық жағынан жағымды өтуіне ықпал етеді
Оқушылар топпен бірге сол отбасы мүшесінің музыкаға сәйкес образын көрсету керек.
Мұғалім отбасы мүшелерін оқушылар таныстырған кезде сәйкес музыканы қосып отыруына болады.
4. Ән үйрену үшін «Ата-ананы тыңдаймыз» әні ұсынылады. Әнді бірнеше рет орындап болған соң Түстерді пайдаланып оқушыларды топтарға бөліңіз.
5. Шығарма және импровизация
Отбасылық кештерде айтылуы мүмкін үйренетін әндердің тізімін жасаңыз.
Оқушыларға бұрынғы өткен музыкалық репертуарды естеріне алып, мерекеде айтуға болатын әндердің тізімін жасатыңыз.
Бүрын үйренген әндерді естеріңізге түсіріңіздер. Дәптерлердегі әннің сөздеріне қараңыздар.
6. Презентация, топтардың өзара бағалауы барысында оқушыларға бағалау парақтарын беріңіз. Олар орындаған топтың әнді екпінін, динамикасын қалай орындағанын, образын қалай жеткізгендігін белгі қою арқылы бағалайды. Егер екпіні дұрыс сақталса қосу белгісін, дұрыс сақталмаса азайту белгісін қояды.
Әр топ өздерінің толтырылған кестелерін тақтаға іліп, жазғандарын оқиды
Сабақты рефлесия өткізумен аяқтаңыз, оқушылар бұл сабаққа дейін не білгендерін, осы сабақта не үйренгенін және нені үйренгісі келесіті жайлы өз ойларын аузыша түрде айтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?