Бірге демаламыз. Музыка, 3 сынып, презентация. 1 – сабақ.


Сабақ тақырыбы:

«Бірге демаламыз»

Отбасыңыздағы демалыс күндері қалай өтетіні туралы айтып беріңізші.

- Демалыста музыканы тыңдап, ән айтасың ба?

- Демалыс күндері шағын мереке деп айта аламыз ба?

Бүгінгі сабақта

Халықаралық Отбасы күнін білеміз;

үйренген әндердің музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтаймыз;

ән үйреніп орындаймыз.

Халықаралық отбасылық күнімен танысыңыз.

15 мамырда жыл сайын атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысы жарияланды.

Мереке мақсаты - қоғамның назарын отбасының қазіргі мәселелеріне аудару.

Біріккен Ұлттар Ұйымыекінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.

Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

«Егер бір отбасының негізгі құқықтары бұзылған болса, олар мүше болып табылатын бүкіл адамзат отбасының бірлігі қауіпке ұшырайды. Отбасы - адамның әлеуметтенуіне алғашқы қадам»

1 топ - менің анам

2 топ - менің әкем

3 топ - менің атам

4 топ - менің әжем

5 топ - бала

«Ата-ананы тыңдаймыз»

әні мен сөзі Бота Бейсенова

1. Әрқашанда тыңдаймыз

Әке менен ананы.

Еңбек етіп, шыңдаймыз,

Білім менен сананы.

Біз тәртіпті баламыз,

Айтқан тілін аламыз,

Аман болсын әке мен анамыз!

2.Мейірім мен шапағат

Анашымнан тарайды,

Әділдік пен парасат

Әкешімнен арайлы.

3. Ата ананың айтқанын

Жадымызда сақтаймыз

Жарқыратып әр таңын

Сенімдерін ақтаймыз!

Сабағымызды қорытайық

Халықаралық Отбасы күні туралы не білеміз?

үйренген әндердің музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтай алдық па?

не туралы ән үйреніп орындадық?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу