Музыка және мүсін өнері. Музыка, 3 сынып, презентация. 3 – сабақ.
3 сынып. 5-бөлім.
Өнер.Музыка және мүсін өнері
Оқу мақсаты
3.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну;
3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау
Бүгінгі сабақта:
Астана қаласындағы ескерткіштерімен танысамыз;
Мүсіндер мен музыканың үйлесімділігін көрсетеміз;
Музыкалық композиция құрастырамыз;
Музыкалық шығармаларды орындаймыз.
1-тапсырма. Бейнесюжетке назар салыңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=9oHiqvlFhDA
Сұрақтарды талқылаңыз!
Мүсін өнері дегеніміз не?
Мүсін жасайтын адамды қалай атайды?
«Бәйтерек» монументінің биіктігі қанша? «Бәйтерек» монументінің идеясын кім ұсынған?
Аңыздар желісімен жасалған қандай еткерткіш?
Ескерткіштер неше түрге бөлінеді?
Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат.Латын тілі sculptura, seuplo – шекимін, қашаймын) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды.
2-тапсырма.
Музыка шығару және импровизация.
Берілген мүсіндердің суретіне мұқият қараңыз. Мүсіндердің образы назар аудара отырып музыкалық аспаптарды қолданып, музыка шығарыңыз.
3-тапсырма. Орындау
Құрастырған композицияңызды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындаңыз.
Бағалау критерийі:
Музыка шығарған;
Музыкалық аспаптар дұрыс таңдалған;
Мүсіннің образын ашады;
Топтық жұмыс қадағаланған;
Ансамблде өз партиясын меңгерген;
Музыканың көркемдеуші құралдарын дұрыс қолданған,
Композицияларын жақсы орындаған.
4-тапсырма. Әнді орында.
А.Естеновтың сөзіне жазылған А.Танидің
«Ай келбетті Астана» әнін қайталап, дирижерлық қимылдар көмегімен орындаңыз.
«Ай келбетті Астана»
1.Жан бітірер мүсінге,
Қас өнердің күшінде,
Құдірет бар қаншалық?!
Қолы алтын шеберге,
Ол тудырған өнерге,
Таңғаламыз тамсанып.
2.Бой түзеген жайсаң бір,
Үйлесімді ансамбль.
Соның бірі – Астана.
Табылмайтын жер-көктен
Өзгеше бір өрнекпен,
Сәулет құрған жас қала.
3.Сәулеті мен салтынан
Күй төгілер, шалқып ән.
Ай келбетті нұр қала.
Ерке, сылқым Есілден
Шаттық әні есілген.
Әлемдегі дүр қала.
Рефлексия:
Орындауда не жақсы шықты?
Не жақсы шықпады?
Нені жақсартуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру