Координаталық жазықтықта қиылысу нүктелерін анықтау. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 6.3С бөлім | Мектеп: | |||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: Координаталық жазықтықта қиылысу нүктелерін анықтау | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу | |||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар координат жазықтығында
| |||
Жетістік критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар қиылысу нүктесінің координаталарын табуда салу алгоритмін түсіндіріп айта алады және келесі тіркестерді қолданады:
| |||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз бетімен ақпарат табу икемдігі, жағдайларды талдау, өзі орындаған жұмыстың сапасына жауап бере білу, өз уақытын дұрыс пайдалана білу икемдігі дамытылады. Топтарда/жұптарда жұмыс істеу арқылы, бір–бірін тыңдап, ойларымен алмасып, пікірталастарға қатысуды үйренеді. | |||
Пәнаралық байланыстар | Координаталар жүйесінде қиылысу нүктелерді анықтау болашақта физикалық процесстердің графиктеріне қатысты сұрақтар жауабын табуда қажет болады | |||
Бастапқы білім | Координаталық түзу, түзулердің өзара орналасуы | |||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
сабақ басы 5 минут | І. Қайталау Мақсаты: кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу алгоритмін қайталау Сипаттама: үй жұмысына берілген тапсырма жауаптарын оқушылар дауыстап оқиды, ең ықшам және нақты жазылған алгоритм таңдалады және ол тақтада жазылады. | |||||||||||||||||||||
сабақ ортасы 5 минут 10 минут 15 минут | ІІ. Миға шабуыл Мақсаты: 6.3.2.3 оқу мақсатымен қайта таныстырып, осы мақсаттың қандай бөлігі орындалмағанын анықтау: «кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу» Сипаттама: ауызша жүргізіледі Мұғалім қызметі: тақтада 6.3.2.3 оқу мақсатының толық тұжырымдамасын көрсетеді, оның орындалмай қалған тұсын анықтауға жетелейді. Оқушы қызметі: оқу мақсатын толық оқиды және «координаталық осьтермен қиылысу нүктесі» анықталмай қалды деген жауапты берулері қажет Бағалау: «жарайсыңдар!» «дұрыс» т.б. қолпаштау ІІІ. Тапсырмалар орындау Мақсаты: кесінділердің,сәулелердің немесе түзулердің координаталық осьтермен қиылысу нүктелерін анықтау дағдыларын қалыптастыру Сипаттама: жеке / жұптық жұмыс (қабілеті жоғары оқушыларға жеке орындауға, ал қалған оқушыларға жұппен орындауға мүмкіндік беріледі) Мұғалім қызметі: тапсырмаларды түсіндіру, тарату, дұрыс орындалуын қадағалау Оқушы қызметі: әр тапсырманы түсініп орындау, бір – біріне қолдау көрсету, жауаптарын салыстыру Бағалау: өзін – өзі дайын жауап бойынша бағалау ІV. Шығармашылық тапсырма Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту Сипаттама: оқушылар 3 адамнан құралған шағын топтарда 6.3.2.3 оқу мақсатына сәйкес бір тапсырма құрастырады. Құрастырған есептерін флипчартқа жазып, шығаруға орын қалдырады. Белгіленген уақыт аяқталған соң мұғалім топтардың тапсырмаларын өзара алмастырып, үйден шығарып келуге тапсырады. Мұғалім қызметі: тапсырманы түсіндіреді. Оқушылармен бірге тапсырманы орындау критерийлерін құрастырады. Құрастырған критерийлерді тақтаға жазады. тапсырмада кесінділердің, сәулелердің, түзулердің
Оқушы қызметі: тапсырманы топпен критерийлерге сай орындайды Бағалау: өзара бағалау (келесі сабақ басында) | интерактивті тақта қосымша 3 Флипчарт, маркер т.б. құралдар | ||||||||||||||||||||
сабақ соңы 5 минут | ІV. Бағалау Сипаттама: жеке орындалады. Мұғалім қызметі: әр оқушыға стикер таратып, келесі сұрақтарға жауап беруді тапсырады
Оқушы қызметі: кестені толтыру және егер екінші, үшінші бағандарға + қойылса, мұғалімнен қосымша тапсырма алу Бағалау: өзін – өзі бағалау | стикер | ||||||||||||||||||||
Дифференциациялау Қабілеті жоғары оқушылар топтық, жұптық жұмыстарда сыныптастарына қолдау көрсетеді; шығармашылық тапсырмада белсенділік танытады деп күтіледі | Бағалау Сабақта бағалаудың әр түрлі формаларын қолдану жоспарланған. Бұл сабақта өзін – өзі бағалауды жүзеге асыру көзделген. | Пәнаралық байланыс Шығармашылық тапсырма арқылы сызба өнерімен байланыс |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||
Қосымша 3
№1. Берілген координаталары бойынша АВСDЕ және MNK сынық сызықтарын салыңыз: А (-6; 2), В (-4; 6), С (1; 1), D (2; -5), Е (8; -1) және М (-5; 6), N (-4; 4), К (8; 4). Осы сынық сызықтардың неше қиылысу нүктесі бар? Олардың координаталарын анықта.
№2. Төбелері А (-8; 6), В (6; 5), С (1; -3) және D (-7; 1) нүктелері болатын АВСD төртбұрышын салыңыз.
- АС және ВD кесінділерінің қиылысу нүктесін табыңыз.
- Осы төртбұрыш қабырғаларының абсцисса осімен қиылысу нүктелерін анықтаңыз.
№3. АВК үшбұрышын төбелерінің координаталары арқылы салыңыз: А (-2; -2), В (1; 5) және К (6; -2).
- АК қабырғасының ордината осімен қиылысу нүктесін тап;
- КВ сәулесінің ордината осімен қиылысу нүктесін тап;
- АК қабырғасын (2; -2), ал ВК қабырғасын (4; 1) нүктесінде қиып өтетін түзу сал. Бұл түзудің ордината осімен қиылысу нүктесі қандай болады?
№4. Миллиметрлік қағазды пайдаланып, АВ және CD түзулерінің қиылысу нүктесін анықта:
а) А (-1,2; 5,6), В (6,4; -0,8), С (-1,2; -1,8), D (4,9; 1,5);
b) А (2,4; 5,1), В (-3,6; -0,8), С (4,5; -1,3), D (-2,7; 3,9).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру