Координаталық жазықтықта қиылысу нүктелерін анықтау. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
- Координаталық жазықтықта А (-2; -1) B (4; 8) C (1; 7) және D (5; -1) нүктелерін белгілеп, AB сәулесі мен СD кесіндісін салыңыз. Олардың қиылысу нүктесі қандай болады?
- Төбелерінің координаталары бойынша АВС үшбұрышын салыңыз: А (-3; -4), В (6; 2), С (3; -4).
- Үшбұрыш қабырғаларының координаталық осьтермен қиылысу нүктелерін табыңыз.
- Т (1; 4) және Р (2; 2) болатын ТР сәулесінің осы үшбұрыш қабырғаларымен қиылысу нүктелерін салыңыз. Қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңыз.
- Миллиметрлік қағазды пайдаланып, АВ кесіндісін, CD сәулесін және ЕМ түзуін салыңыз: А(-1,4; -1,2), В(0,2 -0,4), С(-0,2; 0,2), D(-0,1; -0,2); Е(-2; -2,2) және М(-1,6; 0,3).
а) осы сызықтардың қайсылары өзара қиылысады?
b) қиылысу нүктелерінің координаталарын анықтаңыз.
- А(-4; 6), B(-2; -2), C(6; 0), D(6; 1), М(4; -5), N(4; 4), К(-2; 4) және Т(-5; -2) болатындай АВСD және MNKТ төртбұрыштарын салыңыз. Олардың қабырғаларының қиылысу нүктелері қанша? Қиылысу нүктелерінің координаталары қандай?
- Капитан Флинт қазынаны елсіз аралға жасырып қойды. Ол өлер алдында қазына жасырынған жер орналасқан аралдың картасын қалдырды. Қазына картадағы бірінші мен үшінші және екінші мен төртінші емендерді қосатын кесінділердің қиылысында орналасқан. Бірінші емен (3; 5), екінші емен (-2; 7), үшінші емен (-5; 1) және төртінші емен (8; -3) нүктелеріне сәйкес келетінін ескеріп, қазынаны табыңыз!!!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру