Координаталық жазықтықта қиылысу нүктелерін анықтау. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.3С бөлім

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Координаталық жазықтықта қиылысу нүктелерін анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар координат жазықтығында

  • Кесінділердің қиылысу нүктелерін анықтай алады
  • Сәулелердің, түзулердің қиылысу нүктелерін анықтай алады

Бағалау

критерийлері

  • координаталық жазықтықты біледі
  • координаталық жазықтықта нүктенің екі координатасы болатынын түсінеді
  • қиылысу нүктесін анықтай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қиылысу нүктесінің координаталарын табуда салу алгоритмін түсіндіріп айта алады және келесі тіркестерді қолданады:

  • нүктенің абсциссасы ... тең;
  • нүктенің ординатасы ... тең;
  • берілген нүктенің координатасы ...;
  • нүкте абсцисса осінде жатқандықтан, оның ...;
  • нүкте ордината осінде жатқандықтан, оның ...;

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз бетімен ақпарат табу икемдігі, жағдайларды талдау, өзі орындаған жұмыстың сапасына жауап бере білу, өз уақытын дұрыс пайдалана білу икемдігі дамытылады.

Топтарда/жұптарда жұмыс істеу арқылы, бір–бірін тыңдап, ойларымен алмасып, пікірталастарға қатысуды үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Координаталар жүйесінде қиылысу нүктелерді анықтау болашақта физикалық процесстердің графиктеріне қатысты сұрақтар жауабын табуда қажет болады

Бастапқы білім

Координаталық түзу, түзулердің өзара орналасуы

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

сабақ басы

10 минут

І. Қайталау. Үй жұмысын тексеру

Мақсаты: өткен сабақты пысықтап, үй жұмысын тексеру

Сипаттама: ауызша жүргізіледі

Мұғалім қызметі: үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою арқылы оқушылардың дайындығын қадағалайды. Қателер болса, оны түзетуге бағыт береді.

Оқушы қызметі: аты аталған оқушы мұғалім сұрағына жауап береді, бірін-бірі тыңдайды.

Бағалау: өзін-өзі бағалау (қателер болса, дәптерде түзетіп отырады)

Оқушылар есімдері жазылған таяқшалар

сабақ ортасы

10 минут

15 минут

ІІ. Қызығушылықты ояту: Құпия сөзді тап

Мақсаты: координаталық жазықтықта қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табуға бағыттау, оқушылар қызығушылығын ояту.

Сипаттама: топтық жұмыс (3 оқушыдан) арқылы сабақтың мақсаты айқындалады. Ол үшін әр топ өз тапсырмасын орындау арқылы құпия сөзді анықтайды, содан соң топтардың жауаптары тақтада ілініп, барлық сөздерден сөйлем, яғни сабақтың мақсаты құрастырылады: «КЕСІНДІЛЕРДІҢ, СӘУЛЕЛЕЛЕРДІҢ, ТҮЗУЛЕРДІҢ ҚИЫЛЫСУ НҮКТЕСІН АНЫҚТАУ».

Мұғалім қызметі: тапсырманы түсіндіру, оқушыларды топтарға бөлу және тапсырманы тарату. Қажет болған жағдайда топтарға қолдау көрсету.

Оқушы қызметі: тапсырманы топпен ұқыпты орындау, жұмыстарының нәтижесін тақтада көрсетуге дайындау,

Бағалау: өзара бағалау, мұғалім тарапынан смайликтер арқылы бағалау

ІІІ. Қиылысу нүктесін анықтау тапсырмаларымен жұмыс

Мақсаты: оқу мақсатын жүзеге асыру, дағды қалыптастыру

Сипаттама: жұптық жұмыс арқылы тапсырмалар орындалады

Мұғалім қызметі: қабілет деңгейі әртүрлі оқушыларды жұптастыру. Тапсырмалар тарату және тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау

Оқушы қызметі: тапсырмаларды түсініп орындау, бір – біріне көмектесу

Бағалау: мұғалім жауаптың дұрыс – бұрыстығын анықтап, қателер болса, түзетуге бағыт береді

қосымша 1

қосымша 2

сабақ соңы

5 минут

ІV. Кері байланыс

Мақсаты: оқушылар ойын жинақтау

Сипаттама: ауызша

Мұғалім қызметі: сұрақтар қою, жауаптардың дұрыс-бұрыстығын тексеру, қателер болса, түзеуге бағыттау

Оқушы қызметі: сұрақты мұқият тыңдап, жауап беру, сондай – ақ бір – бірінің жауаптарын тыңдау

Сұрақтар:

  • График арқылы абсциссасы берілген нүктенің ординатасы қалай анықталады?
  • Кесінділердің (сәулелердің, түзулердің) қиылысу нүктесін табу үшін алдымен қандай әрекет жасалады?
  • Неге қиылысу нүктесін анықтағанда алдымен абсциссасын табамыз?
  • Қиылысу нүктесін анықта деген тапсырманың жауабы қандай болу керек?

Үйге тапсырма:

кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу алгоритмін құрастырып келу.

Дифференциациялау

Қабілеті жоғары оқушылар топтық, жұптық жұмыстарда сыныптастарына қолдау көрсетеді; белсенділік танытады деп күтіледі

Бағалау

Сабақта бағалаудың әр түрлі формаларын қолдану жоспарланған. Алғашқы сабақта мұғалім тарапынан бағалауға басымдық берілді.

Пәнаралық байланыс

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

1 – топ

Координаталық жазықтықта сызық бейнеленген. Осы сызық бойынан абсциссасы төмендегі сандар болатын нүктелерді анықтап, ординатасын әріптер арқылы жазыңыз:

1; 2; 3; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11,3; 15; 17; 18.

Нәтижесінде қандай «құпия сөз» пайда болды?

2 – топ

Координаталық жазықтықта сызық бейнеленген. Осы сызық бойынан абсциссасы төмендегі сандар болатын нүктелерді анықтап, ординатасын әріптер арқылы жазыңыз:

1; 3; 7; 7,8; 9; 10; 11; 12; 13; 13,5; 14.

Нәтижесінде қандай «құпия сөз» пайда болды?

3 – топ

Координаталық жазықтықта сызық бейнеленген. Осы сызық бойынан абсциссасы төмендегі сандар болатын нүктелерді анықтап, ординатасын әріптер арқылы жазыңыз:

1; 2; 5; 7; 8; 9; 11; 13; 14,2; 15.

Нәтижесінде қандай «құпия сөз» пайда болды?

4 – топ

Координаталық жазықтықта сызық бейнеленген. Осы сызық бойынан абсциссасы төмендегі сандар болатын нүктелерді анықтап, ординатасын әріптер арқылы жазыңыз:

1; 1,8; 4; 5; 6; 7; 10,5.

Нәтижесінде қандай «құпия сөз» пайда болды?

5 – топ

Координаталық жазықтықта сызық бейнеленген. Осы сызық бойынан абсциссасы төмендегі сандар болатын нүктелерді анықтап, ординатасын әріптер арқылы жазыңыз:

2; 3; 5; 7,5; 9; 10,5; 12; 15.

Нәтижесінде қандай «құпия сөз» пайда болды?

6 – топ

Координаталық жазықтықта сызық бейнеленген. Осы сызық бойынан абсциссасы төмендегі сандар болатын нүктелерді анықтап, ординатасын әріптер арқылы жазыңыз:

1; 2; 3; 4; 5; 7; 9.

Нәтижесінде қандай «құпия сөз» пайда болды?

Ескерту: 1, 2 және 3 топ тапсырмалары күрделірек, 4, 5 және 6 топ тапсырмалары жеңілрек.

Қосымша 2

Берілген кесінділердің, түзулердің және сәулелердің қиылысу нүктелерін табыңыз:

1. Егер Х(–2;2), Y(4;4), Z(0;5), P(3;–1) болса, ХY кесіндісі мен ZP кесіндісінің;

2. Егер Х(–2;2), Y(2;2), Z(0;5), P(–2;–1) болса, ХY кесіндісі мен ZP түзуінің;

3. Егер Х(–2;2), Y(4;–1), Z(–2;–2), P(0;–1) болса, XY кесіндісі мен ZP түзуінің;

4. Егер X(–1;0), Y(3;4), Z(5;–2), P(2;1) болса, XY кесіндісі мен ZP түзуінің;

5. Егер X(–3;–3), Y(–2;–1), Z(4;–1), P(1,5;0) болса, XY сәулесі мен ZP сәулесінің;

6. Егер X(–3;–3), Y(–2;–1), Z(4;1), P(–1;3,5) болса, XY сәулесі мен ZP кесіндісінің;

7. Егер X(–3;–3), Y(0;–0,75), Z(1;–2), P(1;–1) болса, онда XY сәулесі мен ZP сәулесінің;

8. Егер X(–2;1), Y(–1;0), Z(–2;–1), P(0;1) болса, XY сәулесі мен ZP кесіндісінің;

9. Егер X(–2;2), Y(0;1), Z(2;–1), P(2;2) болса, түзуі мен ZP сәулесінің;

10. Егер X(–2;2), Y(0;2), Z(2;–1), P(0;0,5) болса, түзуі мен ZP сәулесінің;

11. Егер X(–2;2), Y(1;–1), Z(0;0), P(–1;1) болса, XY түзуі мен ZP түзуінің;

12. Егер X(–3;–3), Y(–2;–2), Z(–1;0), P(–1;1) болса, XY түзуі мен ZP түзуінің;

13. Егер X(–2;2), Y(–1;1), Z(2;1), P(4;2) болса, XY түзуі мен ZP түзуінің.

А (1; 3)

E (-1; 1)

K (0; 3)

S (-2; 2)

B (1; 2)

F (1; -3)

L (-1; 2)

T (6; 0)

C (3; -1)

H (1; -1)

M (5; -1)

V (0; 0)

D (1; 0)

I (2; 0)

N (-1; 0)

W (3;3)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу