Координаталық түзу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: математика | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Дата: | Класс: 6 | Оқушы саны: | |||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану (20 сағат) | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Координаталық түзу. | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оң сандар. Теріс сандар. | ||||||||||||||||||||
Оқыту мақсаттары | 6.1.1.4 - координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу; | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушыларға координаталық түзудің анықтамасын түсіндіру, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты ажырата алуға, координаталық түзу шкаласын салуға үйрету, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін ұғындыру, координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсету | ||||||||||||||||||||
бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты: - координаталық түзуді сызу, - координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағыттар, - координаталық түзу шкаласы, - берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді, - координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеу. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Пәнге тән лексика мен терминология
| ||||||||||||||||||||
Құндылық-тарды дарыту | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. - академиялық адалдық құндылығын, бір-біріне құрмет құндылығын дарыту; - елжандылыққа тәрбиелеу; - шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
|
| |||||||||||||||||||
Дифферен-циация | №324 | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ActiveInspire, PowerPoint | ||||||||||||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау | ||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 2 мин 4 мин Сабақтың ортасы 15 мин | Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу және сабаққа қатыстып отырған оқушыларды түгелдеу. Кубизм әдісі бойынша өткен сабақты қайталау. Кубтың әрбір жағында бір сұрақтан жазулы тұрады. Кубты оқушылар лақтырғанда қай сұрақ жоғарғы жағында болса, сол сұраққа оқушылар жауап береді. Куб жағындағы сұрақтар:
Үй жұмысын тексеру. №286, №287, 288 (5-8)№296 Жаңа сабақты слайд арқылы көрсету. Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады.
Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз. 1 – сурет Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу. О нүктесі координаталық түзуді қарама – қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі. I. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді: (0). Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен (санақ басынан) оң бағытта оң сандар кескінделеді. II. Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу. Таңдап алынған бірлік кесінді О нүктесінің оң жағына, бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салынады (2-сурет). Бірлік кесіндіні бірінші рет салғанда оның соңғы А нүктесі 1 санына сәйкес, екінші рет салғанда, оның соңғы В нүктесі 2 санына сәйкес болады. оған жалғастыра бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы С нүктесі 3 санына сәйкес және т.с.с. болады. 2 –сурет Координаталық түзудегі оң бағытқа қарама-қарсы (солға қарай) бағыт теріс бағыт деп аталып, ол бағытта теріс сандар кескінделеді. III. Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу. Бірлік кескінді О нүктесінен солға қарай жалғастырыла қажетінше бірнеше рет салынады. Бірлік кескіндіні бірінші рет, оның соңғы D нүктесі – 1 санын, екінші рет салғанда, оның соңғы Е нүктесі – 2 санын кескіндейді. Бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы Ғ нүктесі – 3 санын кескіндейді және т.с.с. Егер осы нүктелерді координаталарымен жазсақ, онда: D(-1), Е(-2), Ғ(-3), ... . Координаталық түзудегі бірлік кесіндіні тең бөлектерге бөліп, оң бөлшектерді немесе теріс бөлшектерді кескіндеуге болады. 3 –сурет Мысалы, координаталық түзу бойында 2,5 санына L нүктесі сәйкес, ал санына N нүктесі сәйкес келеді (3 – сурет). Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді. Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүтесінен (санақ басынан) жоғары қарай оң сандар, ал төмен қарай теріс сандар кескінделеді (4 – сурет). Ауа температурасын, адам денесінің температурасын өлшейтін термометрдің шкалалары вертикаль координаталық түзу тәріздес орналасқан. 4 – сурет | Математика-6 кл Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 | |||||
Топтық жұмыс 1 мин 10 мин Топтық жұмысты бағалау 3 мин Дифференциация. | Топқа бөлу. Оқушылар туған күндерін айтып өсу реті бойынша бір қатарға тұрып, 1 – ші, 2 – ші және 3 – ші деп саналып, үш топқа бөлінеді. 1 – ші топ: №310, №308, №312 (1) 2 – ші топ:№314, №309, №312 (2) 3 – ші топ: №307, №311, №312 (1) Топтық жұмысты Ротация әдісімен бағалайды. Бағалау критерийі:
Дифференциация. №324 | Математика-6 кл Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 | |||||
Сабақтың соңы 3 мин 2 мин |
№313, №317, №320
Рефлексия Сабақ соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлері мен сабақта қатысты көңіл күйлерін көрсетеді
| ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Есептерді жеңілден ауырға дейін күрделеген.Топтық және жеке жұмыста деңгейлік тапсырмалар | Бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру | Дұрыс отыруын қадағалау, топ ішінде емін еркін қозғалыста болу | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы дао йланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқ ажет? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру