Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А бөлім: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Сабақтың түрі

Жаңа білімді пысықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Сабақтың мақсаты

Теңдеудің қасиеттерін қолданып, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді үйренеді

Бағалау критерийі

▪ Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;

▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі;

▪ Оқушылар есепті дұрыс шығарады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

санды теңдіктердің қасиеттерін тұжырымдайды;

  • теңдеулердің қасиеттерін айта алады;
  • сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;
  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;
  • модуль анықтамасын ауызша тұжырымдайды;

мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік құндылықтарын дамыту.

Бастапқы білім

Әріпті өрнектерді оқу және жаза білу; санды және әріпті өрнектердің мәндерін таба алады; амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу; теңдеулерді шеше алу; мәтін есептің берілгені бойынша әріпті өрнектерді құрастыра алу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

- Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу;

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Сабақтың жоспарымен таныстыру;

Сабақ мақсатын қою

1 минут

Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау.

Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен мақсатқа жету критерийлерін талқылайды

Қосымша

Презентация

Сабақтың ортасы

Алдыңғы білімді қайталау

3 минут

Алдыңғы сабақ бойынша қосымша білу, түсіну сұрақтары қойылады. Қосымша сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.

  • 1)Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
  • 2)Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
  • 3)Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
  • 4)Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірі қалай табылады?
  • 5)Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шығару алгориті қандай?
  • Мұғалім жалпылама бағалау жүргізеді.

Қосымша

Презентация

Жаңа білімді пысықтау

15минут

«Уақытпен кездесу» әдісі арқылы оқушыларға жұптық жұмысқа есептер беріледі. «Уақытпен кездесу» әдісінің тиімділігі оқушылар бір сабақта бірнеше оқушымен жұптық жұмыс жасай алады. Оқушылар: Оқушылар «уақытпен кездесу» әдісінде жұптық жұмыста берілген есептерді жұбымен бірге шығарады.

Сағ 13.00

№ 853

Теңдеуді шешіп, түбірін табыңдар:

Сағ 14.00

№854

Теңдеуді шешіп, түбірін табыңдар:

Сағ 15.00

№859

Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңдер:

1)х-тің қандай мәнінде 1,2х+7 және 2х+3 өрнектері мәндері тең?

2)х-тің қандай мәнінде 8,3-2,1х өрнегінің мәні 1,5х+11,8 өрнегінің мәнінен 2 есе үлкен?

Сағ 16.00

№873

теңдеуінің түбірі:

  • -2 2) -0,2 3) 0,4 4) 3 болатындай етіп, n санын таңдап алыңдар.

Оқушылар: Оқушы сабақтағы іс-әрекеттердің оқу мақсатымен қандай байланысы бар екенін түсіндіре алады.

Оқушылар сабақтағы барлық іс-әрекетке белсене қатысады. Оқушылар сыни тұрғысынан ойлана отырып зерттеп, қорытынды шығарады. Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Қосымша

Презентация

Сабақты бекіту

10 минут

I нұсқа деңгейі)

II нұсқа деңгейі)

1.Теңдеуді шешіңдер:

III нұсқа деңгей)

2.Теңдеуді шешіңдер:

  • Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушылар өздері төмендегі тапсырмалардың ішінен 3 есеп шығарады. Есептің деңгейіне қарай бірін-бірі дескриптор бойынша бағалайды.
  • Дескриптор

Оқу мақсаты

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Жақшаларды дұрыс ашады

Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына дұрыс жинақтайды

Ұқсас мүшелерді дұрыс біріктіреді

Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін дұрыс табады

Сабақтың соңы

5минут

Рефлексия

Сабақ мақсатына қайта оралады.

-Сабақтың мақсатын қайта сұрау.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?

-Біз қандай тапсырмалар орындап жатырмыз?

-Неліктен осы тапсырмаларды орындап жатырсыздар?

Топтағы оқушылар сұрақтарға жауаптарды талқылайды, ал топтың бір өкілі нәтижелерді жариялайды.

Оқу мақсаты

Білемін

Білдім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Оқушылар рефлексиялық картаны толтырып, мұғалімге талдауға жібереді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу