Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
Сабақтың мақсаты: Теңдеудің қасиеттерін қолданып, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді үйренеді
Бағалау критерийі:
▪ Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;
▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі;
▪ Оқушылар есепті дұрыс шығарады
№876
№877
№878
Түбірі болмайтын теңдеулерді бір бағанға, түбірі кез келген сан болатын теңдеулерді екінші бағанға жазыңдар:
№860
Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түртерінің санынан 2,5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болады?
№861
Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды.
Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?
№862
Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар.
№863
АВ кесіндісінің ұзындығы 33см. АВ кесіндісін С нүктесі АС және СВ кесінділеріне бөледі. АС кесіндісінің 40%-і СВ кесіндісінің 1/3 –не тең. АС кесіндісінің ұзындығын табыңдар.
№864
Дүкенге әрқайсысы 1,5кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелінді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?