Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А бөлім: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Сабақтың түрі

Жалпылау және жүйелеу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары

Теңдеудің қасиеттерін қолданып, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді үйренеді

Бағалау критерийі

▪Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;

▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі;

▪ Оқушылар есепті дұрыс шығарады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

санды теңдіктердің қасиеттерін тұжырымдайды;

  • теңдеулердің қасиеттерін айта алады;
  • сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;
  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;
  • модуль анықтамасын ауызша тұжырымдайды;

мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік құндылықтарын дамыту.

Бастапқы білім

Әріпті өрнектерді оқу және жаза білу; санды және әріпті өрнектердің мәндерін таба алады; амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу; теңдеулерді шеше алу; мәтін есептің берілгені бойынша әріпті өрнектерді құрастыра алу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

- Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу;

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Сабақтың жоспарымен таныстыру;

Сабақ мақсатын қою

1 минут

Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау.

Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен мақсатқа жету критерийлерін талқылайды

Қосымша

Презентация

Сабақтың ортасы

Алдыңғы білімді қайталау

3 минут

Өтілген материалдарды еске түсіру үшін ауызша есептер шығару. Оқушылар толық жауап беру керек.

Теңдеуді шешіңдер ( ауызша)

Сонымен

1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірлерін а≠0 қалай табады?

Қосымша

Презентация

Жаңа білімді пысықтау

15минут

Тақырып бойынша тапсырмалар (жұптық жұмыс).

Есептің шығару жолын талқылап және өздерін тексеру үшін тақтаға оқушыларға есептің шығару жолын жаздыру.

№876

№877

№878

Түбірі болмайтын теңдеулерді бір бағанға, түбірі кез келген сан болатын теңдеулерді екінші бағанға жазыңдар:

Оқушылармен ұсынылған проблемаларды шешу жолдарын талқылау және алгоритмді қалыптастыру.

Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Қосымша

Презентация

Сабақты бекіту

10 минут

Оқушыларға жұптық жұмыс беріледі.

№860

Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түртерінің санынан 2,5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болады?

№861

Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды.

Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?

№862

Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар.

№863

АВ кесіндісінің ұзындығы 33см. АВ кесіндісін С нүктесі АС және СВ кесінділеріне бөледі. АС кесіндісінің 40%-і СВ кесіндісінің 1/3 –не тең. АС кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

№864

Дүкенге әрқайсысы 1,5кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелінді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді?

Мұғалім бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Қосымша

Презентация

Сабақтың соңы

5минут

Сабақты қорытындылау.

Сабақ мақсатына қайта оралады.

-Сабақтың мақсатын қайта сұрау.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?

-Біз қандай тапсырмалар орындап жатырмыз?

-Неліктен осы тапсырмаларды орындап жатырсыздар?

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді

- Не үйрендік, не білдік

- Не түсініксіз болды

- Нені қайталау керек

Қосымша

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу