Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А бөлім: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | |
Сабақ тақырыбы | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді пысықтау |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу; |
Сабақтың мақсаты | Теңдеудің қасиеттерін қолданып, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді үйренеді |
Бағалау критерийі | ▪ Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі; ▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі; ▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі; ▪ Оқушылар есепті дұрыс шығарады |
Тілдік мақсат | Оқушылар: санды теңдіктердің қасиеттерін тұжырымдайды;
мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды. |
Құндылықтарды дарыту | Жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік құндылықтарын дамыту. |
Бастапқы білім | Әріпті өрнектерді оқу және жаза білу; санды және әріпті өрнектердің мәндерін таба алады; амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу; теңдеулерді шеше алу; мәтін есептің берілгені бойынша әріпті өрнектерді құрастыра алу. |
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 1 минут | - Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу; - Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; - Сабақтың жоспарымен таныстыру;
| ||||||||||||||
Сабақ мақсатын қою 1 минут | Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау. Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен мақсатқа жету критерийлерін талқылайды | Қосымша Презентация | |||||||||||||
Сабақтың ортасы Алдыңғы білімді қайталау 3 минут | Алдыңғы сабақ бойынша қосымша білу, түсіну сұрақтары қойылады. Қосымша сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.
Белгісіз айнымалысы бар теңдік теңдеу деп аталады. Тура теңдікке айналдыратын айнымалының әрбір мәні теңдеудің түбірі деп аталады. Теңдеуді шешу дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірі жоқ екенін дәлелдеу. Егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге санға көбейтсе немесе бөлсе, теңдеудің түбірі өзгермейді. Егер қандай да бір қосылғышты қарама- қарсы таңбамен теңдеудің бір жағынан екінші жағына ауыстырса, теңдеудің түбірі өзгермейді. Бір х айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп ах + b = 0 түріндегі теңдеуді айтамыз. Мұндағы a және b – кез келген сандар (коэффициенттер).Сызықтық теңдеуді шешу - теңдеуді тура теңдікке айналдыратын айнымалының барлық мәнін табу. Айнымалының мұндай мәндері теңдеудің түбірлері деп аталады. Егер а = 0 және b = 0, яғни теңдеудің түрі 0х + 0 = 0 болса, онда теңдеудің түбірі кез келген сан (шексіз).Егер а = 0 және b ≠ 0, 0·х + b = 0, онда теңдеудің түбірі жоқ. Сызықтық теңдеуді шешу алгоритмі ax + b = 0 , а ≠ 0 1. Теңдеуді ax = - b түрге келтіру. 2. Теңдеудің түбірін x = ( -b ) : а түрінде жазу. Екі теңдеу мәндес деп аталады, егер түбірлері бірдей болса немесе олардың екеуінің де түбірі болмаса. МЫСАЛЫ 4х-2=0 және 2х – 1 = 0 теңдеулері мәндес. Олардың әрқайсысының түбірі: х =0,5 Теңдеуді шешу процесі өзіне мәндес қарапайым теңдеумен алмастыруға келеді. Мәндес теңдеулер ⇔ символымен белгіленеді; Мәндес теңдеумен алмастыру: 1) теңдеудің екі жағына да бірдей санды қосу (қосылғышты теңдеудің бір жағынан екінші жағына қарама қарсы таңбамен ауыстыру); 2) теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бір санға көбейту немесе бөлу (дербес жағдайда -1-ге); Теңдеуді шешу алгоритмі ax + b = cx + d ( a ≠ c ) 1. теңдеудің барлық белгісіз мүшелерін теңдіктің оң жақ бөлігінен қарама қарсы таңбамен сол жақ бөлігіне ауыстыру. 2. ұқсас мүшелерді біріктіру, теңдеуді kx + m = 0 түрге келтіру, мұндағы k ≠ 0. 3. теңдеудің түбірін жазу: x = -m : k. | Қосымша Презентация | |||||||||||||
Жаңа білімді пысықтау 15минут | Оқушыларға жұптық жұмысқа есептер беріледі, олар бір сабақта бірнеше оқушымен жұптық жұмыс жасай алады. Оқушылар жұптық жұмыста берілген есептерді жұбымен бірге шығарады. Теңдеудің түбірін табыңыз: (5,3 - 2,8)х + 2,5х = 1: (- ( - )) Теңдеуді шешіңіз: 1,6(х - 3) = 0,8(х - 5) Теңдеуді шешіңіз: а) -13,7 - (-х) = - 4,9б) х + 32 = 30 №859 Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңіз: 1) 5,4х+19 және 3х+7 өрнектері х-тің қандай мәнінде тең болады? 2) х-тің қандай мәнінде 9,7- 4,3х өрнектің мәні 0,8х+4,6 өрнектің мәнінен артық болады? №873 теңдеуінің түбірі:
Оқушылар: Оқушы сабақтағы іс-әрекеттердің оқу мақсатымен қандай байланысы бар екенін түсіндіре алады. Оқушылар сабақтағы барлық іс-әрекетке белсене қатысады. Оқушылар сыни тұрғысынан ойлана отырып зерттеп, қорытынды шығарады. Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. | Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E Қосымша Презентация | |||||||||||||
Сабақты бекіту
|
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Рефлексия Сабақ мақсатына қайта оралады. -Сабақтың мақсатын қайта сұрау. -Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? -Біз қандай тапсырмалар орындап жатырмыз? -Неліктен осы тапсырмаларды орындап жатырсыздар? Топтағы оқушылар сұрақтарға жауаптарды талқылайды, ал топтың бір өкілі нәтижелерді жариялайды.
Оқушылар рефлексиялық картаны толтырып, мұғалімге талдауға жібереді. | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру