Теріс рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Бекітемін: _________________________________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: | ||
Күні: “__”___________”____” | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Теріс рационал сандарды қосу | ||
Сабақтың типі | Дағдыларын қалыптастыру сабағы | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.13 Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. | ||
Сабақ мақсаттары | Теріс және таңбалары әртүрі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару дағдыларын дамыту; Өзін өзі бақылау және өзіне анализ жасау дағдыларын дамыту. | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді: -таңбалары теріс және таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін білсе; -теріс және таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығара алса. | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды біледі. Күнделікті тұрмыста қолданылуын түсінеді. - қандай санның рационал сан болатынын ауызша және жазбаша түсіндіреді; Пәнге тән лексика мен терминология: - бүтін сан; - рационал сан; - оң сан; -теріс сан; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - таңбалары бірдей сандардың қосындысы; - таңбалары әртүрлі сандардың қосындысы; Рационал сан – rational number Бүтін сан – integer | ||
Құндылықтарды дарыту | - құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну; - ынтымақтастық; топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау; - ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу; - еңбек және шығармашылық; берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау білу; - өмір бойы білім алу; натурал көрсеткішті дәреженің қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу. | ||
Пәнаралық байланыстар | Ой өрісін кеңейту. Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады . | ||
Бастапқы білім | Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі. Математика-6 кл. | ||
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 -2 минут | Ұйымдастыру кезеңі Теріс және оң сандарды саралап, Қосып, алып, нәтижесін бағалап. Уақыт, қадам, салмақты да өрнектер Көрейікші сандар бағын аралап! Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау, Бағалау критерийімен таныстыру | Презен-тация 1-3 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3-6 минут 7-10 минут 11-14 минут 15-17 минут 18-21 минут 22-23 минут 24-37 минут | Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді. Өзара бағалау. Жедел сұрақтар. 1. Натурал сандар деп қандай сандар жиынын атайды? 2. Рационал сандар жиынына мысал келтіріңіз. 3. Координаттық нүкте дегеніміз не? 4. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай қосады? 5. Нүкте координаталық түзу бойымен оң бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді? 6. Нүкте координаталық түзу бойымен теріс бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді? 7. Қарама-қарсы сандардың қосынжысы неге тең? 3. Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту. Класқа сұрақ: 4 слайд Сұрақ: 1. Теріс рационал сандарды қалай қосу керек? 2. Екі теріс санның қосындысы неге тең? Оқушыларға видеосабақ ұсынылады. Bilimland-Арифметика-Бүтін сандар (3 мин) https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580 Мына тұжырымдар ұсынылады. 1. Екі теріс санның қосындысы – теріс сан. 2. Егер екі қосылғыштың біреуі 0-ге тең болса, онда қосынды екінші қосылғышқа тең болады. Мысалы: Амалдарды орындаңыз және нәтижесін жазыңыз: Жаңа сабақты бекіту Жұптық жұмыс: (1-4 тапсырмалар) 1-ші тапсырма. Қосуды орындаңыздар:
2-ші тапсырма. Жай бөлшектерді қосуды орындаңыздар:
3-ші тапсырма. Серіппені сыққанда бірінші ретте оның ұзындығы 1,2 см-ге қысқарса, екінші ретте тағы да 1,9 см-ге қысқарды. Серіппенің ұзындығы барлығы неше сантиметрге қысқарды? Серіппенің қысқаруын теріс санмен жазып көрсетіңдер. 4 тапсырма. Кестені толтырыңыздар:
Дескрипторлар: -таңбалары теріс сандардың қосындысы теріс сан болатынын біледі; - таңбалары бірдей сандарға амалдар қолдана біледі; - нәтижесін жазады. Дифференциация 5 тапсырма. Жұлдызшаның орнына теңдік тура болатындай санды жазыңыздар: Дескрипторлар: -* орнында теріс сан болатынын біледі; - таңбалары бірдей сандарға амалдар қолдана біледі; - нәтижесін жазады. Есептерін жұп болып тексереді. Өзара бағалау Білімдерін ҚБ. Тест жұмысын жүргізу. Рационал сандарды қосу Тест 1 нұсқа
Таңбалары әртүрлі сандарды қосу Тест 2 нұсқа
Дескрипторлар: - Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі модулдері тең емес екі санды қосу ережесін біледі; - үлкен модульден кіші модульді азайту амалын орындайды; - шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қояды; - қарама-қарсы рационал сандардың қосындысы нөлге тең екендігін біледі; -нәтижесін жазады. Интерактивті тақтадан тест нәтижелерін жұппен тексеру. | 4 слайд Математика 6 класс, Т.Алдамұ-ратова., Алматы, «Атамұра» 2012. 4-5 слайд Математика 6 класс, С.М.Никольский,. М: Просвещение -2012 6 слайд http://bilimland.kz/kk/content/structure/863-algebralyq_ornekterdi_turlendiru#lesson=10063 7 слайд 8-слайд 1 қосымша 9 слайд 10-слайд 2 қосымша 11- слайд Математика 6 класс, Т.Алдамұ-ратова., Алматы, «Атамұра» 2012. Математика 6 класс, С.М.Никольский,. М: Просвещение -2012 11 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Үйге тапсырма №450, 456 Рефлексия 1) Рационал сандарды қосуды дұрыс ұғына алдың ба? 2) таңбалары әртүрлі сандарды қосудың қасиетін қолдана алдың ба? 3) берілген тапсырмаларды қаншалықты дұрыс жаза білдің? | 12 слайд 13 слайд Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Оқушылардың ерекшелігін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Дифференциациялық тапсырмалар беру арқылы қабілеті жоғары оқушыларға өз білімін арттыру | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жаңа сабақты меңгеру деңгейін бекіту мақсатында топтық тапсырмалар жүргізіледі және алған білімін тексеру үшін бағалау тапсырмасы жүргізіледі. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында кластағы қауіпсідік ережесінің сақталуын ұйымдастыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақтың мақсаты тақырыпқа сәйкес қойылған. Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын пайдаланып, есептер шығарту арқылы оқу мақсатына қол жеткізу; жеке қабілетін ескеру мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату; Сабақ кезеңдері сақталуын, жоспардан ауытқымауын бақылау; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру