Теріс рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теріс рационал сандарды қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.13

таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін білу;
  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару

 

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін біледі;
  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді;
  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • қарама-қарсы сандар;
  • рационал сан;
  • бүтін сандар жиыны;
  • рационал сандар жиыны;
  • координаталық түзу;
  • санақ басы;
  • бірлік кесінді;
  • оң бағыт;
  • нүкте координатасы;
  • оң/теріс жарты ось;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • жазуын «а мен b-ның айырмасының модулі» деп оқимыз;
  • + жазуын «а саны мен b санының модульдерінің қосындысы» деп оқимыз;
  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;
  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.

 Құндылықтарды

  дарыту

Академиялық әділдік: басқа оқушының пікірі мен ойын құрметтеу; академиялық әділдік принциптерін сақтау; плагиатқа, дереккөздерін көрсетпестен ақпаратты көшіруге жол бермеу. Қазынаға жету барысында (топтық) және жеке жұмыстандыру арқылы құндылықтарды дарыту

 Пәнаралық

  байланыстар

Рационал сандарға амалдар қолдану жаратылытану – математика бағытындағы пәндердің қолданбалы есептерін шығаруға мол мүмкіндік береді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақта арқылы тақырыптық тест тапсырмасын орындау мүмкіндігін жетілдіру.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

 Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 

 0 – 3 мин

 

 

 

Ұйымдастыру кезені

Бірлескен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Білімді жүйелеу:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін тұжырымдаңыз;
  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару, мысал келтіру.

 

 

 

 Слайд 2

 Сабақтың ортасы

 

 

 3 – 5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 58 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 8 – 9 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

9 – 14 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 14 - 17 мин

 

 

 

 

 

 

 17 – 20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 – 23 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 23 – 25 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 25 – 28 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 28 – 30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 30 – 32 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 32 – 37 мин

«Теріс рационал сандарды қосу» аралына жорыққа шығуды ұсынамын.

Ол үшін оқушыларды үш топқа біріктірейік.

Топқа біріктіру жолы:

Берілген сан

2

3

4

5

6

7

8

9

Қарама – қарсы сан

-2

-3

-4

-5

-6

-7

-8

-9

Кері сан

Оқушылар, біз аралға жорық жасау үшін карта керек, ол үшін мына тапсырмаларды орындайық:

  • КАРТА ашу:

1 топ:

  • – 15 + (- 12) =
  • – 8 + (- 10) =
  • – 15,5 + (- 14,5) =
  • – 100 + (- 48,6) =
  • – 25,6 + (- 123,6) =

2 топ:

  • – 9 + (- 9) =
  • – 2,8 + (- 17,2) =

3. – 12 + (- 8) =

4. -15,6+(-34,4) =

5. –6,5+(-20,5)+(-3) =

6. -2,8+(-7,2) =

3 топ:

  • – 15 + (- 0,3) =
  • – 0,49 + (- 18,4) =
  • – 1,9 + (- 1) =

  4. -0,016+(-12,5)+(-11,5) =

5. -0,128+(-1,2) =

6. –1,03+(-3,6)+(-2,02) =

Міне жорық картасын алдық

  • Гүлді алаң

Гүлді алаңнан өту үшін, «Түймедақ» гүлінің ортасындағы сан шығатындай етіп бос орындарды толықтырыңыз:

  • Аспалы көпір

Мына жылдарды ретімен «Уақыт сызығына» орналастырыңыз, сонжа көпірден өтесіз:

- II ғасыр б.э.д. – Китайда бірінші рет теріс сандардың қолданылуы.

- XVII ғасыр – математик Рене Декарт теріс сандарды нольдің сол жағында жатқан нүктелермен кескіндеуді ұсынды.

- 1544 год – неміс математигі Михель Штифель «Арифметика» еңбегін жазды. Бұл еңбегінде мына жазба кездеседі: 0-2; 0+2; 0-5; 0+7. Біріншісін «жоқтан кем » немесе «жоқтан төмен », ал екінші санды «жоқтан жоғары » деген.

- VII ғасыр –үнді оқымыстысы Брахмагупта оң және теріс сандарға амалдар қолдану ережесін тұжырымдады.

( II ғасыр б.э.д.; XVII ғасыр; 1544ж.; 1637ж.).

  • Диірмен

Диірмен жұмыс жасамай тұр, себебі кейбір қанатында ақауы бар. Жергілікті тұрғындар диірменнің ақауы бар қанаттарын анықтап беруді сұрайды. ( Жұмыс істейтін қанаттарындағы сандардың қосындысы -10 мен -18 – ге тең).

  • Үңгір

Үңгірде кәрі өрмекші тұрады, сол өрмекшінің торына түсіп қалмас үшін мына тапсырманы орындаңыз:

 а) -127 + (-339) және -127 + (-2339);

 б) -741 + (-1219) және -741 + (-219);

 в) -373 + (-901) және -1373 + (-901).

 

Орындалған тапсырмаларды топтар өзара тексеріп, бағалайды.

  • Тамаша, сіздер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
  • Сіздер үңгірде ұзақ болдыңдар, көздерің талды, сондықтан «көзге жаттығу» жасайық.
  • Қарақшылар

Оқушылар, біздер қарақшылар лагеріне тап келдік. Қарақшылардың үш тобы тапқан байлықтарын бөлісе алмай жатыр, соған көмектессек бізді босатады.

  • Ну орман
  • Инелік -7,8 0 температураға дейін төзе алатындығын білесіз бе, ал аралар бұл көрсеткіштен 1,40 төмен. Аралардың төзу температурасы қандай? (-9,20).
  • Клест жұмыртқасын қыста басады. Ауа температурасы -350С болғанда, ол құстың ұясында одан 140С төмен болады, сонда ұяда неше градус? (-490С)
  • Ал, оқушылар, біздер орманнан шықтық және жасырылған қазынаны таптық. Енді қазынаның жолында жыландар жатыр, олардан өту үшін мына теңдеулерді шешейік:

а) х+ 3,12 = -5,43;

б) 5,23 + х = - 7,24.

Міне, біздер табылған қазынаны тең бөлістік, барлық жолдың тапсырмаларын бірігіп орындағандарыңызға рахмет!

Жеке жұмыс

№ 450

х

-25,7

-8,8

-6,25

-0,09

у

-6,5

-8,2

х+у

«Карусель» әдісі бойынша өзара бағалау жүргізіледі, мұғалім қадағалайды.

Қосымша 1

Слайд 3

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 4

Қосымша 2

Слайд 5

Қосымша 3

Слайд 6

Қосымша 4

Слайд 7

Қосымша 5

Слайд 8

Слайд 9

Қосымша 6

Слайд 10

Қосымша 7

Слайд 11

Қосымша 8

Слайд 12

Слайд 13

Қосымша 9

 Сабақтың соңы

 

 37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін тұжырымдаңыз;
  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару, мысал келтіру.

Үйге тапсырма: № 450 (2)

-8,6; -9,5; -17,2 сандарын әрқайсысы өзара тең емес екі теріс санның қосындысы түрінде жазыңдар.

Рефлексия

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 10

Слайд 14

 Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылықпен жұмыстану дағдысын шыңдауға бағытталған.

Топтық жұмыста бірдей жұмыстану, топ арасында, жеке жұмыста өзара бағалау, мұғалім қадағалау.

.

Сабақ үрдісінде тапсырмаларды орындағанда оқушылардың еркін қозғалыста болуы және көзге жаттығуды ескеру керек.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу