Бүтін сандар арқылы өлшемдердің өзгеруін сипаттау. Математика, 6 сынып, презентация.


Табиғатта жоғары температура және төмен температура кездеседі: +300С-жаздағы температура, -300С- қыстағы температура

30 и -30 бүтін сандар, 45,-45,350,-350

0 саны оң сан да емес, теріс сан да емес.

Бүтін сандар арқылы өлшемдердің өзгеруін сипаттау

Сабақтың мақсаттары

6.5.2.3 Өлшемдерді сипаттау барысында бүтін сандарды қолдану;

Қоймада бірнеше детальдар бар делік. Егер қоймаға 400 деталь қосымша алып келінсе, онда қоймадағы детальдар саны оң жақа өзгереді (саны өседі).Егер керсінше қоймадан 100 деталь алынса, онда детальдар саны 100ге азаяды және 100 деген сан детальдардың теріс жақа өзгергенін сипаттайды. Егер қоймадан ешқандай деталь алынбаса және қосылмаса, онда өзгеріс жоқтығын білдіреді. (нөлдік өзгеріс десек те болады).Бұл мысалдағы детальдардың өзгерісін 400−100 және 0 деген бүтін сандармен сипаттауға болады. 400 деген оң бүтін сан кобейу өзгерісін білдіреді. Ал −100 теріс бүтін саны азайу өзгерісін білдіреді. 0 бүтін саны ешқандай өзгеріс болмағандығын білдіреді.

Бөлме температурасының өзгерісін 4 градусқа жоғарылады делік, демек оны 7 бүтін санымен сипаттаймыз. Егер болме температурасы 12 градусқа төмендесе демек оны -12 деген бүтін санымен сипаттаймыз. Егер өзгеріс болмаса 0 деп белгілейміз.

Егер бізде 3 алма болса, бірақ бізге біреуге 5 алма беру керек болсақ, онда -5 алма деп жазсақ болады. Мунда -5 теріс бүтін саны , біздің -5 алмага қарыз екендігімізді білдіреді. Демек бүтін санның алдындағы минус теріс таңбасы қарыз екендігіміздің сипаттамасы болып отыр.

Тапсырма 1

Күн шуақ қаласындағы Дархан ақылдылығымен және есте сақтау қабілетінің мықтылығымен танымал болған. Бірақ ол өзінің қаржы мәселелерін есте сақтап емес, әр кіріс шығыстың цифраларын дәптерге жазып отырған . Кірісті «+» таңбасымен, ал шығысты «-» таңбасымен белгілеп отырған.

Мысалы, жазба +15 + 3 + 8 – 5 + 9 – 3 + 2 – 7 – 1 – 2 + 4,бұл жазбадан Дарханда каңтар айының басында 15 тиын болғанын дәлелдейді. Сосын оған 3 тиын қосылып, кейін 8 тиын қосылып, сосын 5 тиын жаратып...т.б

а) Қаңтар айында Дарханның тағы басқа қандай кіріс, шығыстары болды?

б) Бір айлық қорытынды есепті шығарудың қандай тиімді жолы бар?

а) Кірістер: 15+3+8+9+2+4=41

Шығыстар: -5-3-7-1-2=-18

б) 41-18=+23

Тапсырма 1*

Сол қаладағы барлық балалар Дархан секілді өздерінің кіріс шығыс дәптерлерін арнап , қаржы өзгерістерін жазып отырған. Мысалы: Айжан, Марат, Мақсат және Диастың қараша айына жазбалары:

Айжан: +8 – 2 + 4 + 9 – 11 – 5 + 4 + 5 – 2;

Марат: + 17 – 1 – 3 + 6 – 2 - 5 + 4 – 2 + 1;

Мақсат: + 5 + 1 + 6 – 2 – 8 + 4 – 3 – 3;

Диас: + 3 – 2 + 1 – 3 + 4 – 2 – 1 – 5.

а) Қараша айында әр баланың тиындар саны қалай өзгерді?

б) Ай соңында Айжан мен Маратта неше тиын болды?

в) Мақматта қандай өзгерістер болды

г) Диаста қандай қарыз пайда болды? Оны қалай белгілесек дұрыс болады?

д)Сандар сәулесімен балалардың тиындарының өзгерісін бақылап көр. Барлық жағдайда сандар жеткілікті ме? Қандай сандарды және қай жерде белгілеген ыңғайлы? Пайда болған шкала неге ұқсап тұр?

Айжан: +10; Марат: +15; Максат: 0; Диас: -5

+25

Тапсырма 2 (ауызша)

«» белгісімен кірісті ( ақша қосылуы), «» - шығысты(ақшаның төмендеуі)белгілеп, төмендегі өрнектің нәтимесін тап:

( + 2) + ( + 3)     ( - 4) + ( - 1)     ( - 2) + ( - 4)

( + 1) + ( - 2)     ( - 3) + ( + 5)     ( - 6) + ( + 3).

2) Озіңнің аналитикалық мысалдарынмен оң және теріс бүтін сандарды қосып көр.

+5

-1

-5

+3

-6

-3

Тапсырма 3

Тұрғын үй жер көкжиегінен жоғары 6 этаж және төменде 4 этаждан тұрады. Егер 0 саны ол жер көкжиегінің орналасуы болса, онда бүтін сандарды пайдаланып мекеменің барлық этаждарын белгілеп шығыңыз.

+6

+5

+4

+3

+2

+1

-1

-2

-3

-4

Тапсырма 4

Арманның кредиттік картасы бойынша қарызы өсіп жатыр. Кредиттік карта бойынша әр өсімнен кейін, жаңа баланс енгізіп отырыңыз:

-16

-48

-192

-960

Үй тапсырмасы

Тапсырма 1:Қаржы операцияларын есептеп, нәтижесін «+» немесе «-»белгілерін қолданып жазыңыз:

а) кіріс 5 мың. теңге және шығыс 9 мың. теңге;

б) кіріс 6 мың. теңге және шығыс 2 мың. теңге;

в) кіріс 8 мың. теңге жыне шығыс 10 мың. теңге;

г) кіріс 7 мың. теңге және шығыс 7 мың. теңге;

Тапсырма 2. Су асты кемесі басында 400 м тереңдікте жүзді, сосын 200м тереңірек түсті ,кейін 300м ге жоғары көтерілді. Су асты кемесі қандай деңгейде орналасқан? Жауабын «-» белгісімен жазыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу