Бүтін сандар арқылы өлшемдердің өзгеруін сипаттау. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану. (20 с) | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып:7 | Қатыспағандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бүтін сандар арқылы өлшемдердің өзгеруін сипаттау | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.5.2.3 Өлшемдерді сипаттау барысында бүтін сандарды қолдану; | |||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | зерттелген материалды жалпылау және жүйелеу | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Бүтін сандар арқылы өлшемдерді сипаттай білу. Бүтін сандарды есеп шығару барысында дұрыс қолдана білу. Бүтін сандардың соммасын есептеу барысында, бүтін сандарды қосу заңдарын дұрыс қолдана білу. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерилері | Окушы: - бүтін сандардың анықтамасын біледі; - координата осінде бүтін сандарды белгілей алады; -өлшемдерді бүтін сандар арқылы сипаттайды; | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаты | Оқушылар: Бүтін сандар ұғымын түсінеді. Лексика және терминология: - оң бүтін сандар; - теріс бүтін сандар; - оң бүтін сандарды қосу және азайту; - теріс бүтін сандарды қосу және азайту; - оң және теріс бүтін сандарды қосу және азайту; Диалог және хатқа қолдануға болатын сөйлемдер: - кіріс/шығыс ұғымдары оң және теріс бүтін сандар арқылы сипатталады - тереңдік/биіктік ұғымдары оң және теріс бүтін сандар арқылы сипатталады; - Температураның көтерілу/түсуін оң және теріс бүтін сандар арқылы сипатталады; - … теріс бүтін сандарды қосу заңдылығында қолданады; - … оң бүтін сандарды қосу заңдылығында қолданады; | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік. Құрмет. | |||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс | География, физика, экономика | |||||||||||||||||||||
ИКТ қолдану дағдысы | Презентация | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Натурал сандардың дәрежесі және қасиеттер; Бүтін дәреженің мәні және қасиеттері; Стандарт түрдегі сандар. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Салемдесу Уй жұмысын тексеру Сабақ мақсаттарын анықтау | |||||||||||||||||||||
Жаңа тақырып 15 минут | Жалпы бүтін сандар не үшін керек екендігі жайлы әңгімелесейік. Қандай да бір заттардың сандарының өзгерісін бүтін сандар арқылы бақылауға, сипаттауға өте ыңғайлы. Мысалдармен қарастырайық. Мысал 1, қоймада бірнеше детальдар бар делік. Егер қоймаға 400 деталь қосымша алып келінсе, онда қоймадағы детальдар саны оң жақа өзгереді (саны өседі).Егер керсінше қоймадан 100 деталь алынса, онда детальдар саны 100ге азаяды және 100 деген сан детальдардың теріс жақа өзгергенін сипаттайды. Егер қоймадан ешқандай деталь алынбаса және қосылмаса, онда өзгеріс жоқтығын білдіреді. (нөлдік өзгеріс десек те болады).Бұл мысалдағы детальдардың өзгерісін 400, −100 және 0 деген бүтін сандармен сипаттауға болады. 400 деген оң бүтін сан кобейу өзгерісін білдіреді. Ал −100 теріс бүтін саны азайу өзгерісін білдіреді. 0 бүтін саны ешқандай өзгеріс болмағандығын білдіреді. Бүтін сандардың қолданылуы натурал сандарға қарағандагы тиімділігі, бүтін сандардың алдындағы таңбасы өсу немесе кему өзгерісіне ұшырап тұрғанын білдіреді. Бүтін сандар тек мөлшердің өзгерісін ғана емес, сондай ақ өлшемдердің өзгерісін сипаттай алады. Мысал арқылы қарастырайық: Мысал 2, бөлме температурасының өзгерісін 4 градусқа жоғарылады делік, демек оны 7 бүтін санымен сипаттаймыз. Егер болме температурасы 12 градусқа төмендесе демек оны -12 деген бүтін санымен сипаттаймыз. Егер өзгеріс болмаса 0 деп белгілейміз. Теріс бүтін сандарға тағы да бөлек тоқталып кетейік. Мысал 3, Егер бізде 3 алма болса, бірақ бізге біреуге 5 алма беру керек болсақ, онда -5 алма деп жазсақ болады. Мунда -5 теріс бүтін саны , біздің -5 алмага қарыз екендігімізді білдіреді. Демек бүтін санның алдындағы минус теріс таңбасы қарыз екендігіміздің сипаттамасы болып отыр. Бұл мысалдан теріс бүтін сандарды азайту заңдылығын далелдеуге көмектеседі. Мысал келтірейік: Егер біреу бір адамға 2 алма, екіншісіне 1 алма қарыз болса онда жалпы қарыз 3 алма болып келеді 2+1=3, демек −2+(−1)=−3.
| http://www.cleverstudents.ru/numbers/integers.html | ||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс 20 мин | Оқушыларға келесі тапсырмаларды талқылап алуды ұсынуға болады: Тапсырма 1. Күн шуақ қаласындағы Дархан ақылдылығымен және есте сақтау қабілетінің мықтылығымен танымал болған. Бірақ ол өзінің қаржы мәселелерін есте сақтап емес, әр кіріс шығыстың цифраларын дәптерге жазып отырған . Кірісті «+» таңбасымен, ал шығысты «-» таңбасымен белгілеп отырған. Мысалы, жазба +15 + 3 + 8 – 5 + 9 – 3 + 2 – 7 – 1 – 2 + 4,бұл жазбадан Дарханда каңтар айының басында 15 тиын болғанын дәлелдейді. Сосын оған 3 тиын қосылып, кейін 8 тиын қосылып, сосын 5 тиын жаратып...т.б. а) Қаңтар айында Дарханның тағы басқа қандай кіріс, шығыстары болды?б) Бір айлық қорытынды есепті шығарудың қандай тиімді жолы бар? Оқушы
2) Сол қаладағы барлық балалар Дархан секілді өздерінің кіріс шығыс дәптерлерін арнап , қаржы өзгерістерін жазып отырған. Мысалы: Айжан, Марат, Мақсат және Диастың қараша айына жазбалары: Айжан: +8 – 2 + 4 + 9 – 11 – 5 + 4 + 5 – 2; Марат: + 17 – 1 – 3 + 6 – 2 - 5 + 4 – 2 + 1; Мақсат: + 5 + 1 + 6 – 2 – 8 + 4 – 3 – 3; Диас: + 3 – 2 + 1 – 3 + 4 – 2 – 1 – 5. а) Қараша айында әр баланың тиындар саны қалай өзгерді?б) Ай соңында Айжан мен Маратта неше тиын болды?в) Мақсатта қандай өзгерістер болды? г) Диаста қандай қарыз пайда болды? Оны қалай белгілесек дұрыс болады?д)Сандар сәулесімен балалардың тиындарының өзгерісін бақылап көр. Барлық жағдайда сандар жеткілікті ме? Қандай сандарды және қай жерде белгілеген ыңғайлы? Пайда болған шкала неге ұқсап тұр? Оқушы
Кейін оқушыларға жаттығу ретінде ауызша немесе жазбаша мынадай тапсырмаларды усынсаныз болады: Тапсырма 2. «+а» белгісімен кірісті ( ақша қосылуы), «-а» - шығысты(ақшаның төмендеуі)белгілеп, төмендегі өрнектің нәтимесін тап: ( + 2) + ( + 3) ( - 4) + ( - 1) ( - 2) + ( - 4) ( + 1) + ( - 2) ( - 3) + ( + 5) ( - 6) + ( + 3). 2) Өзіңнің аналитикалық мысалдарынмен оң және теріс бүтін сандарды қосып көр. Оқушы
Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін: Тапсырма 3: Тұрғын үй жер көкжиегінен жоғары 6 этаж және төменде 4 этаждан тұрады. Егер 0 саны ол жер көкжиегінің орналасуы болса, онда бүтін сандарды пайдаланып мекеменің барлық этаждарын белгілеп шығыңыз. Оқушы
Тапсырма 4: Арманның кредиттік картасы бойынша қарызы өсіп жатыр. Кредиттік карта бойынша әр өсімнен кейін, жаңа баланс енгізіп отырыңыз:
Оқушы
| http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/415471/ | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия. 5 минут | Мұғалім сабақ критерилерін қайталайды: Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?
Рефлексия.
Үй жұмысы Тапсырма 1:Қаржы операцияларын есептеп, нәтижесін «+» немесе «-»белгілерін қолданып жазыңыз: а) кіріс 5 мың. теңге және шығыс 9 мың. теңге; б) кіріс 6 мың. теңге және шығыс 2 мың. теңге; в) кіріс 8 мың. теңге жыне шығыс 10 мың. теңге; г) кіріс 7 мың. теңге және шығыс 7 мың. теңге; Оқушы
Тапсырма 2. Су асты кемесі басында 400 м тереңдікте жүзді, сосын 200м тереңірек түсті ,кейін 300м ге жоғары көтерілді. Су асты кемесі қандай деңгейде орналасқан? Жауабын «-» белгісімен жазыңыз. Оқушы
| Математика, 6 класс, Г.В. Дорофеев, И.Ф. Шарыгин 2016 г. | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. | Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру