Бүтін сандар арқылы өлшемдердің өзгеруін сипаттау. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма 1. Күн шуақ қаласындағы Дархан ақылдылығымен және есте сақтау қабілетінің мықтылығымен танымал болған. Бірақ ол өзінің қаржы мәселелерін есте сақтап емес, әр кіріс шығыстың цифраларын дәптерге жазып отырған . Кірісті «+» таңбасымен, ал шығысты «-» таңбасымен белгілеп отырған.

Мысалы, жазба +15 + 3 + 8 – 5 + 9 – 3 + 2 – 7 – 1 – 2 + 4,бұл жазбадан Дарханда каңтар айының басында 15 тиын болғанын дәлелдейді. Сосын оған 3 тиын қосылып, кейін 8 тиын қосылып, сосын 5 тиын жаратып...т.б.

а) Қаңтар айында Дарханның тағы басқа қандай кіріс, шығыстары болды?б) Бір айлық қорытынды есепті шығарудың қандай тиімді жолы бар?

Оқушы

  • Дарханның барлық кіріс/шығытарын анықтайды;
  • қорытынды дұрыс есептейді;

2) Сол қаладағы барлық балалар Дархан секілді өздерінің кіріс шығыс дәптерлерін арнап , қаржы өзгерістерін жазып отырған. Мысалы: Айжан, Марат, Мақсат және Диастың қараша айына жазбалары:

Айжан: +8 – 2 + 4 + 9 – 11 – 5 + 4 + 5 – 2;

Марат: + 17 – 1 – 3 + 6 – 2 - 5 + 4 – 2 + 1;

Мақсат: + 5 + 1 + 6 – 2 – 8 + 4 – 3 – 3;

Диас: + 3 – 2 + 1 – 3 + 4 – 2 – 1 – 5.

а) Қараша айында әр баланың тиындар саны қалай өзгерді?б) Ай соңында Айжан мен Маратта неше тиын болды?в) Мақсатта қандай өзгерістер болды? г) Диаста қандай қарыз пайда болды? Оны қалай белгілесек дұрыс болады?д)Сандар сәулесімен балалардың тиындарының өзгерісін бақылап көр. Барлық жағдайда сандар жеткілікті ме? Қандай сандарды және қай жерде белгілеген ыңғайлы? Пайда болған шкала неге ұқсап тұр?

Оқушы

  • әр баланың тиындарының саны қалай өзгеретінін түсінеді;
  • Айжан мен Мараттың тиынын есептейді;
  • Диастың қарызын қалай есептейтінін түсінеді;
  • Шамаларды бүтін сандармен сипаттайды.

Кейін оқушыларға жаттығу ретінде ауызша немесе жазбаша мынадай тапсырмаларды усынсаныз болады:

Тапсырма 2. «» белгісімен кірісті ( ақша қосылуы), «» - шығысты(ақшаның төмендеуі)белгілеп, төмендегі өрнектің нәтимесін тап:

( + 2) + ( + 3)     ( - 4) + ( - 1)     ( - 2) + ( - 4)

( + 1) + ( - 2)     ( - 3) + ( + 5)     ( - 6) + ( + 3).

2) Өзіңнің аналитикалық мысалдарынмен оң және теріс бүтін сандарды қосып көр.

Оқушы

  • Бүтін сандарды қосады;
  • Ұқсас мысал келтіреді;

Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін:

Тапсырма 3:

Тұрғын үй жер көкжиегінен жоғары 6 этаж және төменде 4 этаждан тұрады. Егер 0 саны ол жер көкжиегінің орналасуы болса, онда бүтін сандарды пайдаланып мекеменің барлық этаждарын белгілеп шығыңыз.

Оқушы

  • Үйдің әр қабатын бүтін сандармен сипаттайды

Тапсырма 4:

Арманның кредиттік картасы бойынша қарызы өсіп жатыр. Кредиттік карта бойынша әр өсімнен кейін, жаңа баланс енгізіп отырыңыз:

Алдыңғы баланс

Өсім

Жаңа баланс

-8

2

-16

3

-48

4

-192

5

Оқушы

Арманның жаңа балансын есептейді

Үй жұмысы

Тапсырма 1:Қаржы операцияларын есептеп, нәтижесін «+» немесе «-»белгілерін қолданып жазыңыз:

а) кіріс 5 мың. теңге және шығыс 9 мың. теңге;

б) кіріс 6 мың. теңге және шығыс 2 мың. теңге;

в) кіріс 8 мың. теңге жыне шығыс 10 мың. теңге;

г) кіріс 7 мың. теңге және шығыс 7 мың. теңге;

Оқушы

  • Әр шаманы +/- таңбаларымен сипаттайды

Тапсырма 2. Су асты кемесі басында 400 м тереңдікте жүзді, сосын 200м тереңірек түсті ,кейін 300м ге жоғары көтерілді. Су асты кемесі қандай деңгейде орналасқан? Жауабын «-» белгісімен жазыңыз.

Оқушы

Әр шаманы +/- таңбаларымен сипаттайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу