Кері пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, презентация.


Тақырыбы:

Кері пропорционалдық тәуелділік

Оқу мақсаттары:

6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсінеді;

- кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі;

- кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады.

Ой түрткі.

С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады?

С-2: Тура пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?

С-3: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер.

Ауызша тапсырма:

№1. 14 деталды дайындау үшін 16,8 кг металл қажет. Осындай 27 детал дайындау үшін неше килограмм метал қажет?

2. Жанармай станциясында 2 л бензин 1,6 кг, ал 5 л бензин қанша килограмм тартады?

Есеп: Тапсырманы 4 жұмысшы 120 сағата орындайды. Осы тапсырманы 8, 12, 16 жұмысшы неше сағатта орындайды?

Шешуі: 1) Егер, тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды?

4*120 =480 сағ.

2) тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағ орындайтынын

480: 16 = 30 сағ екенін табамыз.

Шамаларлың өзгерісін кестеге салайық

Демек, берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше артса, жұмсалатын уақыттың сонша есе кемитінін көреміз.

Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады.

Егер екі шама кері пропорционал болса, бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері қатынасына тең болады

Кері пропорционалдылықты әріптермен жазсақ,

х1 : х2 = у2 : у1 .

Мысалы, кері пропорционал шамалар:

Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені;

Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;

Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.

Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті.

144-145.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1. Нені үйрендім?

2. Нені білгім келеді?

3. Нені түсінбедім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу