Кері пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Кері пропорционалдық тәуелділік | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару; | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну; - кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын білу; - кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алу. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы - қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсінеді; - кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі; - кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады; - берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді; - пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды; - шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды; Бөлім бойынша лексика және терминология - пропорция; - пропорцияның негізгі қасиеті; - пропорцияның шеткі мүшелері; - пропорцияның ортаңғы мүшелері; - пропорцияның белгісіз мүшесі; тура пропорционалдық тәуелділік; кері пропорционалдық тәуелділік; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз; - а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз; - пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек; - пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек; - берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...; | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өмірмен байланысты есептер | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру. Ой түрткі: С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады? С-2: Тура пропорционалдық әріптермен қалай жазылады? С-3: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер. Ауызша тапсырма:
| Презентация | |||||||||||||||
6 – 20 мин | Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай мысал қарастырайық. Есеп: Тапсырманы 4жұмысшы 120 сағата орындайды. Осы тапсырманы 8,12,16 жұмысшы неше сағатта орындайды? Шешуі: 1) Егер, тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды? 4*120 =480 сағ. 2) тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағ орындайтынын 480: 16 = 30 сағ екенін табамыз. Шамаларлың өзгерісін кестеге салайық
Демек, берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше артса, жұмсалатын уақыттың сонша есе кемитінін көреміз. • Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады. • Егер екі шама кері пропорционал болса, бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері қатынасына тең болады. Кері пропорционалдылықты әріптермен жазсақ, х1 : х2 = у2 : у1 . Мысалы, кері пропорционал шамалар:
| Презентация Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. 25-26 бет. http://kid-mama.ru/otnosheniya-i-proporcii/pryamaya-i-obratnaya-proporcionalnaya-zavisimost/ | |||||||||||||||
21 – 28 мин | Жалпы сыныппен жұмыс. А деңгейі №141. Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 6 см. Осы тік төртбұрыштың ауданы өзгермегенде:
№142. Жылдамдығы 50 км/сағ жүк пойызы екі қала арасын 6 сағатта жүрді. Осы аралықты жолаушылар пойызы 75 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүреді? В деңгейі №148. Велосипедтің педальдармен бекітілген жетектеуші тісті дөңгелегінің 42 тісі бар, ал артқы доңғалағына бекітілген жетектелуші тісті дөңгелегінің 28 тісі бар.
№151. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді? С деңгейі №155. Бауыржан ақшасына әрқайсысының бағасы 120 теңгеден аквариуміне бірдей 9 балық сатып алады. Егер бір балықтың бағасы 25% -ке арзандатылса, бауыржан сол ақшасына неше балық сатып ала алады? | Презентация Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. 27-29 бет. Қосымша 1 | |||||||||||||||
29 – 30 мин | Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы | ||||||||||||||||
31 – 37 мин | Жұптық жұмыс
1.Мотоцикл айдаушы 3 сағатта 60 км\ сағ жүріп өтті. 45 км\сағатпен неше сағатта осы жолды жүріп өтетінін тап. 2.8 әшекей дайындау үшін 1,2 г күміс қажет. 12 әшекей дайындау үшін неше грамм күміс қажет?
1.18 т темір кенінен 10 т темір шығады. 36 т кенінен неше тонн темір шығаруға болады? 2.3 оқушы бақшаны 4 сағатта қазды. 2 оқушы бақшаны неше сағатта бітіреді? | http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/595144/ Қосымша 2 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №144-145. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: 1.Нені үйрендім? 2.Нені білгім келеді? 3.Нені түсінбедім? | Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен, жұптық жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жұптық жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Сергіту сәті | |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру