Кері пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Жалпы сыныппен жұмыс.

А деңгейі

№141. Тік тқртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 6 см. Осы тік тқртбұрыштың ауданы өзгермегенде:

  • Ұзындығы 16 см болса, ені неше сантиметр болады;
  • Ені 4 см болса, ұзындығы неше сантиметр болады?

№142. Жылдамдығы 50 км/сағ жүк пойызы екі қала арасын 6 сағатта жүрді. Осы аралықты жолаушылар пойызы 75 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүреді?

В деңгейі

№148. Велосипедтің педальдармен бекітілген жетектеуші тісті дөңгелегінің 42 тісі бар, ал артқы доңғалағына бекітілген жетектелуші тісті дөңгелегінің 28 тісі бар.

  • Егер велосипедтің жетектеуші тісті дөңгелегін 38 рет айналдырса, оның жетектелуші тісті дөңгелегі неше рет айналады;
  • велосипедтің жетектеуші тісті дөңгелегі 45 рет айналдыру үшін, оның жетектеуші тісті дөңгелегін неше рет айналдыру керек?

№151. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

С деңгейі

№155. Бауыржан ақшасына әрқайсысының бағасы 120 теңгеден аквариуміне бірдей 9 балық сатып алады. Егер бір балықтың бағасы 25% -ке арзандатылса, бауыржан сол ақшасына неше балық сатып ала алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу