Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Зинуллина Салтанат Камалгалиевна | ||||
Сынып: 5 кл | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.2.25. бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру; | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы
| ||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаза біледі; Анализ.
Қолдану. Есептер шығарып, жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазады. | ||||
Сабақ түрі | Жаңа білімді меңгеру | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіре алады; Пәнге тән лексика мен терминология: ондық бөлшек, алымы, бөлімі, қысқартылмайтын бөлшек, үтір, үтірден кейінгі таңбалар саны, ... Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; | ||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыс кезінде құрбысының пікірін тыңдай білу, ашықтық, ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Топтық жұмыс барысында оқушыларың бойына бір біріне деген сыйластыққа, жауапкершілікке үйрету. Бағалау кезеңінде адалдыққа, жеке жұмыста мақсаттылыққа тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | http://bilimland.kz/ сайтымен жұмыс жасау барысында информатика пәнімен, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін құрастыру кезінде қазақ тілі пәнімен,бағалау бөлімінде өнер пәнімен кіріктірілу жүзеге асады.. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар презентация арқылы сабақ бөлімдеріндегі негізгі ұғымдармен танысады, http://bilimland.kz/ сайтынан бейнематериалмен танысады және тапсырма орындайды. | ||||
Бастапқы білім | Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы, жазылуы. | ||||
Сабақ барысы |
| ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Бірінші сабақтың басы 1 минут 3 минут 10 минут | 1.1.Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын байқау 1.2.Оқушылардың зейінін шоғырландыру: Жұпқа бөлу. Мақсаты: Өткен материалды қайталау арқылы жаңа сабаққа өту. Оқушыларға жай бөлшектер және ондық бөлшектер жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Қосымша 1. Тең бөлшектерді табу арқылы жұптар құрады. Мұғалім бөлшектердің дұрыс сәйкестендірілуін қадағалайды, қажет болса оқушыларға көмек көрсетеді. Дағды: Білу және түсіну Бағалау: Оқушылардың ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болатынын біліп және түсінгендігін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалаймын. 1.3.Алдыңғы материалды қайталау. Мақсаты: Жұпқа бөліну мысалдарын талдай отырып, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін құрастыру Әр жұп өздерінің қолындағы мысалдар арқылы қорытынды жасайды. Дағды: Анализ. Бағалау: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмінің дұрыс құрастырылғанын қолдай отырып, түрлі түсті қағаздар арқылы бағалаймын. Толық жауап – көк түс, толық емес жауап - жасыл түс, түзетуді қажет ететін жауап - сары түс. |
Т.А.Алдамұратова, Математика. Жұмыс дәптері.-Алматы:Атамұра, 2015.-128бет. Презентация, 2-3 слайд | |||
Бірінші сабақтың ортасы 2 минут 10 минут 12 минут 5 минут
| 2. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады және оқу мақсатын айқындайды. 2.1. Жеке жұмыс. Мақсаты: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дағдысын қалыптастыру. Оқушылар оқулықтағы №1236 есепті дәптерлеріне орындайды. Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолдау көрсетеді және көмектеседі. Дағды: Қолдану. Бағалау: Оқушылар тақтада көрсетілген дайын жауаппен салыстырып, өздерін өздері бағалайды. 3.1.Ұжымдық жұмыс. Мақсаты: Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға үйрету. Оқушылар мұғаліммен бірге 8-12 слайдтар бойынша жұмыстанады. Мұғалім жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырудың екі әдісімен таныстырады және http://bilimland.kz/ сайтынан бейнежазба көрсетеді, оқушылар 17-жаттығуды орындайды. Дағды: Білу және түсіну Бағалау: Оқушылардың жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын біліп және түсінгендігін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалаймын. | Презентация,4-5 слайд Т.А.Алдамұратова,Е.С. Байшоланов Математика 5. 2-бөлім, Алматы:Атамұра, 2015.-176 бет. Презентация 7 слайд kk/content/lesson/ 11484-ondyq_bolshekte r_ondyq_bolshekterdi _zhai_bolshekterge _turlendiru, № 6,№10 бейнекөрсетілім | |||
Бірінші сабақтың соңы 2 минут | 4. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Мақсаты: Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыра білуді оқушылардың қаншалықты меңгергендігін анықтау. Оқушылар түрлі түсті қағаздар арқылы өздерінің материалды қаншалықты меңгергендігін бағалайды: барлығы түсінікті – көк түс, толық түсінбедім - жасыл түс, қиналамын - сары түс. Дағды: Анализ. Бағалау: Сабақ барысындағы оқушылардың жұмыстарын қорытындылап мадақтау немесе ұсыныстар айтамын. Үйге тапсырма: №1231, 1241,1244 | Т.А.Алдамұратова,Е.С. Байшоланов Математика 5. 2-бөлім, Алматы:Атамұра, 2015.-176 бет. |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабілеті жоғары оқушылар:Топтық және жұптық жұмыс кезінде қабілеті жоғары оқушылар қасындағы құрбысына көмектесе алатындай мүмкіндік жасаймын. Қабілеті орта оқушылар: сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі Қабілеті төмен оқушылар: Деңгейлік сұрақтар Мұғалімнің қолдауы | -Ынталандыру,қолдау көрсету, бағалау түрлері; | Бөлме температурасының қалыпты болуы қадағалып отырады; Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша 1
1,7 | 0,37 | 2,37 | 1,817 | 0,00077 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?