Процентке мәтіндік есептер шығару. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5.4. А Процент (12 сағ)

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рыскельдиева Г.К., Хасенова Р.С.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Процентке мәтіндік есептер шығару

Сабақтың түрі

Білім, білік және дағдыларын бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

5.5.2.6 процентке мәтіндік есептер шығару

Сабақ мақсаты

Проценттерге мәтіндік есептер шығару біліктіліктерін бекіту

Бағалау критерийлері

Оқушы білімді меңгерді, егер:

  • Берілген санның процентін табу және проценті бойынша санды табу формулаларын біледі;
  • Формулаларды мәтіндік есептер шығаруға қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Процентке арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады.Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Процент, проценті бойынша сан, берілген санның проценті, екі санның бүтін бөлігінің проценті, проценті қолдануға мәтіндік есептер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Берілген санның процентін табу үшін:....

Проценті бойынша санды табу үшін...

Құндылықтарды дарыту

Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады.

Пәнаралық байланыстар

Процентке байланысты білім, білік және дағдылары химия, экономика пәндерін оқу барысында қажетті, өмірде қолдануда практикалық маңызды болып табылады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Шамалардың қатынасын, үлес, жүзден бір бөлігі, процент ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • оқушылардың назарын жинақтау;
  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.
  • оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Презентация

Сабақтың ортасы

12 мин

25 мин

ІІ. Білімді өзектендіру. Мұғалім оқушыларға келесі сілтемемен өтіп, қайталауға 4 тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар тапсырмаларды өз беттерімен орындайды және өзін-өзі тексеру жасайды. Сілтеме ашылмаған жағдайда алдын-ала оқушыларға қосымша 1 тапсырмаларын қағазға шығарып алып, таратып беріңіз.

  • Ондық бөлшектерге сәйкес проценттерді жазыңыз.
  • Бүтіннің қандай бөлігі үлкен?
  • А) Зауыт күніне 75 машина шығарады. Олардың алпыс проценті қызыл түсті. Зауыт күніне неше қызыл машина шығарған?

Б) Бақта барлық ағаштардың 20% -ін құрайтын 120 алма ағашы өсіп тұр. Бақта неше ағаш өсіп тұр?

  • А) Бір айдың ішінде дүкенде 360 ұялы телефон сатылды. Оның 234-і Nokia фирмасынан. Осы айда Nokia фирмасы телефондарының сатылымдық проценті қандай болды?

Б) Көшетханада өсіп тұрған 90 түп жидектің 36-сы таңқурай. Қалған түрлері жидектің неше процентін құрайды?

Бағалау критериі: 1 немесе 2 есептің біреуін дұрыс шығару және 3 немесе 4 есептердің А) немесе Б) пунктерінің біреуін дұрыс орындау.

ІІІ. «Интелектуалдық ойын»

Топтарға түсті стикерлардың көмегімен бөлу. Әр топ кезегімен тапсырма таңдайды және таңдаған тапсырмаларын орындайды. Егер жауап қате болса, онда басқа топ өз жауабын береді.

  • Бірінші сан екінші санның 80% -ін құрайды. Екінші сан бірінші санның неше процентін құрайды? Жауабы: 125%
  • Егер квадраттың қабырғасын 30%-ке арттырсақ, онда оның ауданы неше процентке артады? Жауабы: 69%
  • Құрамында 70% суы бар алма кептіру барысында өз салмағының 60%-ін жоғалтады. Кептірілген алмада неше процент су бар? Жауабы: 25 %
  • Жаңа саңырауқұлақ құрамында 90%, ал кепкен саңырауқұлақта 12% ылғалдылық бар. 13,2 кг жаңа саңырауқұлақтан неше кепкен саңырауқұлақ алынады? Жауабы: 1,5 кг.
  • Концентрациясы 15% ерітінді алу үшін 300г тұзды қанша литр сумен араластыру керек? Жауабы: 2 л.
  • Концентрациясы 30% массасы 200г қант ерітіндісіне 100 г таза су құйды. Соңғы ерітіндідегі қант концентрациясы неше процентті құрайды?

Жауабы: 20%

  • Концентрациясы 15% массасы 600 г тұзды ерітіндіге, концентрациясы 50% массасы 240 г тұзды ерітіндіні араластырды. Алынған жаңа ерітіндідегі тұз неше процентті құрайды? Жауабы: 25%
  • Тауардың бағасын алғашында 20%-ке төмендетті, сосын жаңа бағаны 25%-ке тағы да төмендетті. Тауардың бастапқы бағасы неше процентке төмендеді? Жауабы: 40%
  • Санды 25%-ке арттырды. Бастапқы санды қайтып алу үшін, алынған санды неше процентке төмендету керек? Жауабы: 20%
  • Кітапханада 9450 кітап бар. Балаларға арналған кітаптар 30%-ті құрайды. Кітапханада балаларға арналған қанша кітап болды? Жауабы: 2835.
  • Тауардың бағасы 1200 теңге. Тауардың бағасын 25%-ке арттырғаннан кейін, жаңа баға қанша теңгені құрайды? Жауабы: 1500.
  • Кітапханадағы барлық кітаптың 15%-і сөздікті құрайды. Егер кітапханада 600 сөздік кітап бар болған болса, барлығы неше кітап болған?

Жауабы: 4000.

  • Тәтті сусын дайындау үшін 3 кг алма мен 7 кг қара өрікті араластырды. Қара өрік неше процентті құрайды? Жауабы: 70%
  • Сенбілікке 160 адам шықты. Жолды жөндеуге барлық адамның 25%-і қатысты, ал қалғаны ағаш отырғызды. Қанша адам ағаш отырғызды?

Жауабы 120.

  • 300 тенгені құрайтын театр билетінің бағасын 12%-ке көтерді. Билет құны неше теңгеге көтерілді? Жауабы: 36.

Мұғалім дайын жауаптардың көмегімен оқушылардың жұмыс барысын қадағалайды және бағалайды

Ноутбуктер

http://matematika-na.ru/5class/mat_5_32.php

Қосымша №1

Презентация

Қосымша №2

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Үй тапсырмасы.

(қосымша 3, есептер)

Стикерлар

Қосымша 3

Саралау

Саралау оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу материалын және ресурстарды (көптеген түрлері Гарднер теориясы интеллекті) іріктеу жеке қолдау, оқушыны қамтамасыз ету, жұмыс орындарын іріктеу, нақты оқушыға күтілетін нәтиже көрсетілген болады.Саралау арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға екінші деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады

Бағалау

Осы бөлімді оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай бағалауды қолданғаныңызды және пайдаланылған әдістерді жазу үшін қолданыңыз.

Оқушылардың өзіндік бағалануы. Мұғалімнің сабақ бойы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау – формативтік бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Денсаулық сақтау технологиясы. Осы сабақта техника қауіпсіздігі ережесін қолдану пункті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылар проблемалық жағдай туғызу арқылы сабақ мақсатын және оқу мақсатын ашты. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Барлық оқушының өзін толғандырған сұрақты талдап және түсінуге мүмкіндігі болды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Оқушылар бастапқыда практикалық тапрсырмалар орындады, сосын тапсырмаларды өз беттерімен орындады.

Мұғалім тарапынан саралауға сәйкес сұрақтар қойылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Бұл бөлімді сабақ бойынша өз пікіріңізді жазуға пайдаланыңыз. Сол жоқ бағандағы өз сабағыңыз туралы негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың нақты, қол жеткізуге мақсаттары, оқушыға түсінікті тұжырымдалған анық тілдік алдын-ала жоспарлау оқыту нәтижелері болып табылады.

Бұл сабақта орындалған тапсырмалар оқушыларды салыстыруға, себептері мен салдары іздеуге, сол арқылы ғылыми-зерттеу дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға үйренеді.

Бұл сабақтың жақсы сәттері оқушыларды сабақта белсенді жұмысы үшін мадақтау маңызды - бұл сыртқы ынталандыру негізгі жақтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ келешектегі жұмысын жоспарлауда оқушыларға көмектесу - кеңестер, ескертулер, ұсыныстар болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу