Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану. Мәтінді есептер. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жай бөлшектер

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембиева Ш.Г.

Сынып: 5

Сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жай бөлшектерге амалдар қолдану.

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану. Мәтінді есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.21 жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;

5.1.2.23 жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

 5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару ;

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);

5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау ;

5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау ;

 5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау ;

5.5.1.5 бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару ;

 Сабақ мақсаттары:

Аралас сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының мәндерін табу.

Бөлшектерге амалдар қолдану арқылы мәтінді есептерді шығару.

 Бағалау критерийлері

Оқушы: 

  • бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмдерін қолданады;
  • бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолданады;
  • өрнектердің мәндерін табады.
  • ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмдерін қолданады;
  • ондық бөлшектерге амалдар қолданады;
  • өрнектердің мәндерін табады.

 Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша лексика және терминология

  • бүтін бөлік, бөлшек бөлік;
  • ондық бөлшек;
  • үтірмен бөлінетін таңбалар саны;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • жай бөлшектерді қосу /азайту/ үшін...
  • - жай бөлшектерді қөбейту және бөлу үшін...
  • бұл есепті .... қолданып шешемін
  • ондық бөлшектерді қосу /азайту/ үшін... -ондық бөлшектерді қөбейту және бөлу үшін...

 Құндылықтарды

  дарыту

Бұл сабақ барысында оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасау арқылы диалогтік әдіс жүзеге асырылды. Қалыптастырушы бағалау кезіндегі кері байланыс барысында өзара жұптық әрекеттерін дамытады. Еркін түрде білімнің қалыптасуы кезінде тілдік терминология дағдысы да басымдылыққа ие болды.

 Пәнаралық

  байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация және ActivInspire- мен жұмыс

Бастапқы білім

Жай бөлшектің негізгі қасиеті, жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіру, дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру, ондық бөлшектерді салыстыру, ондық бөлшектерді дөңгелектеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру сәті

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді

ІІ. Ой қозғау

Оқушылармен бірге қайталау:

Бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың 1-ден өзге ортақ бөлгішіне бөлуді бөлшекті қысқарту деп атайды.

Бөлшектер оның алымы мен бөлімі өзара жай сандар болғанға дейін қысқартылады, яғни қысқартылмайтын бөлшекке келгенге дейін.

Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алымына жазу керек, бөлімдерін көбейтіп, бөліміне жазу керек

Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алымына жазып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек

Көбейтіндісі 1-ге тең екі санды өзара кері сандар деп атайды.

Аралас санға кері санды табу үшін оны бұрыс бөлшекке айналдырып, сол бұрыс бөлшекке кері санды табу керек.

Жай бөлшекті (натурал санды) жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек

Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5 сандары ғана болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Кез келген жай бөлшек ондық бөлшек түрінде жазыла бермейді. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін оның бөлімін 10, 100, 1000 және т.с.с. сандардың біріне келтіру керек.

Ондық бөлшектің соңына бірнеше нөлді тіркеп жазғаннан ондық бөлшектің мәні өзгермейді және координаталық сәуледе бұл ондық бөлшектер бір нүктеде орналасады. Мысалы, 0,6 және 0,60 ондық бөлшектері өзара тең.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту кезінде көбейтіндідегі үтірден кейінгі цифрлар саны берілген ондық көбейткіштегі үтірден кейінгі цифрларының санына тең болады.

Амалдарды орындау кезінде қосудың ауыстырымдылық қасиетіне назар аударыңыз, себебі 41,87 көбейтіндісінің мәнін табу кезінде, амалды «баған»-мен орындап, 1,874 есептеген оңайырақ болады.

Оқушылардың назарын үтірді ауыстыру бағытына (солға немесе оңға) аударып, оны санды бірнеше рет ұлғайту немесе азайтумен байланыстыру.

Сабақтың ортасы

Оқушылармен бірге жай бөлшектің негізгі қасиетін қайталаңыздар:

егер бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейтсек немесе бөлсек, онда бастапқы бөлшекке тең бөлшек шығады.

Жай бөлшектің негізгі қасиетіне есептер.

1. Теңдік дұрыс болу үшін сұрақ белгісінің орнында қандай сан тұру керек?

А) ; В) ; С) ; D) ;

2. x-ң қандай мәндерінде теңдіктер орындалады?

А) ; В) ; С) ; D) ;

Жауаптары: 1. А) ; В) ; С) ; D) ;

2. А) 19; В) ; С) ; D) .

Бағалау критерийлері. Оқушы:

  • жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданады.

Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмін қайталаңыздар.

+

-

1) аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек

2) бүтін бөліктерінің және бөлшек бөліктерінің қосындысын жеке-жеке тауып, нәтижесін аралас сан түрінде жазу керек (егер аралас санның бөлшек бөлігі бұрыс бөлшек болса, онда бүтін бөлігін бөліп алып, оны бүтін бөлікке қосу керек).

2) егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен болса, онда бүтін бөлігінен бүтін бөлігін, бөлшек бөлігінен бөлшек бөлігін азайтқаннан соң нәтижелерін қосу керек;

3) егер азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса, онда азайғышты бүтін бөлігі бірге кем, ал бөлшек бөлігінің алымы бастапқы берілген бөлшектің алымы мен бөлімінің қосындысынан тұратын, бөлімі өзгеріссіз қалған аралас санмен алмастырып, содан соң азайтуды орындау керек.

×

÷

Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке көбейту ережесі бойынша оларды көбейту керек.

1) аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек;

2) бірінші бөлшекті екінші бөлшектің кері санына көбейту керек

3) шыққан бөлшектерді қысқарту керек;

4) егер бұрыс бөлшек шықса, онда бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазу керек.

Тапсырмалар.

Амалдарды орындау:

А) ;

В) ;

С) ;

D) ;

Е) Ортадағы санды шеңберлердегі сандарға бөліп, жауаптарын өсу ретімен орналастыр.

Жауаптары: А) ; В) 35; С) ; D) ; Е) .

Бағалау критерийлері. Оқушы:

  • бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмдерін қолданады;
  • бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолданады;
  • өрнектердің мәндерін табады.

Есептер.

1. С нүктесі кесіндісінің бойында жатыр. м, ал одан м-ге артық болса, AC және кесінділерінің ұзындықтарын анықта.

2. A, B, C нүктелерінің координаталарын қолданып мәнін тап.

3. Қоймаға үш күнде кг астық жиналды. Бірінші және екінші күндері кг, ал екінші және үшінші күндері кг астық жиналды. Екінші күні неше килограмм астық жиналды?

4. Туристер автобуста км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Асфальт жолмен олар барлық жолдың бөлігін жүріп өтті, ал тасты жолмен – қалған бөлікті жүрді. Тасты жолмен жүріп өткен жолдың ұзындығын тап.

5. х-тің қандай ең үлкен натурал мәнінде теңсіздік дұрыс болады?

Жауаптары: 1. , ;

2. ; 3. кг; 4. 47 км; 5. 7;

Бағалау критерийлері. Оқушы: 

  • бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану арқылы мәтінді есептерді шығарады.

Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмін қайталаңыздар.

+

-

ондық бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру қажет;

бірдей разрядтарды бірінің астына бірі тұратындай етіп, баған түрінде жазу керек;

разрядтар бойынша қосу (азайту) керек;

шыққан нәтижедегі үтірді берілген бөлшектердегі үтірлердің астына келтіріп қою керек.

×

÷

  • үтірді ескермей, сандарды көбейту керек;
  • көбейткіштерде үтірден кейін қанша цифр болса, көбейтіндінің мәнінде сонша цифрды оң жақтан үтірмен айыру керек.
  • бөлгіште үтірден кейін неше цифр болса, бөлінгіштегі үтірді де, бөлгіштегі үтірді де сонша цифрға оңға қарай жылжытамыз;
  • әрі қарай ондық бөлшекке бөлу натурал санға бөлу сияқты орындалады.

Тапсырмалар.

1. A+B, B-D, C+D, A-D+B мәндерін табыңдар.

А

В

С

D

8,23

5,09

8,023

5,009

2. AB, B/D, CD, AD/B мәндерін табыңдар.

А

В

С

D

7,63

2,0015

7,063

4,003

3. «?» таңбасы тұрған жрдегі мәнді табыңдар.

4. 3,8 • 0,75 = А • 9,4 = В өрнегінде А және В мәндері қандай?

5. Әр шеңбердегі сандардың көбейтіндісі 1-ге тең. А және В мәндерін тап

6. Егер өрнегінің мәнін тап.

Жауаптары:

1. A+B=13,32, B- D =0,081, C+D=13,032, A-D+B =8,311;

2. AB=15,271445, B/D=0,5, CD=28,273189, AD/B=15,26;

3. 10,367;

4. А=2,85, B=26,79;

5. А=100, B=10;

6. 44,5125.

Бағалау критерийлері. Оқушы:

  • ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмдерін қолданады;
  • ондық бөлшектерге амалдар қолданады;
  • өрнектердің мәндерін табады.

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар біздің мақсатымыз қалай еді?

-Мақсатымызға жеттік пе?

- қойылған тапсырманы қаншалықты орындағандарыңды бағадаңдар, яғни өздеріңнің жұмыстарыңды қай деңгейге жатқызасыздар?

Рефлексия:

Не білдім Не түсініксіз болып қалды

Қандай мақсаттармен жұмыс жасауым керек

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу