Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1Сбөлім:Жай бөлшектер. Сабақ -4

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова Н.А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектің негізгі қасиеті.

Сабақтың түрі

 Жаңа материалды бекіту сабағы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

5.1.2.15 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар жай бөлшектерді қысқартып, жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар мақсатына жетеді, егер:

  • бөлшекті дұрыс қысқартса;
  • бөлшекті дұрыс ортақ бөлімге келтіре алса.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады;

- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес;
  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

 Өзарасыйластыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Ән-күй сабағында жай бөлшектерді, ноталардың ұзақтығында қолданады.

 АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz.сайтымен жұмыс жасау, презентациямен жұмыс жасау

Бастапқы білім

Натурал сандар ұғымын меңгереді және натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолданады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

I. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды. Өзара сыйластық, ашықтық құндылығын дамыту.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут

 Ауызша есептеу.

Презентация. Слайдтар № 3.

Оқушылар бөлшектердің теңдігін сурет бойынша, кейінен бөлшектің қасиеті бойынша түсіндіреді.

Бұл этапта оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, бірін бірі сыйлау дағдылары дамытылады.

Үй тапсырмасын тексеру

Презентация бойынша тексеру (Слайд № 5)

Оқушылардың өз жауаптарын негіздеп , түсіндіргені маңызды, неліктен олай ойлайды.Әсіресе 4)мысалда:

Тексеру диктанты. Қалыптастырушы бағалау.

Слайд № 6 – 7.

Презентация арқылы оқушылар өздерін тексереді.

Әрбір дұрыс жауапқа бір балдан беріледі.

(Слайд № 7 – 8)

Кері байланыс

Топтық жұмыс.

Оқушылардың тапсырманы орындағанына қарай сыныпты «өте жақсы», «жақсы», «орташа» үш топқа бөлеміз. Барлық топтар Bilimland.kz сайтында жұмыс істейді.

http://bilimland.kz/ru/home#lesson=11537 – 4 және 5 тапсырмалар.

Мұғалім әр оқушының ЖАДА анықтап, керек көмекті көрсетеді.

Бұл этапта оқушылар өмір бойы оқу құндылықтарын дамытады.

Мұғалім сұрағы:

  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңдар ма?
  • Қандай қиындық туындады?
  • Қиын есептің шешімі қалай табылды?

Жаңа тақырыпты бекіту

Тақырыпты қайталау тапсырмасынан бастаған тиімді. Слайдтар № 10 – 11 оқушылар ауызша орындайды.

Слайд № 12.

Бұл этапта оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету, өздігінен ақпарат жинау құндылықтарын дарытады.

Мұғалім бөлшектерді қысқарту ұғымын береді.

Слайд № 12.

Үй тапсырмасы Слайд № 13

Келесі бөлшектерді өсу ретімен орналастырыңдар:

Презентация

http://worksheets.tutorvista.com/mixed-numbers-worksheets.html

Математика. Арифметика. Геометрия. 5 класс: учеб.дляобщеобр. организаций. Бунимович Е.А., Дорофеев Г.В., 2014.

FreeMathWorksheets @

http://bilimland.kz/ru/home#lesson=11537

Қосымша:

https://www.ixl.com/math/grade-5/graph-and-compare-fractions-on-number-lines

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- кім біледі, неге үйрендік

- не түсініксіз болды

- әлі немен жұмыс жасау керек

Оқушылар өзінің және сыныптастарының, жұмыстарын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Баяу орындайтын оқушылар мұғалімнен консультация алады немесе жақсы оқитын оқушылардан көмек алады

Негізгі баға оқушылардың белсенділігін байқау және тапсырмаларды орындағанда жетістіктеріне қарап қойылады

Дұрыс отыруларын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу