Жай бөлшектер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Математика

Мектеп:

Күні:

Сабақ реті

Мұғалім:

Сынып: Сабақ саны:

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ___

Сабақ тақырыбы:

Жай бөлшектер

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

4.1.1.1 бөлшектің пайда болуын түсіну (бүтін санның бөлігі ретінде, екі санның бөліндісі ретінде) / аралас санды бүтін және бөлшектің қосындысы түрінде түсіну

 Сабақ мақсаты:

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Бағалау

критерийлері:

Жай бөлшектерді қосады;

Жай бөлшектерді азайту.

Тілдік мақсаттар

Бөлшек, салыстыру, алымы, бөлімі, жай бөлшектер, пайда болуы.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар бойында құрмет, ынтымақтастық, еңбекқорлық, жалпыадамзаттық жауапкершілікті дарыту

Пәнаралық байланыс

дүниетану, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Жай бөлшек

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Өткенді бекіту

Қайсысы артық?

3/9 және 8/9.

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстыруға болады?

Қайсысы артық?

4/5 және 4/9

Алымдары бірдей бөлшектерді қалай салыстыруға болады?

Заңдылықты тауып, келесі екі бөлшекті жазыңыз.

Оқушылар бөлшектерді дәптерлеріне жазып, тексереді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.

Бағалау критерийлерін құрастыру.

Презентация

Үлестірмелі материал

3-10 мин

25 мин

Жаңа сабақ

Оқушыларға қағаздан қиып алынған дөңгелектер беріледі.

Дөңгелек 8 бірдей бөліктерге бөлінген. Оның 3/8 көк түспен, 2/8 қызыл түспен бояңыз. Дөңгелектің қандай бөлігі боялған? Осы екі бөлшекті қалай қосуға болады?

Сұрақ:

Екі бірдей бөлімі бар бөлшектерді қалай қосуға болады?

Ереже:

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін, олардың алымдарын қосып, бөлімнің өзін қалдыру керек.

Амалдарды орында.

Ал, осындай екі бөлшекті қалай азайтуға болады?

Ереже 2: Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

Топтық жұмыс.

1 топ: Қызанақтың салмағы 3/10 кг, ал қиярдың салмағы 4/10 кг. Көкністердің жалпы салмағы қандай?

2 топ: Қызанақ бақшаның 6/17 бөлігін, ал қияр 5/17 бөлігін алады. Көкөністер бақшаның қанша бөлігін алады?

Қай көкөніс бақшаның үлкен бөлігін алады?

3 топ: Бөшкенің 7/9 бөлігі балмен толтырылған. Оның 5/9 бөлігін аю кешкі тамақта жеп қойды. Бөшкенің қандай бөлігінде бал қалды?

4 топ: Турист үш күнде 11/12 жолды өтті. Бірінші күні ол жолдың 4/12 өтті, екінші күні 3/12 өтті. Турист үшінші күні жолдың қанша бөлігін өтті?

Топтар жұмыстарын ортаға шығып қорғайды. Әр топ жұмысын қорғап болған соң, тақтаға есептің шешуі шығарылады.

Топтар бір біріне кері байланыс береді.

2 мин

3 мин

Рефлексия:

«Ашық микрофон»

Оқушылар сабақта өткен тақырып бойынша өз ойларын айтады.

Не түсіндің?

Не білдің?

Қосымша мәлімет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өтілген сабақтарды дұрыс игермеген оқушыларды қолдау. Қиындықтар туып жатқан оқушыларға үлестірмелі материалдар беріп, ал тапсырмаларды жеңілдікпен шығарып отырған оқушыларға күрделірек тапсырмаларды беру

Көп таңбалы сандар разрядын метрикалық шамаларға қатысты амалды орындайды, тиісті өлшемге ауыстырады

Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу