Қайталау. Ондық бөлшектер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Қостанай қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
|
| |||||
|
|
| ||||
| Қайталау. Ондық бөлшектер | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру; 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау; 5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: ондық бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін біледі Пәнге қатысты лексика мен терминология Бөлшектерді қосу, азайту, көбейту ,бөлу ережелерін біледі және салыстырады. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілікке, тез ойлауға, тазалыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу | |||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар. | |||||
Бастапқы білім | Натурал сандарға амалдар қолдану | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар өздерін өзі, жауаптарын айтып отырып тексереді. Оқушыларға бүгінгі қайталау сабағының тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлрін презентация бойынша таныстырады. Өткен тақырыптан қайталау сұрақтары: С-1: Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз? С-2: Ондық бөлшектерді қалай қосамыз? С-3: Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз? С-4: Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз? С-5: Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз? | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы 4 – 15 мин
| Қайталау сұрақтары арқылы ережелерді қайталай отырып, презентацияда берілген мысалдармен пысықтайды. Ондық бөлшектерді салыстыру үшін қажет: 1)олардың бүтін бөлігін салыстыру керек Егер бүтін бөліктері тең болса, онда ондық үлестерін салыстыру, содан соң жүздік т.с.с. Мысалы: Салыстыр: 256,792 және 256,793. Бүтін бөліктері тең , ондық, жүздік үлестері тең. Ал сол жақ бөліктің мыңдық үлесі кіші, ендеше сол жағы кіші. 256,792< 256,793. 2) Ондық бөлшектерді қосу және азайту үшін үтірді үтірдің астына қойып, натурал сандарды қосу ережелері сияқты орындаймыз. Шыққан нәтижеде де үтірді үтірдің тұсынан айырамыз.
Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу үшін оқушылармен ережелерді еске түсіреді ,(25 , 29, 30 слайдтар) презентацияда мысалмен тиянақтайды. Ондық бөлшектерді бөлу үшін бөлгішті натурал санға айналдырып, бөлуді орындаймыз . Бөліндіде үтірді бүтін бөлігі бөлінген соң қоямыз. Өзіңді тексер: Ондық бөлшекті жазыңдар : а) ноль бүтін оннан жеті; б) он бүтін жүзден жиырма үш; в) екі бүтін жүзден үш; г) ноль бүтін мыңнан жүз қырық бес д) екі бүтін мыңнан тоқсан алты Ауызша есептеу: а) Салыстыр б) Ондық бөлшектерді қосу в) Ондық бөлшектерді азайту с) Көбейтуді орындау д) Бөлуді орындау Эстафеталық тапсырмалар. Оқушылар топтарда кезек- кезек тез шапшаң жауап беріп жарысады. Содан соң жазбаша эстафеталық тапсырмалар. | Презентация | ||||
16 – 17 мин | Электронды сергіту сәті | Презентация | ||||
18 – 29 мин | Жұптық жұмыс. А деңгей. Есептеңіз: (37,414,3 + 1,32,6)4. В деңгей. Теңдеуді шешіңіз: 3,6 х + 0,4(7 – х) = 15,6. С деңгей. Есептеңіз: . | Қосымша 1. | ||||
230 – 37 мин | Жеке жұмыс http://ext.spb.ru/2011-03-29-09-03-14/95-maths/1777-2012-11-06-07-28-1 Сайты бойынша жеке тапсырмалар орындау, жауабын өзара тексеру | Ресурс | ||||
38 – 40 мин | Үй тапсырмасы: 1. Теңдеуді шешіңіз: 1,5 х – 1,15 = 1,1. 2. Есептеңіз: 1) (37,414,3 + 1,32,6)4. 2) . Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Өз көңіл күйлерін әр түрлі смайликтер арқылы көрсету.
| Презентация Қосымша 2 | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды, өзара көмек беріледі. Жеке тапсырманы өз беттерімен орындайды. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жұптық, жеке жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?